СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мақала. Тәжірибедегі өзгеріс

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері үшін Назарбаев интеллектуалдық мектебі мен ағылшындық Кэмбридж университеті бірігіп жасаған  жоба барысында ұйымдастырылған біліктілікті көтеру курсын бітіргелі, көкейімде  сан мыңдаған сұрақтар жүрді. Олай дейтінім, Бағдарламаның нәтижесі қандай болады? деген қызығушылық сезімім оянған болатын. Өзгеріс – өткінші оқиға емес, ол уақытты керек етеді деген ойға келдім. 

Просмотр содержимого документа
«Мақала. Тәжірибедегі өзгеріс»


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі - К. М. Жунусов


Тәжірибемдегі өзгеріс


Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері үшін Назарбаев интеллектуалдық мектебі мен ағылшындық Кэмбридж университеті бірігіп жасаған жоба барысында ұйымдастырылған біліктілікті көтеру курсын бітіргелі, көкейімде сан мыңдаған сұрақтар жүрді. Олай дейтінім, Бағдарламаның нәтижесі қандай болады? деген қызығушылық сезімім оянған болатын. Өзгеріс – өткінші оқиға емес, ол уақытты керек етеді деген ойға келдім.

Өзімнің әр сабағымда белсенді ынталандыратын оқыту әдісін жетілдіруге, оқушыларға дамытушы сұрақтар қоямын. Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет етуде, қарым-қатынас жасауда, оқушылар (мұғалімі де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігер жұмсап, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылды. Мен осы уақытқа дейін сұрақ қоюды «бастама-жауап-кейінгі әрекет» нысаны бойынша ұйымдастырып келгем. Қазір таңда, сұрақтарды қолдануға қатысты түсінігім өзгерді. Мен үнемі сұрақ қою техникаларын пайдаландым. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі, білім алуын қолдау үшін сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет етуді кеңінен қолданамын. Сұрақ қою және оған жауап беру, бұл диалогтік оқыту тәсіліне жатады. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: диалогтік оқыту, менің барлық сабағымда басынан аяғына дейін көрініс табады. Яғни сабақ басында ұйымдастырудың өзі мұғалім-оқушы арасында диалог, сабақтың соңына дейін диалогтік оқыту жүзеге асып отырды деп санаймын. Дұрыс сұрақ қою балаларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді. Сұрақ қою техникасының мүмкіндіктері жоғары, әрі қойлған сұрақтарды саралау, талдауда бірден мұғалім мен оқушыға нәтижесін байқатады. Себебі, сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте аламыз.

Оқушыларды тақырып бойынша сөйлеуге үйрету, білімге құштарлықты дамыту, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі. Тәжірибеде сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгіме де сабақтар топтамасында көрініс табады. Мен өз тәжірибемде жұптық әңгімені ұйымдастыру арқылы кез келген сабақты бастамас бұрын оқушылармен идеяларды тақырыпқа байланысты талқылап және өз тарапынан оқушылардың айтқан идеяларына қызығушылық таныта аламын. Менің ойымша оқушы осындай жұптық әрекетте, жаңа тақырыпты өздігінен түсінуде өзара әректтестіктің, жұптық әңгіменің маңызы өте зор.

Кез келген мұғалім балаға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Бірлескен оқуда талантты және дарынды балаларды оқыту үшін кеңейтілген тапсырмаларды қолдану өте маңызды деп ойлаймын. Осы мақсатта мен балаларға білім беруде жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасап келемін. Менің тәжірибемде бірлескен оқуды бақылау, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқуға байланысты жұмыс көлемі, орындалу деңгейі, енжар, белсенді оқушы, талантты және дарынды оқушының іс-әрекетін бақылап, бағалап отыруға көп септігін тигізеді. Талантты және дарынды оқушыларға кеңейтілген тапсырмаларды орындату арқылы жеті модульдің жүзеге асуын қадағалап, бақылауда көмегі зор. Сонымен қатар тәжірибемде байқағаным, қабілеті жоғары балалар өзгеше тапсырмаларды (логикалық, интелектуалдық) қажет етеді. Жұмыс кезінде ондай оқушы берілген тапсырманы өзінің достарынан әлдеқайда жылдам аяқтайды және жұмыста белсенділік көрсетеді. Олар тасырманы мұқият тыңдайды және қайталап сұрай бермейді, әрі кез-келген жұмысқа епті, икемді болады. Менің жоспарымда дарынды, таланты оқушыны анықтауда «Аналитикалық кесте» стратегиясын қолдануды көздеп отырмын. Себебі, бұл әдіс арқылы оқушымен зерттеу жұмысын жүргізгенде (жобалар), ауқымды, кеңейтілген тапсырмалар орындағанда тиімді.

