Ашық сабақтың тақырыбы: Менің Отаным-Қазақстан.
Үндестік заңы. Буын үндестігі
Сабақтың білімділік мақсаты: оқушыларға үндестік заңы туралы, оның түрлері және буын үндестігі туралы толық мәлімет беру;
Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушылардың ұтымды ойлау, еркін сөйлеу қабілеттерін дамыту;
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушыларды алдына мақсат қоя білуге, елін, жерін сүюге, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: ашық сабақ
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, сын тұрғысынан ойлау технологиясының топтастыру, суретпен жұмыс, семантикалық карта
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, видео, слайд, интерактивті тақта,гүлдер,шарлар,жүрекшелер
Сабақтың жүру барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі.
1.Амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Сабаққа дайындықтарын тексеру
Түрлі-түсті гүлдер арқылы оқушыларды топқа бөлу.
1-топ
2-топ
3-топ
Қызығушылықты ояту.
Оқушылардың сабаққа дейінгі көңіл-күйлерін сұрау.(Смайликтер көрсету арқылы)
II.Үй тапсырмасы.
Фонетика тарауы бойынша өткен сабаққа сұрақтар қою.
(шарлар арқылы сұрақтар беріледі)
Мысалы:
-Фонетика нені зерттейді?
-Жуан дауыстылардың айтылу ерекшелігі қандай?
-Жақтың қатысына қарай дауыстылар қалай бөлінеді?
-Үнді дауыссыздарды атаңыз?
-Қатаң дауыссыздар ненің қатысына қарай бөлінеді?
-Үнді дауыссыз дыбыстарды атаңыз?
III.Жаңа сабақ
«Көк тудың желбірегені» атты видеоны көрсету.
ВИДЕО:
-Балалар видео не туралы?
-Қазақстан қандай мемлекет?
-Біздің Отанымыз қай ел?
-Ендеше Отан,туған жер,ел туралы мақал-мәтелдер айтып көрейікші....
Сұрақтарға жауап алынады?
Отан, туған жер, ел туралы әр топ 2-3 мақал-мәтелден айтады.
Мағынаны тану.
Балалар – балалер
Үйлер – үйлар
Ауылға – ауылге
Көшеде – көшеда
Оқушыларға мысалдарды оқытып, дұрыс жазылған сөздерді тапқызамын. Масылдар арқылы үндестік заңының ережесін өздеріне шығартамын.
Үндестік заңы.
Көрші буындардың, дыбыстардың ілгерінді-кейінді бір-біріне ықпал жасап, өзара ұқсауы үндестік заңы деп аталады.
Үндестік заңының екі түрі бар:
а) буын үндестігі; ә) дыбыс үндестігі.
Біз бүгінгі сабақта буын үндестігіне тоқталатын боламыз.
Құмыра, бауырсақ (бірыңғай жуан)
Жүгері, еңбекші (бірыңғай жіңішке)
Құмыра — лар, бауырсақ — ты
Жүгері — нің, еңбекші – ге
Оқушыларға мысалдарды оқытып, дауысты дыбыстар буын құрай алатын болғандықтан, сөздегі дауыстылар не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болатынын ұғындырамын. Мысалдар арқылы буын үндестігінің ережесін өздеріне шығартамын.
Буын үндестігі дегеніміз — сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып үндесуі.
Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар мынадай сөздерде араласып келеді:
1) басқа тілден енген сөздерде: кітап, кино, математика, қазір;
2) біріккен сөздерде: шекара, баспасөз;
3) қос сөздерде: аман-есен, асығыс-үсігіс, асты-үсті.
1-тапсырма.Сөздерді 3 бағанға бөліп жазыңыз.
I топқа:
| Мысалдар | Жуан буынды сөз | Жіңішке буынды сөз | Аралас буынды сөз |
| Үшбұрыш | | | + |
| Жылан | + | | |
| Халық | + | | |
| Ақбөкен | | | + |
| Күрек | | + | |
| Жазушы | + | | |
| Дәстүр | | + | |
| Дыбыс | + | | |
| Бірен-саран | | | + |
| Дәптер | | + | |
II топқа:
| Мысалдар | Жуан буынды сөз | Жіңішке буынды сөз | Аралас буынды сөз |
| Білім | | + | |
| Ағаш | + | | |
| Иіссабын | | | + |
| Беторамал | + | | |
| Қазақ | + | | |
| Әнші | | + | |
| Оқта-текте | | | + |
| Төртбұрыш | | | + |
| Тасбақа | + | | |
| Қала | + | | |
III топқа:
| Мысалдар | Жуан буынды сөз | Жіңішке буынды сөз | Аралас буынды сөз |
| Екібастұз | | | + |
| Тілек | | + | |
| Балық | + | | |
| Текемет | | + | |
| Тоқішек | | | + |
| Ірілі-ұсақты | | | + |
| Қағаз | + | | |
| Сүйек | | + | |
| Қуаныш | + | | |
| Жануар | + | | |
Тапсырма :
« Сөзден сөз құрастыр» - тек мағынасы бар сөздерді құрастыру.
«Қонақжайлықтарыңызбен» сөзі.
Мысалы:қонақ, жай,жайлы, ақ,қон,тар, тары, бақ, қан, ана, аң,балық, бал,аз,қаза,бар,нақты,нан,қал т.б.
