СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Менің елім-Қазақстан»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ересектер «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметінің   конспектісі

Өткізу күні:03.09.2018.

Тәрбиеші: Абенова М.К

Өтпелі тақырып: «Балабақша»

Тақырыбы: «Менің елім-Қазақстан»

Тақырыбы: «Менің елім-Қазақстан»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Балаларды Отан сүйгіштікке баулу, өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту арқылы егеменді еліміздің ертеңгі иелеріне тәуелсіздік туралы мәлімет бере отырып тәрбиелеу.

Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін дамытып, көңіл күйлерін көтеру.

Оқыту: Балалардың  сөздік қорын молайту, байланыстыра сөйледі қалыптастыра отырып  тақпақ, мақалдарды жатқа айтқызуға үйрету.

Методикалық әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, сурет бойынша әңгіме құрастыру, сұрақ –жауап.

Сөздік жұмыс: Республика, Рәміз, Ту, Елтаңба, қыран құс, тұлпар, бәйтерек

Көрнекілік: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, слайд

Билингвалды комконент: Отан – Родина, Ту – флаг, Елтаңба – герб

Просмотр содержимого документа
««Менің елім-Қазақстан»»

Ересектер «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні:03.09.2018.

Тәрбиеші: Абенова М.К

Өтпелі тақырып: «Балабақша»

Тақырыбы: «Менің елім-Қазақстан»

Тақырыбы: «Менің елім-Қааазақстан»
Мақсаттары:

Тәрбиелік: Балаларды Отан сүйгіштікке баулу, өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту арқылы егеменді еліміздің ертеңгі иелеріне тәуелсіздік туралы мәлімет бере отырып тәрбиелеу.

Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін дамытып, көңіл күйлерін көтеру.

Оқыту: Балалардың сөздік қорын молайту, байланыстыра сөйледі қалыптастыра отырып тақпақ, мақалдарды жатқа айтқызуға үйрету.

Методикалық әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, сурет бойынша әңгіме құрастыру, сұрақ –жауап.

Сөздік жұмыс: Республика, Рәміз, Ту, Елтаңба, қыран құс, тұлпар, бәйтерек

Көрнекілік: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, слайд

Билингвалды комконент: Отан – Родина, Ту – флаг, Елтаңба – герб

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Шаттық шаңбері:

-Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз,

Біз бақытты баламыз.- дей отырып, «Менің Отаным -Қазақстан» атты  оқу қызметімізді бастаймыз.

Қазақстан  Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады.

Балалар, сендер қандай ән орындадыңдар?

-Қазақстан Республикасының әнұранын орындадық.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Әрбір республиканың өз  ерекшелігін білдіретін әнұраны, туы, елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп аталады.  Осы рәміздер туралы  жеке-жеке түсінік беріп өтейік.

Слайдпен  жұмыс:

-Мынау –біздің  туымыз. Тудың  түсі аспанның түсіне  ұқсас көк аспандай көгілдір., ортасында күн, астында бүркіт ұшып келе жатыр.

-Мынау – елтаңбамыз. Елтаңбада шаңырақ, күн сәулесі, бес бұрышты жұлдыз. «Қазақстан» деген жазуы бар.

-Балалар, Қазақстан Республикасының ел басшысы кім?

-Балалар, біздің отанымыздың   астанасы қай қала?

                        Ел бөбегі  бүлдіршін жас баламыз.

                        Астанамыз Астана – бас қаламыз.

-Балалар ,үлкен мерекелерде  туымыз көтеріліп, әнұранымыз орындалады. Рәміздерді үлкен де , кіші де құрметпен жоғары ұстауы тиіс. Ал әнұранды біз білеміз. Сендер  елтаңба мен  туды әрқашан қастерлеуге  тиістісіңдер. Қазақстан  Республикасының  рәміздері туралы кім тақпақ біледі?

Көк  туымыз бетінде,

Қыран бүркіт қанатты.

Сол қырандай еркіндеп,

Біз өсеміз талапты.

 

 Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

 

Елтаңбасы елімнің

Қандай әйбәт әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

 

Құт береке шаңырақ

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақпен көмкерген


Жарайсыңдар,балалар. Біз Қазақстанда тұрамыз демек. Отанымыз-Қазақстан. Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген мақал бар. Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар.

-Отан деген не, қалай түсінесіңдер?

  Отан деген менің үйім, туған жерім.

-Менің жүрегім Отан деп соғады.

 

Азаматқа лайық

Отанымның ұлымын.

Отанымды қорғайтын,

Азаматтың бірімін

 

Отан деген Атамекен

Отан деген-туған жер.

Отан –ана, Отан-үлкен

Қазақстан туған ел.

 

 Отанды жас ,кәріміз де

Туған жер деп сүйеміз

Өйткені онда бәріміз де

Туып өмір сүреміз.

 -Балалар, өте жақсы .Егеменді елдің басты белгісі- тіл, қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналады. Қазақ тілі біздің –ана тіліміз.

Ана тілің- арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің барін біл,

Өз тіліңді құрметте!

                         Сергіту  сәті:

Гүлдей жайнап,

 Күндей жайнап,

Мен ер жетіп толамын.

Әжем айтқан дәу жігіт боп,

Ағалардай боламын.

Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш.

Шынығамыз таңертең

Солдат болам мен ертең.

 -Балалар қанекей, көк туымыз мәңгілікке асқақтап, желбірей берсін деген  ниетпен, мына күн  сәулелерін сендерге  таратып беремін. Ал, сендер, өз тілектеріңді, отанға деген сүйіспеншіліктеріңді айтып, күн сәулесін құрап жасаймыз

Аспанымыз ашық болсын!

-Еліміз тыныш болсын!

-Елбасымыз аман болсын!

-Ауылымыз көркейе берсін!

-Ата-аналарымыз аман болсын!

-Достарымыз көп болсын!.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»

-Міне балалар, өміріміздің  жалғасы, еліміздің қорғаны, тірегі болыңдар.

«Сенде бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тапта , бар қалан» деп, бүгінгі бүлдіршін балаларымыз елімізге қорған болып, кірпіш болып қалана берсін деген тілекпен оқу қызметімізді аяқтаймыз.