Түсіну дәрежесін бағалау мақсаты әр мұғалімнің бағалауды қандай мақсатта және кім үшін, қалай бағалау керек екенін шыңайы, нақты білу түсінігіне негізделеді. Оқушының түсіну дәрежесін бағалау, оқушының не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін бақылау болып табылады. Сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. Балалардың алған біліміне сенімін арттыру үшін оларды өзін-өзі тексеріп, жасаған жұмыстарына баға беруді үйрету керек. Мен өз сабақтарымда формативтік (қалыптастырушы) бағалауды негізге ала отырып, балаларды ынталандыру, мадақтау, балалардың бірін-бірі, өзін-өзі бағалауы, бақылау, «еркін жазу» әдісі арқылы сияқты бағалау түрлерін қолданамын. Қазіргі заманда жеке тұлғаға келесі талаптар қойып отыр: креативтілік, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Өз сабақтарымда балаларды өзара бағалауға үйрету үшін алдымен белгілі бір уақытта өздігінен орындайтын тапсырма беремін. Өз жұмысын орындап, өзін-өзі тексеріп болғаннан кейін балаларды жұптастыру арқылы бірін-бірі тексертіп, бағалайды. Осы жерде балаларды ынталандыу үшін кері байланысты ауызша жүргізіп отырамын. Бағалау модулін жүзеге асырғанда, әр оқушы өзінің бағасын бағалау өлшемдеріне байланысты ескере отырып, білімдерін бағалайды.

Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану арқылы оқуды жақсартып, оқушылардың АКТ-да жұмыс жасай алуға қабілетті болды. Онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы білімдердің ықпалдасуын тәжірибедегі нәтиже деп бағалаймын. Мұғалім үшін де, оқушы үшін де ақпарат пен білімге қол жетімділікте, шығармашылық пен идеялар алмасуда АКТ рөлі ерекше.

Білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдер негізінде өткізілетін сабақтарымда өзгерістер байқалады. Олай дейтінім, дайын білім «дәстүрлі» әдіс арқылы бір-бірімен тиімді сіңісе, қиылыса, байланыса алмайды. Сол себепті де механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді, білімді оқушы оны өмірде ұштастыра, пайдалана алмайды. Ал, біз меңгеріп жатқан сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытуына, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етеді. Ол үшін мұғалімнің өзінің сындарлы білімі, оқытуы, жаңа инновациялық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді меңгерген, жаңа ғасырдың форматты мұғаліміне сай қасиеттері болуы қажет. Сонымен қатар, мұғалімде сенім болуы керек, сенім – оның көзқарасын, шешім қабылдауын және іс-әрекетін нығайтады. Мен де осындай сеніммен өткізетін сабақтарымның нәтижесі оң бағасын беруде. Себебі, бұрынғы «үнсіз» отырған оқушыларым білім беру мен білім алудағы жаңаша әдіс-тәсілдер негізі бойынша өткізілген сабақтар барысында белсенділік танытып, серіктестерімен ынтымақтаса сұхбатқа түсіп, ойларын еркін жеткізіп отырады. Тіпті, сабақ соңында толтырылған кері байланыс парақтарын да оқи отырып, оқушыларға білім беру мен білім алудың жаңаша әдіс-тәсілдері ұнайтынын, сабақтардың барылғы дерлік осылай өткенін қалайтынын, шағын топта жұмыс жасау дағдылары көңілдерінен шығатынын білдіреді. Бастапқыда біліктілікті арттыру курсы негізінде игерген теориялық білімімді, іс-тәжірибеммен ұштастырғанда қалай болады? Қандай нәтиже берер екен? деген сұрақтарымның жауабын тауып келемін. Өзімнің де сабақ топтамасын әзірлеуде машықтанғаным сезіледі. Бұл жоба баланың дамуына ықпал ететін және нәтижеге бағытталған сабақ деген не екенін санамызға тереңнен жеткізеді. Біріншіден, оқушының қызығушылығының артқанын байқаймын. «Қызығушылық болған жерде-білім болады» деген ойға келдім. Екіншіден, өз жұмысыма рефлективті талдау жасай отырып, сол сабағымда нені тиімді қолдандым, не сәтті өтті, қандай жұмыс түрі сәтсіздік тудырды, оларды болдырмау үшін келесі сабақта қандай қадамға бару керектігін сараптап, ой иелегінен өткіземін. Бұл жерде мен өз жұмысыма сыни тұрғыда қарауды үйрендім. Философ, психолог және оқу реформаторы Джон Дьию мен философ әрі индустриялық және технологиялық зерттеуші Дональд Шонның «Рефлексивтік практик» деген ұғымы менің тәжірибе барысындағы іс-әрекеттерімді түйсіне білуіме ықпал етеді. Алдағы уақытта білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды, еркін, жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни көзқарастары жүйелі дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін, нәтижелі білім беруге бағытталған сабақ үлгілерін жиі дамытамын. Бұл жаңаша оқу мен оқытудың әдіс-тәсілдерінің маған берері мол.