Тапсырма:
« Әрі оқу, әрі ойын» Ауызша.
Ухо-құлақ, Верблюд-түйе, Дорога-жол,
Родник- Вишня- Рука-
Коза-ешкі, Дерево-ағаш, Сто-жүз,
Старый- Бумага- Осень-
Восемь-сегіз, Птица-құс, Лед-мұз,
Море- Девочка- Соль-
Где?-Қайда? Сила-күш, Танец-би,
Зеркало- Три- Дом-
Расческа-тарақ, Счастье-бақыт, Дос-друг,
Урок- Время- Пияз-
Тапсырма.
Төмендегі тесттерді шешіңдер.
Тест сұрақтары
1-топ:
1. Дауыссыз дыбыс түрін көрсетіңіз?
А)қысаң В)еріндік С)езулік Д)жуан Е)қатаң
2. «У»әрпі қай қатарда дауыссыз болып тұрғанын анықтаңыз?
А)дауыс,қауын В)жабу,кебу С)туу,жуу Д)бу,қу Е)жазушы,шешуші
3.Біріңғай ұяң дауыссыз дыбыс қатысқан сөзді табыңыз.
А)майлы В)тұтқа С)балдырған Д)тасымал Е)жазғы
4.Қате жазылған сөзді табыңыз.
А)кітап В)сызғыш С)сабақ Д)сыріңке Е)жаңбыр
5.Қазақ тілінде қанша дыбыс бар?
А)36 В) 35 С)37 Д)38 Е)25
6.Қазақ тіліне тән дыбыстар жасалған қатарды табыңыз.
А)ұ,ү,у. В)ғ,қ,щ С)ф,х,һ Д)ы,і,и Е)ө,і,ү
7.Дауысты дыбыстар ненің қатысына қарай жуан,жіңішке болып бөлінеді?
А)еріннің қатысына қарай В)жақтың қатысына қарай С)үннің қатысына қарай
Д)салдардың қатысына қарай Е)тілдің қатысына қарай
8.Сөздің ең кішкене бөлшегі қалай аталады?
А)сөз В)буын С)дыбыс Д)әліпби Е)дифтонг
9.Ы,І әріптері қай қатарда сөз басында жазылмайды?
А)ықылым,ымыррт Б)ілесу,ілу С)ырық,ырыс Д)ылай,ырақмет Е)ірі,ысы
10.Жуан дауысты дыбыстар тұрған қатарды көрсетіңіз
А)Кенесары,өнерпаз В)Ұлытау,Қуғыншы С)Емхана,арбакеш
Д)Игілік,ержүрек Е)Қыстыгүні,кіріптар
Тест сұрақтары
2-топ:
1.Еріндік дыбыстардың қатарын табыңыз?
А)а,о,ұ,у.ы В)а,ә,о,ө,е,э С)ы,і,и,ұ,ү Д)о,ө,ұ,ү,у Е)ә,ө,е,ү,і
2.Қай сөзде қате бар?
А)әріпі В)халқы С)ойна Д)оқу Е)алтау
3.Жұп болып келетін қатаң,ұяң дауыссыздарды табыңыз?
А)п-б В)д-т С)қ-к Д)ф-в Е)х-һ
4.Сөздің басында кездеспейтін дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.
А)ң,п В)ғ,щ С)һ,ң Д)ч,щ Е)в,з
5.Тұйық буынды табыңыз:
А) әке, нағашы В)нан,көз,С)ұлт,от Д)бал, мектеп Е)қағаз,жар
6. «Ә» әрпінің емлесіне байланысты дұрысын көрсетініз?
А)Жәлилә В)Жәйлап С)Шәмәлі Д)Ләззат Е)Күман
7. «Ұлытау» сөзі қай буынға жатады?
А) ашық В)тұйық С) қысаң Д)ашық Е) аралас
8. «У» әрпі қай қатарда жіңішке дауысты болып тұрғанын көрсетіңіз?
А)тауық,туылған В)зуылдау,аһылау С)кіру,түзу Д)қуыс,жуан Е)қу,бу
9.Дыбыс және әріп санында айырмашыцлық бар сөзді табыңыз?
А)орман В)бояушы С)кемеңгер Д)ерекшелік Е)қарауыл
10.Ұяң дауыссыздан басталған қосымшаны табыңыз?
А)терезелер В)қызға С)жастыққа Д)доптың Е)баласыңдар
Тест сұрақтары
3-топ:
1.Қай сөзге қосымша жалғанғанда,соңғы дыбысы түсіп қалады?
А)грамм В)акт С)штамп Д)Кузбасс Е)ромб
2.Қай сөзде қате бар?
А)циркульді В)фестевальге С)рульмен Д)лагері Е)автомобильдер
3.Дұрыс сөзді табыңыз?
А)байыды В)естійді С)тоқыйды Д)іриді Е)ысыйды
4.Қате сөзді табыңыз?
А)хайуанат В)диана С)сыйымды Д) тыйылу Е)қыйылысу
5.Қақақ тілінде қай дыбыс қатар келмейді?
А)йу В)ый С)иу Д)ій Е)йи
6.Үндестік заңы нешеге бөлінеді?
А)3 В)4 С)2 Д)5 Е)6
7.Қазақ тілінде неше септік бар?
