СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Менің достарым. Құндылық:дұрыс әрекет

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Конспект урока по самопознанию для учащихся 1 класса

Просмотр содержимого документа
«Менің достарым. Құндылық:дұрыс әрекет»

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: Новый орта мектебі

Күні: 14.12.18ж

Тақырыбы: Бір-бірімізге көмектесеміз

Құндылығы:. Сүйіспеншілік

Қасиеттері: достық, бауырмалдық, татулық.

Мұғалімі:Қасымхан Л.М.

Сыныбы: 1 В Оқушылардың саны: 25

Мақсаты: Оқушыларға көмек,көмектесу туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының  мәнін ашу.  .

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға көмек, көмектесу ұғымдарының мәнін ұғындыру арқылы, бауырмалдық қасиеті туралы түсінік беру.

2. Дамытушылық: оқушылардың бойындағы достық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: оқушыларды достыққа,бауырмалдыққа,татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

№14 – сабақ. «Көбелек жарақаттанбасын деп...» мәтінін үлкендердің көмегімен оқып келу.

Сұрақтар:

1. Зояның жасаған әрекеті дұрыс па?

2. Табиғатқа кездейсоқ нәрсе бар ма?

3. Сендер кімге көмектесер едіндер? Қалай?

4. Өздерін табиғатқа қалай көмектесесіндер?

5Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.

3. Сабақтың дәйексөзі.

(Бірінші ұл балалар қайталайды, кейін қыз балалар қайталап оқиды)

«Қайырымды іс жаса, қайырлы болар әр ісің»

1. Қайырымдылық деген не?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Піл мен маймыл

Бір орманда Піл мен Маймыл кездесіпті. Содан екеуі кезек-кезек мақтаныпты.

Дүниеде менен күшті ешкім жоқ! Мен ашулансам, қандайағаш болса да тамырымен жұлып аламын! – дейді Піл мақтанып.

Ағаштан-ағашқа мен сияқты ешкім секіре алмайды. Мен ептімін! – дейді маймыл тез-тез сөйлеп.

Піл мен Маймыл осылай мақтана береді, мақтана береді. Ең соңында Үкіден сұрамақ болады. Үкі бір ағаштың бұтағында ұйықтап отыр екен.

Уа, данышпан, Үкі! – дейді Маймыл бұтақтан бір қолымен ұстап, тербетіліп тұрып.

У-у-х! Өй! – деп, Үкі шошып кетеді. Бағдаршам сияқты үп-үлкен көзін бір ашып алып,қайта жұма қояды. Не болып қалды? Айта беріңдер!

Піл: «Дүниедегі еңкүшті менмін» деп мақтанады. Ал мен оған:«Дүниеде менен асқан ептіжоқ»деймін. Төрелігін өзің айтып бер.

Бір сөзбен айтқанда, – дейді Піл сөзге араласып.– Күшті болған жақсы ма, жоқ епті болған жақсыма?

Үкі ұзақ үнсіз отырады. Содан үп-үлкен көзін бір ашып қалады да, қайта жұмады.

Мына өзеннің арғы жағында бір зәулім алма ағашы бар. Жалғыз ғана ағаш. Соның ең болмағанда бір алмасын жесем, сонда ғана төрелік айта аламын, – дейді Үкі.

Піл мен Маймыл жүгіріп отырып өзенге келеді. Өзеннің ағысы қатты болатын. Содан Маймыл:

Өзеннен қалай өтеміз? – деп уайымдайды.

Уайымдама! Кел арқама мін. Өзеннен сені мен алып өтемін. Мен күштімін ғой! – деп Піл тұмсығын көкке көтеріп, мақтана қышқырып алады.

Маймыл лып етіп Пілге мініп алады. Екеуі өзеннен өтеді.

Зәулім биік алма ағашының жанына келгенде Піл алмаға тұмсығы жетпейтінін көріп:

Алманы қалай жинаймыз? – деп уайымдайды.

Сен осы жерде тұр, – дейді Маймыл қуанып.– Қазір тез өрмелеп шығамында, жемісті саған лақтырып тұрамын. Мен ептімінғой!

Екеуі осылай бір-біріне көмектесіп, алманы жинап алады.

Содан қайтадан Үкіге келеді.

Үкі тағыда көпке дейін көзін ашпайды.

Уа, ормандағы құс атаулының ақылдысы! Біз саған алма әкелдік. Соны жеп алда, өзіңнің әділ төрелігіңді айт, - дейді Маймыл.

Сен өзеннен өзің өттіңбе? – дейді Үкі көзін ашпаған күйі.

Піл өткізді.

Епті едіңғой, ебің көмектеспеді ме?

Ағысы қатты, тау өзені екен. Ағызып әкетуі мүмкін еді.

Ал, Піл, сен зәулім биіктегі жемісті қалай тердің?

Маймыл көмектесті.

Оның қалай, күшің көмектесе алмадыма?

Жоқ. Егер Маймыл көмектеспесе, мен жеміс жинай алмас едім.

Дұрыс, – дейді үкі. – Мен екеуіңді, қиын сәтте бір-біріңе қалай көмектесуге болатынын білсін деп алмаға жұмсаған едім. Дүниедегі ең қымбат – достық, татулық екенін енді екеуің білдіңдер. Мына әкелген жемістеріңді өздерің жей қойыңдар. – Мен мүлде алма жемеймін.

Міне, осылай Піл мен Маймыл дос, тату болыпты, олар бір-біріне әрқашан көмектесіп жүреді екен.

Сұрақтар:

1. Қиын жағдайға түскендедостарбір-бірінеқандай әрекет жасайды?

2. Қиын сәттедостардыңбір-біріне жасаған әрекетін сипаттап беріңіздер.

3. Достықтың қадірін білуге үкіге не көмектесті?

4. Сіздер осындай ұқсас мысалдар білесіздер ме?Айтып беріңіздерші?


5. Шығармашылық іс - әрекет, топтық тапсырма.

Оқушылар екі топқа бөлінеді.

Тапсырма: Оқулықтағы 65 – суреттерге қарап қамқорлық туралы әңгіме құрастыру


6. Топпен ән айту.

«Мен Үлгілі баламын»

Сөзі: Айтжан Байғожаев

Өлеңі: Әшір Молдағайынов

Мен үлгілі баламын,

Үлкен тілін аламын.

Ерте тұрып төсектен,

Малға шөп те саламын.


Су да алып келемін,

Қаздарға жем беремін.

Дүкенге әжем жұмсаса

Әкеп берем керегін.


7. Үй тапсырмасы.

№15 – сабақ. «Автобуста» мәтінін үлкендердің көмегімен оқып келу.

8. Соңғы тыныштық сәті: Балалар, бүгінгі сабақтан үйренген жақсы қасиеттерімізді жүрегімізге сақтайық!






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!