№ 1
Қазағым,өнер ізден,ұрлық-қорлық,
Қыласың бір-біріңе неге озбырлық?
Болғаннан алты ауызды ынтымақсыз
Басыңа келген жоқ па талай қорлық?
Өлең шумағы қай ақынмен үндес?Ойыңды дәлелде.
№ 2
Өтірік өрттей лаулап жанып жатыр,
Ессіз жұрт көбелектей барып жатыр.
Бірін-торғай,бірін-бөдене қып
Өзі мен өзін жаулап алып жатыр.
Өлең шумағындағы көркемдегіш тәсілдерге анықтама бер.
№ 3
Жасымда қойылған ат Адам Жүсіп,
Жұрт еткен сүйгенінен Мәшһүр Жүсіп.
Қолыма қағаз,қалам алған шақта,
Кетемін қара сөзге желдей есіп.
Өлең шумағындағы көркемдегіш тәсілдерге сипаттама бер.
№ 4
Өзінің малын күтіп баға алмайды,
Бір тиын қолдан келсе таба алмайды.
Бір саңылау оймен іздеп табары жоқ,
Біреудің айтқан тілін тағы алмайды.
Үзіндідегі ақынның айтар ойын қалай түсінесің?
№ 5
Қиындық мұндай патша көрмеген-ді,
Қылышын,қысылған соң сермеген-ді.
Ажалды өліп қалды қылыш тиіп,
Ажалсыз патша мұңлық өлмеген-ді.
Өлең шумағына әдеби-теориялық талдау жаса .
№ 6
Гүлшат сынды қара көз,
Қалам қасты,нұрлы жүз.
Ақ бетіне пар келмес
Сарт тоқыған аппақ бөз.
Ұзын бойлы ,қыпша бел,
Түзу,таза бір мін жоқ,
Шыны айнаның көзіндей...
Өлең шумағындағы әдеби-теориялық ұғымдарға түсінік бер.
№ 7
Бұлттай жауатұғын менің өзім,
Көкірегім-қан,жаспен толған көзім.
Жаңбырдың рақмет тамшысындай,
Ғаламға дастан қылып айтқан сөзім.
Өлең шумағындағы көркемдегіш құралдарды тап.
№ 8
Өлең атауы
«Шайтанның саудасы»
Әдебиет тегі
Жанр түрі
Бунақ,буын
Ұйқас
Көтерілген мәселесі
Идеясы
Өлеңнің тәрбиелік мәні
Сөз қылып жаза бердім жоқтан-бардан,
Далаға от жақтырдым,қалап қардан.
Бір нақыл,жұртқа таңсық,жәдігер сөз,
Хазірет Ғайса рухолла пайғамбардан.
№ 9
Өлең атауы
Әдебиет тегі
«Ғибратнама»
Жанр түрі
Бунақ,буын
Ұйқас
Көтерілген мәселесі
Идеясы
Өлеңнің тәрбиелік мәні
Болдым ғой өнерімді тауысқандай,
Мерт болдым айға шауып арыстандай.
Сұңқардай биік шыңды мекен қылмай,
Шықылдап көзге түстім сауысқандай.
Баламалы тест
«Иә» немесе «жоқ» деген жауаптар арқылы орындалады.Оқушылар «иә» деген жауапқа жасыл, ал «жоқ « деген жауапқа сары парақты көтереді.
1.Шортанбай Қанайұлы Түркістан жерінде дүниеге келді ме?
2.Ол Ахмет Риза медресесінде білім алды ма?
3. «Зар заман» шығармасын Шортанбай Қанайұлы жазды ма?
4.Ол ағартушылық-демократтық бағыттың өкілі ме?
5.Заман,қоғам мәселесі ақын туындыларының негізгі арқауы ма?
6. Шортанбай Қанайұлы айтыс ақыны ма?