А)6 В)8 С)7 Д)5 Е)4
8.Қай сөзге қосымша дұрыс жалғанған?
А)фактілер В)киосктер С)диалектке Д)шрифтің Е)фондта
9.Қай сөзге қосыцмша қате жалғанған?
А)съезге В)журналистке С)металға Д)ведомосқа Е)паркке
10.Әріп дегеніміз не?
А)Әріп-дыбыстардың бір-біріне ықпалы.В)Әріп-дыбыстың таңбасы.С)Әріп-механикалық дыбыс көрсеткішіД)Әріп-сөйлемде қойылатын тыныс белгісі Е)Әріп-барлық дыбыс таңбаларының жиынтығы.
Тест жауаптары:
| | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
| I топ | Е | А | С | Д | С | Е | Е | Е | Д | В |
| | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
| II топ | Д | А | А | С | С | Д | Е | С | В | В |
| | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
| IIIтоп | А | В | Д | Е | Е | В | С | С | В | Е |
Тапсырма :
« Бәйге» Сұрақтарға жауап беру .
-Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады ?
- Қазақ алфавитінде неше әріп бар ?
- Қазақ тіліне тән дыбыстарды ата.
- Абайдың шын аты кім ?
- Күз айларын ата . (..., ..., ...)
- Мемлекеттік тіл –
- Қайырлы күн ! –
- Мақалды аяқта : «Отансыз адам -... .»
- Бүгінгі мереке қай күнге арналады ?
IV. Жаңа сабақты бекіту.
(Топтастыру стратегиясы)
-Сонымен балалар Үндестік заңы дегеніміз не?
-Ол нешеге бөлінеді?
-Тұйық буынға мысалдар келтіріп көрейікші...
Тапсырма :
Берілген сызба бойынша сөйлем құрастыр.

Тірек сызба бойынша сөйлемдер құрастыру.
Мысалы:
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Астанасы – Астана қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Өз рәміздері бар. Қазақстанның табиғаты әдемі.
Рефлексия
Сен бүгінгі сабақта не істей алдың?
Саған не қиын болды?
Сенің қандай сұрағың бар?
V.Үй тапсырмасы.
Мәтін бойынша 5 сұрақ құрау.
VI.Бағалау.
Топ мүшелері «Глоб ағашы» бағалау парақшалары арқылы өздерін бағалайды.
Топ басшысы топтағы оқушыларды бағалайды. Соңынан ортақ бағаны өзім шығарамын.
ІІІ кезең. Ой-толғаныс.
Оқушылар, елімізге бір емес жеті алтын әкелген толағайларымыз туралы сіздер жақсы білесіздер. Осы суреттердің астында бүгінгі сабағымызға байланысты бірнеше тапсырмалар бар. Мына толағайдардай болғымыз келсек, әуелі сол тапсырмаларды орындайық.
1-тапсырма. Оқулықпен жұмыс.
314-жаттығу
Жуан сөздерді бір бағанға, жіңішке сөздерді бір бағанға, аралас сөздерді бір бағанға жазыңдар.
2-тапсырма.
315-жаттығу (ауызша).
Мәтінді оқып, ат қойыңдар. Кірме сөздерге қосымшалардың жалғануындағы үндестік заңының ерекшелігін айтыңдар.
3-тапсырма. «Суретпен жұмыс» стратегиясы.
1-топқа: штангінің суреті
2-топқа: бокс қолғабының суреті
3-топқа: алтын медальдің суреті
Оқушылар суретті қатыстырып сөйлем құрайды.
1-тапсырма. Семантикалық карта.
I топқа:
| Мысалдар | Жуан буынды сөз | Жіңішке буынды сөз | Аралас буынды сөз |
| Үшбұрыш | | | |
| Жылан | | | |
| Халық | | | |
| Ақбөкен | | | |
| Күрек | | | |
| Жазушы | | | |
| Дәстүр | | | |
| Дыбыс | | | |
| Бірен-саран | | | |
| Дәптер | | | |
II топқа:
| Мысалдар | Жуан буынды сөз | Жіңішке буынды сөз | Аралас буынды сөз |
| Білім | | | |
| Ағаш | | | |
| Иіссабын | | | |
| Беторамал | | | |
| Қазақ | | | |
| Әнші | | | |
| Оқта-текте | | | |
| Тасбақа | | | |
| Қала | | | |
| Төртбұрыш | | | |
III топқа:
| Мысалдар | Жуан буынды сөз | Жіңішке буынды сөз | Аралас буынды сөз |
| Екібастұз | | | |
| Тілек | | | |
| Балық | | | |
| Текемет | | | |
| Тоқішек | | | |
| Ірілі-ұсақты | | | |
| Қағаз | | | |
| Сүйек | | | |
| Қуаныш | | | |
| Жануар | | | |
5-тапсырма. Венн диаграммасы.
6-тапсырма. “Ортадағы қаламсап” стратегиясы.
Қолға қаламсап ұстау арқылы сұрақ қою.
Үндестік заңы дегеніміз не?
Сұраққа жауап берген оқушы қаламды алып, өзі бір сұрақ қояды. Ойын солай жалғаса береді.
Сұрақтар бүгінгі сабаққа байланысты қойылу керек.
7-тапсырма. БҮҮ стратегиясы.
| Білемін | Үйренгенім | Үйренгім келеді |
| | | |
Үй тапсырмасын беру.
