СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мастер класс "Мнемотехника әдісі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мастер класс на тему "Мнемотехника әдісі"

Просмотр содержимого документа
«Мастер класс "Мнемотехника әдісі"»

Шебер-сынып

Тәрбиеші: Сатымбаева А.К.


Балалардың тілін дамыту үшін табысты әдістер

Балалардың тілін дамытуда келесі кедергілердің бары ешкімге де құпия емес:
-сөздік қорының кемдігі;
-сөйлемдегі сөз тіркестерін дұрыс таба алмауы;
-дыбыстау кемшілігі;
-берілген тақырыпқа сюжеттік немесе сипаттау әңгіме құра алмауы;
-өз ойын дұрыс жеткізе алмауы.

Сондықтан баланың жалпы тілін дамытуда түрлі технологиялар, ойындар, әдіс-тәсілдер қолданамыз. Соның бірі- мнемотехника әдісі.

Мнемотехника - тіл дамытуда тиімді есте сақтау,оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр.

Ең бастысы – көрнекілік, тірек-сызба, бейнелеген суретіміз балаға түсінікті болуды жеткізу.
Мнемокесте қолданылған дамыту сабақтардың нәтижесінде, балалар сөйлем,әңгіме, ертегі, тақпақтарды,мақалдарды оңай құрастырып, жаттап алады.


Педагогтарға арналған іскерлік ойын
«Мнемотехника әдісін қолдану»

Педагогтар екі топқа бөлініп отырады.

Мақсаты: педагогтарды мнемокестелерді қолдана білуге үйрету.
Ойынның барысы:
1. Командаларға тақпақ оқылады.
Тақпақтың мазмұнына сай мнемокестелер жасап,оқып береді

Көбелек
Қанаттары әдемі,
Қызыл - жасыл көбелек.
Гүлге қонып қалыпты
Бір ғажайып керемет

Көңілді қыс!
Балалар шықты далаға,
Ойнап, күліп жүр енді.
Шаналармен озады,
Аққаланы соғады.

2. Әр команда алынған лексикалық тақырыпқа бірнеше сөйлемнен тұратын шағын әңгіме ойлап табады да оны жазып қояды. Содан соң мнемокесте құрастырады. Бұл кестені қарама - қарсы командаға оқытады.
1.«Аспазшы»
2. «Құрылысшы»


3. «Мнемокестелерді оқу». Дайын мнемокестелерді әр команда оқып ,сөйлем құрастырады. (кестемен жұмыс)

4. Мақал құрастыру.

Мақал құрастыруға берілген суреттер:

1)ата,ағаш,бала,жапырақ

2)бала,тіл,бал


Сонымен қатар,балалардың тіл байлығын жетілдіру,сөйлем құрастыру мақсатында Воскобович технологиясын қолданамыз.Бұл ойын кезінде балалар белсенділік танытады.

Тапсырмалар:

1.Суреттер коврограф бетінде екі қатарға орналастырылған.Осы суреттердің сәйкестігін анықтап,баулар арқылы қоса отырып сөйлеммен айтып беру (тауық -жұмыртқа,тоқылдақ -ағаш,жылқы -шөп, т.б)

2.Воскобович баулары мен коврографты қолданып,ертегіні әңгімелеп беру


Оқыту үрдісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды кеңінен еңгізу балаларға сапалы білім берудің басты шарты болып отыр. Ең басты мақсат: жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, балалардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, өз тілінде еркін сөйлеу дәрежесін көтеру.

Солардың бірі флипчартты пайдаланып өткізілетін ҰОӘ. Ақпараттық коммуникативтік технология (флипчарт) құралдарын қолданудағы мақсат: әр баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру, берілген тапсырманы орындай отырып, өз ойын ортаға салып дәлелдеу, ойлау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.

Тапсырмалар:

1.«Үй және дала құстарын айыру»,

2 .«Сурет кесінділерін дұрыс құрастыру»


Қорытындылай келе,біз мектепке дейінгі балалардың ойын, тілін дамыту және сөйлеу,есте сақтау қабілетін дамыту үшін ең замануи талапқа сай әдістерді пайдалануды ұсынамыз.