Просмотр содержимого документа
«Логикалық ойындар»
Бүгінгі күн талабы – баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.
Логикалық ойлаудың дамуы- баланы жан-жақты дамуының басты міндеті.
Ойлау - адамның таным әрекетінің жоғарғы деңгейі, жаңа ашылулар мен ізденістер үрдісі. Логикалық ойлау ретінде баланың өздігінен қарапайым логикалық іс-әрекеттері (анализ,синтез,салыстыру т.б), қосымша логикалық операциялар (жоққа шығару, дұрыс және бұрыс пайымдаулар т.б) орындалуы қарастырылады.
«Дәл осындай пішінді тап»
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру, логикалық ойлауын дамыту. Ойынның құрал-жабдықтары: геометриялық пішіндер, арнайы тақта. Ойынның мазмұны: балалар берілген пішіндерден белгілі бір геометриялық фигураны құрастырады, ол бірнеше бөліктерден тұрады.
«Үйдің есігін жабайық»
Ойынның мақсаты : заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Логикалық ойлау қабілеті дамыту. Ойынның құрал-жабдықтары: үйшік ойыншығы, кілттер жиынтығы. Ойынның мазмұны: үйшікке пішіндеріне сәйкес кіллтер мен суретті фигураларды орналастыру.
«Үй құрастыр»
Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту. Құрал-жабдықтары: бойынша түрлі-түсті таяқшалар, үй суретінің үлгісі. Мазмұны: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға таяқшаларды тарату. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.
«Бет орамалға лайық жамауларды табу» Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша қағаздан жасалған бет орамалдардың үлгісі, әртүрлі пішіндер. Мазмұны: Балаларға бет орамалдардың үлгісін таратып беру. Алдарындағы пішіндердің ішінен әр орамалға лайық жамауды табуды ұсыну.
«Карточкаға қандай сан жазылған?» Көрнекілік: Суретті карточкалар. Барысы: 1 вариант: Тәрбиеші карточканы төмен қаратып қолына ұстап тұрады да, балаларға былай дейді: «Карточкада екі сан» бейнеленген. Егер оларды қоссақ 5 болады. Карточкада қай сандар бейнеленген? «Балалар түрліше жауап береді». Балалардың біреуі карточкада жазылған сандарды атаған кезде тәрбиеші карточканы топқа көрсетеді. 2 вариант: «Егер бестен біреуін кемітсендер, сендер менің қолымдағы санды табасындар». Балалар бұл санды атайды. Жауабын бірнеше баладан сұрау керек. Тәрбиеші сандық карточканы балаларға алдын ала көрсетеді. Бірінші болып дұрыс жауап берген бала ұтып шығады.
Логикалық ойлауды дамыту үшін - білім беру мамандарының, ата-аналар мен балалардың мақсатты, жүйелі жұмысы қажет.