Ережелерді жаттау, 316-жаттығу.
Бағалау.
Әр топтан сабаққа жақсы қатысқан оқушылар білімдеріне қарай бағаланады.
Менің Отаным- Тәуелсіз Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан.
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
(мақал)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан мемлекеті туралы алған білімдерін тиянақтау, оқушылардың интеллектуалдық ой - өрісін, білім деңгейін көтеру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды отаншылдыққа, туған жерін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: панорамалық сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: ойын, сын тұрғысынан ойлау, топтастыру стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайдтар, презентация, кеспелер.
Сабақтың барысы:
I. Д. к. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Кезекші сұхбаты.
3. Сөзжұмбақ шешу. Егер дұрыс шешсеңдер, тігінен бүгінгі сабаққа байланысты сөз шығады.
1) Семья сөзінің аудармасы;
2) Әкенің әкесі;
3) Старший брат сөз тіркесінің аудармасы.
4) Шеше сөзінің синонимы;
- Қандай сөз пайда болды? (Отан) Отан деген не? Отан деген сөздің мағынасы – ол адамның туып - өскен жері. Отан туралы қандай тақпақтар білесіңдер? (1, 2 оқушы тақпақ оқиды)
- Отан туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер? «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл», «Отан оттан да ыстық», «Отан отбасынан басталады».
II. Д. к. Жаңа сабақ. Білгенге маржан.
1. Мұғалім сөзі. – Жаңа мақалда айтылғандай, Отансыз адам болмайды. Балалар, біздің Отанымыз қай ел? (Қазақстан)
Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз)
Сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан». (дәптерлеріне жазады, эпиграф туралы айту)
- Қазақстан туралы не білесіңдер? (Қазақстан тәуелсіз мемлекет, астанасы – Астана қаласы, президенті – Нұрсұлтан Назарбаев, бай мемлекет) Дұрыс, енді қазір жаңа мәтінмен таныс боласыңдар.
2. Мәтінмен жұмыс.
Көп сөз білсең, көкжиегің кең болар.
рәміздер – символы
ұлт өкілдері – представители национальностей
тату – дружные
ұлттық – национальные
тағам – блюдо, еда
табиғат – природа
мақтан етеміз – гордимся
1) мұғалім оқиды;
2) 1 - қатар хормен қайталайды;
3) 2 - қатардан бір бала оқиды;
4) 3 - қатардан бір бала оқиды;
5) 1 мин. есте сақтау;
6) Сөз тіркестерін құру.
- Мәтінді мұғалім оқиды.
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Ол – тәуелсіз мемлекет. Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы алды. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 22 жыл болады. Оның өз рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, әнұран. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Қазақстанда көп ұлт өкілдері тұрады. Олар тату. Әр халықтың өз салт - дәстүрі, ұлттық тағамдары, ұлттық ойындары бар.
Қазақстанның табиғаты әдемі.
Біз Отанымызды мақтан етеміз.
1. Аудирование. – Мәтін не туралы? Оқушылар түсінгенін орысша айтып береді.
2. Оқушылар тізбектеп оқып, аударады.
ІІІ. Д. к. Мәтінді пысықтау. Ауырсыз жеңіл жоқ.
А) Деңгейлік тапсырмалар орындау.
1 - деңгей. Мәтіннен 5 жуан, 5 жіңішке сөздерді теріп жазыңдар.
2 - деңгей. Мәтіннен қандай? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып жазыңдар.
3 - деңгей. Қазақстан туралы шағын диалог құрастырыңдар.
Ә) «Не артық?» тапсырмасы. Кім қаншалықты түсінгенін білу үшін келесі тапсырмаға назар аударыңдар. Неге олай деп ойлайсың? Өйткені...
IV. Д. к. Жаңа білімді бақылау. Өзіңді тексер. Интеллектуалды ойын. (оқушылар тақтаға шығып өзіне сұрақ белгілеп, жауап береді)
V. Д. к. Қорытынды. (Топтастыру стратегиясы.) Білгенім – көңілге түйгенім.
- Сонымен, балалар, бүгін Қазақстан туралы не білдік? Ал енді кластер құрастырайық. (дәптерге жазу)
Отан
Астана
Тәуелсіз Қазақстан
рәміздер
қазақ тілі табиғат
- Тірек сызба бойынша сөйлемдер құрастыру. Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Астанасы – Астана қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Өз рәміздері бар. Қазақстанның табиғаты әдемі.
VI. Д. к. Үй тапсырмасын түсіндіру. Алғаныңды тиянақты.
1. Тірек - сызба бойынша әңгімелеу.
2. Мәтін бойынша бес сұрақ құру.
VII. Д. к. Бағалау. Еңбек етсең, емерсің...
| Дата | 25.08.2017 | | өлшемі | 98,33 Kb. | | түрі | Сабақ | |
Бұл бет үшін навигация:
Барлық оқушылар орындай алады
Кейбір оқушылар орындай алады
Анаграмма» әдісі Шашылған сөздер.
Топтастыру» стратегиясы. Постер құрату
| Сабақ жоспары 4- сынып Сабақтың тақырыбы: «Менің Отаным -Қазақстан» |
| Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Өлең, жұмбақ және ертегілерді ажырату, мұғалімнің көмегімен қажетті ақпараттарды илюстрациялы шағын мәтіндерден тауып алу, мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну. | |
| Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар орындай алады: Мәтінді оқи алады. | |
| Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтінді оқи алады, мұғалімнің көмегімен қажетті ақпараттарды илюстрациялы шағын мәтіндерден таба алады. | |
| Кейбір оқушылар орындай алады:Өлең, жұмбақ және ертегілерді ажырата алады, мазмұнын айта алады. | |
| Тілдік мақсат | Барлық оқушылар орындай алады: грамматикалық және орфографиялық нормаларды сақтайды. | |
| Сөздік қор мен терминдер: Отан, Астана, қала, жұмбақ, ертегі т.б | |
| Диалог құру: шағын сөз тіркестерін оқиды, сөз тіркесінен сөйлем құрастырады. | |
| Талқылауға арналған сұрақтар: Отан туралы не білесіңдер? Өз Отаның –Қазақстан туралы не айта аласыңдар? | |
| Не себепті «Отан –оттан да ыстық» деп не себепті айтамыз ? | |
| Ишара: Қазақстан Республикасының туы, Бәйтеректі, т.б | |
| Алдыңғы оқу | «Менің Отаным- Қазақстан» тақырыбында сурет салып келеді, суретті әңгімелеп береді. | |
| Жоспар | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресуртар | |
| Жоспарланған уақыт 45 минут |
|
| |
| Басы: 5 минут | Шаттық шеңберін құру. ҚР Гимнін орындайды. Сынып рәміздер арқылы 2-топқа бөлінеді. | Аудиовизуалды үнтаспа | |
| Ортасы: 5-минут 10-минут 10- минут 5-минут | 1-тапсырма. «Анаграмма» әдісі Шашылған сөздер. 1.Мақал – мәтелдерді құрастыру. 2. Отан туралы әңгімелету. 2- тапсырма. «Топтастыру» стратегиясы Постер құрату
Отан
«Отан» өлеңін мәнерлеп оқы. «Отан» өлеңінде отбасына қатысты сөздерді теріп жаз. 3-тапсырма. «Кубизм» әдісі Сенің Отаның қай жер? Қазақстан қандай мемлекет? Қазақстанның мемлекеттік туы қандай? Қазақстанның елордасы қай қала? Қазақстанның табиғаты қандай? Отан туралы мақал- мәтелдер айт. 4-тапсырма. «Диалог құру» әдісі. -Жаңа сөздерді пайдалана отырып, диалог құрастырыңдар. | Мақал – мәтелдермен жұмыс Топтастыру парақшасы Мәтінмен жұмыс Кубиктар Топтық жұмыс | |
| Кері байланыс 5-минут | -Бүкіл сабақ бойы біз қандай тақырыпты талқыладық? - Қандай мәтінмен жұмыс істедік? - «Отан» сөзін немен салыстырдық? - Қандай мақал- мәтелдер білеміз? - Ертегіні қалай аяқтадық? - Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма? БББ стартегиясын қолдану |
| |
| Соңы 5минут | Сергіту сәті «Көктудың желбірегені» әнімен сабақты аяқтау. | Видио | |
| Үй тапсырмасы | Қазақстанның қалалары туралы мағлұмат біліп келеді. |
| |
| Рефлексия |
|
| |
| Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? | Сабақтың мақсатын тақырыпқа байланысты дұрыс қоя білдім. Жүзеге толық асыра алдым. Әр тапсырмаға әдіс- тәсілдерді дұрыс қолдана білдім. |
| |
| Бүгін оқушылар не үйренді? | Бүгін оқушылар мәтінді оқу арқылы, жаңа сөздердің дұрыс жазылуын, «Отан» туралы түсініктерін қалыптастырды. |
| |
| Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? | Сабақ балаларға ұнады, оңай тапсырмалардан күрделі тапсырмаларды орындау қызықты болды. Бірақ, басым көпшілігі тапсырмалар күрделенген сайын топтан шетте қалып отырды. Осы тұстарын келесі сабақтадеңгейлік тапсырмалар орындату арқылы ескеремін.. |
| |
| Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? | Жоспарланған саралау жүзеге асты. Басым көпшілігі жеңіл және орта деңгейдегі тапсырмаларды орындап шықты. |
| |
| Уақытты қалай пайдаланды? | Алынған тапсырмаларым өте көп болғандықтан, уақыт жетпеді. |
| |
| Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? | Жоспарыма оқушылардың жас ерекшелігіне қарай тапсырмаларды өте күрделендірмеймін, шамадан тыс тапсырма алмаймын. Топқа бөлгенде дұрыс бөлудің жолдарын іздестіремін. Топта отырған балаларды қызықтыратын және орындай алатын тапсырмалар ұйымдастырамын |
| |
| Қорытынды бағалау | Бүгінгі өткен сабағыма толық көңілім толған жоқ. |
| |
| Ең жақсы өткен екі нәрсе: | Дайын мәтінді оқып, сөздікпен дұрыс жұмыс істей алды. Дескрипторлар арқылы өздерін дұрыс бағалады. «Кубизм» әдісі арқылы сұрақтарға нақты жауап берді. |
| |
| Қандай екі нәрсе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді. | 1.Атамекен әнін тыңдатып, өздеріне өлеңде не туралы айтылғанын талдап, тақырыпты өздеріне тапқызар едім. 2. Тақырыпқа байланысты қандай ұлы адамдармен мақтанатынын ескерер едім. |
| |
| Осы сабақ барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім. | Сабақ барысында алған тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылымның тапсырмалары көп болып кетті. Келесі сабақта аз тапсырмалар арқылы осы 4 дағдыны қамтуым керек. Жазылымы баяу оқушылардың жылдамдықтарын арыттыру үшін қажетті жұмыс атқару керек. Үйлестірмелі тапсырмалардың орындалуына қойылған дескрипторларды тағыда жүйелендіру керек. |
| | 1-тапсырма. «Анаграмма» әдісі Шашылған сөздер. | Шашылған сөздерден мақал- мәтелдер құрастыр. | | № | Тақырыбы | Білемін | Балл | | 1 | 1.Мақал – мәтелдерді құрастыру. 2. Отан туралы әңгімелету. | 1. Мақал – мәтелдерді құрастыра алады. | 1 | | 2 | 2. Мақал – мәтелдерді құрастыра алады, мағынасын түсіндіре алады | 2 | | 3 | 3. Мақал – мәтелдерді құрастыра алады, мағынасын түсіндіре алады. Отан туралы әңгімелей алады. | 3 | | 4 | 4. Мақал – мәтелдерді құрастыра алады, мағынасын түсіндіре алады. Отан туралы әңгімелей алады, мақал –мәтелді орыс- ағылшын тілдерінде аудара алады. | 4 |
| 2- тапсырма. «Топтастыру» стратегиясы. Постер құрату
Отан
-
| | № | Тақырыбы | Білемін | Балл | | 1 | «Отан» өлеңін мәнерлеп оқы. «Отан» өлеңінде отбасына қатысты сөздерді теріп жаз. Отан туралы ән айт. | 1. Өлеңде не туралы айтылғанын түсінеді. | 1 | | 2 | 2. Өлеңде не туралы айтылғанын түсінеді, Отан туралы өлеңді мәнерлеп оқи алады. | 2 | | 3 | 3. Өлеңде не туралы айтылғанын түсінеді, Отан туралы өлеңді мәнерлеп оқи алады, отбасына қатысты сөздерді тауып, жаза алады. | 3 | | 4 | 4. Өлеңде не туралы айтылғанын түсінеді, Отан туралы өлеңді мәнерлеп оқи алады, отбасына қатысты сөздерді тауып, жаза алады, орыс- ағылшын тілдеріне аудара алады. | 4 | | 5 | 5. Өлеңде не туралы айтылғанын түсінеді, Отан туралы өлеңді мәнерлеп оқи алады, отбасына қатысты сөздерді тауып, жаза алады, орыс- ағылшын тілдеріне аудара алады, отан туралы ән айта алады. | 5 |
| 3-тапсырма. «Кубизм» әдісі Кубиктегі сандар арқылы сұрақтар қойылады. | | № | Тақырыбы | Білемін | Балл | | 1 | Сенің Отаның қай жер? Қазақстан қандай мемлекет? Қазақстанның мемлекеттік туы қандай? Қазақстанның елордасы қай қала? Қазақстанның табиғаты қандай? Отан туралы мақал- мәтел айт. | 1. Отаны қай ел екенін біледі. | 1 | | 2 | 2. Отаны қай ел екенін біледі, Қазақстанның қандай мемлекет екенін айта алады. | 2 | | 3 | 3. Отаны қай ел екенін біледі, Қазақстанның қандай мемлекет екенін айта алады, ел ордасы қай қала екенін біледі. | 3 | | 4 | 4. Отаны қай ел екенін біледі, Қазақстанның қандай мемлекет екенін айта алады, ел ордасы қай қала екенін біледі, табиғаты жайлы айта алады. | 4 | | 5 | 5. Отаны қай ел екенін біледі, Қазақстанның қандай мемлекет екенін айта алады, ел ордасы қай қала екенін біледі, табиғаты жайлы айта алады | 5 | | 6 | 6. Отаны қай ел екенін біледі, Қазақстанның қандай мемлекет екенін айта алады, ел ордасы қай қала екенін біледі, табиғаты жайлы айта алады, мақал мәтелдер айта алады, мағынасын түсіндіре алады. | 6 | Каталог: uploads - doc - 0688 doc - Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы» doc - Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме doc - Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты doc - Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері doc - Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу doc - Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы doc - Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты doc - Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі 0688 - Тіл таба білу өнері Тіл табысуға қажетті коммуникативтік 0688 - Сабақтың тақырыбы: Халық аспаптары қалай құрылды? |
Үндестік заңы. Буын үндестігі
Жарияланды 19-04-2014, 21:59 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Үндестік заңы. Буын үндестігі
Жалпы мақсаты: Жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру мен оқуда негізгі идеяны жадына сақтауына бағыт беру.
Интер тақтадан электрондық оқулықты, слайдты пайдалану арқылы жаңа тақырыпты меңгерту;
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз бетінше ізденуге, өз ойын
еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу.
Тапсырма барысында дарындылық қабілеттерін байқау;
Оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау арқылы білім
деңгейін анықтау және бірін - бірі бағалай білуге үйрету.
Сілтеме 1. Мұғалімге арналған нұсқаулық (үшінші негізгі деңгей) ҚРПКБАКБ
2. 5 - сынып қазақ тілі оқулығы /Қосымова Г, Дәулетбекова Ж/
3. Электрондық оқулық 5 - сынып - 2013 жыл
4. Шығармашылық тапсырмалар
5. Бағалау бетшелері, смайликтер, білім ағашы.
Оқыту нәтижелері:
• Ойын жүйелі жинақтауға үйренеді.
• Тосын сұрақтарға нақты жауап беруге дағдыланады.
• Өзара пікірлесіп, ортақ шешімге келеді.
• Сыни ойлау стратегиясы: миға шабуыл арқылы
шығармашылыққа тәрбиеленеді.
• Бірін - бірі бағалауға дағдыланады.
Негізгі идеялар Жақсы сөз жан сүйсіндіреді, Бойға қуат бітіреді.
Тапсырма көздері І. «Садақ ату» Білім ғаламшарына саяхат
1 - тапсырма «Ұжымдық жұмыс»
Сұрақтарға жауап беру
1. Фонетика нені зерттейді?
2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
3. Дауысты дыбыстар дегеніміз не?
4. Буын дегеніміз не?
5. Буын нешеге бөлінеді?
6. Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
7. Тасымал дегеніміз не? Тасымалданбайтын сөздер.
8. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата
ІІ. «Тас қақпа» бекеті.
Интер тақтадан 5 - сынып электрондық оқулық көрсетіледі.
Үндестік заңы – түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір – біріне ықпал етіп, өзара үйлесіп, айтылуын үндесті заңы дейміз. Үндестік заңы екіге бөлінеді:
1) буын үндестігі 2) дыбыс үндестігі.
Буын үндестігі
Сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не біріңғай жуан, не біріңғай жіңішке болып үндесуін буын үндестігі (сингармонизм) деп атаймыз.
Сингармонизм – гректің Sun «бірге» hanmoni «байланысу,
үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.
Үндестік заңына сай қазақ тілінің байырғы сөздері не біріңғай жуан, не біріңғай жіңішке болады. Мысалы, ата, ана, бақыт, кереге, кілем, өріс.
Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар мынадай сөздерге араласып келеді:
1. Басқа тілден енген сөздерде:
Мысалы: кино, математика, кітап
2. Біріккен сөздер мен қос сөздерде:
Мысалы: Екібастұз, асығыс-үсігіс
/Мұндай сөздер аралас сөздер деп аталады./
ІІІ. «Күміс қақпа» бекеті
314 – жаттығу «Артық білім кітапта»
І топ Жуан сөздерді теріп жаз
ІІ топ Жіңішке сөздерді теріп жаз
ІІІ топ Аралас сөздерді теріп жаз
ІV топ Тасымалданбайтын сөздерді теріп жаз
316 – жаттығу
І топ
Күндіз көрінетін жұлдыз қалай аталады? Бұл – аспан... ғы ең жарық жұлдыз, жарықты.... сондай, азанда – барлық жұлдыз өшкен кез.... таң шапағы.... бірге жарқырап тұрады. Ал ақшам.... көк жүзінде бар жұлдыз.... озып, тең алдымен көріне.... Бірақ бұл жұлдыз емес.
ІІ топ
Бұл – Шолпан (Ғылым тілінде Венера деп аталады), біз.... күн жүйесіндегі екінші планета. Басқа планеталар сияқты, Шолпан да өздігі.... жарық шығармай...., тек күн жарығ.... шағылдырады. Сондықтан да ол күміс.... жарқыраған шам сияқты бол.... көрінеді.
ІІІ топ
Ақ сәулелі әсемдігі... орай Шолпан... таң жұлдызы деп те атай... Шолпан мен біздің Жер... ұқсас сипаттар... көп. екеуі де көрік...: бірі – көгілжім, екіншісі – ақ күміс.
ІV топ
Көлемдер.... де шамалас, екеу.... де ауа желектері.... оранған. Бірақ жермен салыстырғанда қозғалыс.... баяу әрі оралымсыз. Жер өз осінен 118 рет айнал... ды, Шолпан бір - ақ рет айналып үлгере... екен
Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар
(Lesson study-Cабақты зерттеу)
| Пән мұғалімі Баймишева Айгүл Базарбайқызы |
| Мерзімі: 28.02.2017 | Сыныбы : 5 «Г» | Пәні: Қазақ тілі | |
| Тақырыбы: | Үндестік заңы. Буын үндестігі |
| Мақсаты | Үндестік заңы туралы апқарат беру арқылы, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту. |
| Оқыту нәтижесі
Табыс критерийлері | -Оқушылар үндестік заңы, буын үндестігі туралы біліп, түсінеді. -Топпен жұмыс жасауға дағдыланады. -Тақырыпқа байланысты мәліметтерді талқылауға үйренеді. -Фонетикалық талдау жасай алады; -Мәтіндермен жұмыс істеуді үйренеді. -Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана біледі. |
| Қолданылатын әдіс тәсілдер | Топтық, жұптық жұмыс, Стратегия «Елші», «Тәжірибе алаңы», «Сыңарыңды тап» «Білім қоржыны». |
| Сілтемелер | Қазақ тілі оқулығы, МАН, интернет көздері. |
| Көрнекілігі және құрал жабдықтары | Сабаққа қажет материалдар (интер белсенді тақта, А-3 форматты қағазы, маркерлер т.б), бейнежазба, тақырып бойынша слайдтар, үлестірмелі қағаздар. |
| Сабақ барысы |
| Кезеңдері | Уақыты | Мұғалімнің іс әрекеті | Оқушының іс әрекеті | Бағалау |
| Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. | 2 мин | Оқушылар назарын сабақ барысына аудару. Слайдтпен Күн, аспан әлемі, көңілді күн суреттерін көрсетеді. -Мынау керемет суреттер неге ойландырады?
-Бір-бірімізге амандық тілей отырып, сабағымызды бастайық.
Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау негізінде оқушыларды бағалау парағымен таныстырып, бағалау парағын әр топтың басшысына береді. | Сабақ барысына назарларын аудару Оқушылар сыни тұрғыдан жауап береді. «Көңілді күн» әнін орындайды. Топтарға бөліну. Оқушылар топта мынадай рөлдер бойынша жұмыс жасайды: 1. Төраға 2. Таймкипер 3. көркемдеуші 4. Баяндамашы | Қолдау және мадақтау |
| Үй тапсырмасын тексеру. | 5 мин | 313-жаттығу. Мәтінді оқып, буынға бөлу, буын түрлерін анықтау | | Дұрыс/бұрыс деп бағалайды. |
| Жаңа сабаққа ену. Бейнежазба | 3 мин | М.Мақатаев туралы слайд көреді. Слайдта көрсетілген өлеңді талқылап болған соң, мұғалім сұрақ қояды: | Слайд жөнінде ойларын айтады. | Бұл іс-әрекет бағаланбайды. |
| Жаңа сабақты өз бетінше меңгеру.
Стратегия «Елші» «...Біреу білмей, сен білсең,білгеніңнің бәрі - тұл..» Абай | 20 минут
| «Тәжірибе алаңы» әдісімен жұмыс. Мәтін таратылады. Әр топ жеке тапсырмамен жұмыс істейді. І топқа тапсырма: 314 - жаттығу мәтінін оқып, мәтіннің кімнің атымен жазылғанын айту. Мәтіндегі жуан буынды сөздерді теріп жазу. ІІ топқа тапсырма: 314 - жаттығу мәтінін оқып, мәтіндегі ойын түрлерін атау. Мәтіндегі жіңішке буынды сөздерді теріп жазу. ІІІ топқа тапсырма: 314 – жаттығумәтінін оқып,асық ойынының ережесін айту. Қарамен жазылып берілген сөздерді тасымалдап жазыңдар. ІV топқа тапсырма: 314 – жаттығу мәтінін оқып, ақсүйек ойыны туралы айту. Мәтіннен аралас буынды сөздерді теріп жазу, екі сөзге фонетикалық талдау жасаңдар. | Жұмыстың барысы: -Әр топ жеке тапсырма алады.Топпен жұмыс жасар алдында, оқушылар өз беттерінше ереже және мәтінмен танысады. Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Бұл – шаршататын және бір сарынды «баяндама жасалатын», мезі қылатын сабақтардан құтылуға мүмкіндік беретін тамаша әдіс. Сондай-ақ бұл әдіс елшінің тілді қолдану шеберлігін көрсетеді, әрі белсенді тыңдаушылар тобын қалыптастырады. |
Критериалды бағалау |
| Жаңа сабаққа шолу. Буынның түрлері |
2 мин | (Слайд арқылы сабаққа қосымша мәлімет береді) | Слайдтардың көмегімен жаңа сабақ бойынша қосымша мәлімет алады. | |
| Сергіту сәті | 2 мин | Музыка әуеніне би билейді. | | |
| Бекіту. «Адасқан буындар»
«Білімді мыңды жығар..» Халық мақалы. | 7 мин | 1. «Сыңарыңды тап» әдісі арқылы оқушылардың жаңа сабақты қаншалықты меңгергендерін тексереді. Әр топқа біріккен сөздер мен қос сөздердің бөлініп тасталған сыңарларын таратады. 2.Дәптермен жұмыс. | Оқушылар жазылған сөздердің үндестік заңдарын сақтай отырып, аралас буынды күрделі сөз түрлерін құрап жазады. Қос сөз жаса біріккен сөз жаса Аман - шек Алай - баспа Асты- көз Асығыс- тіл Қос сөздер біріккен сөздер Аман –есен шекара Алай –түлей баспасөз Асты – үсті көзқарас Асығыс – үсігіс тілашар 2. Берілген буындардан сөз құрап жазу.
| кі | ғип | қа | но | зір | ки | | тап | за | жаз | са | ба | су | | та | ла | ұр | от | бақ | ға | Кітап зағип саба қазір сақа жазба суға сула қабақ жазса. қала сабақ кино баға
3.Буын түрлерін атап беру.
|
«Достың бағасы» смалигі
|
| Кері байланыс | 2 мин | Кері байланыс алу | Бүгін мен білдім...................... Білгім келеді ................. Білемін................... | формативті бағалау. |
| Үйге тапсырма | 1 мин | 316-жаттығу | Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларын қойып көшіріп жазу. |
|
| Бағалау
| 1 мин | Сабақ барысында алған балдарын қорытып, бағалау | Сабақта алған бағаларын күнделіктеріне қойдырады. |
|