СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мүсіндеу "Торсық"

Нажмите, чтобы узнать подробности

ортаңғы топқа арналған мүсіндеу пәнінен конспект. Тақырыбы: Торсық.

Просмотр содержимого документа
«Мүсіндеу "Торсық"»

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Мүсіндеу

Өтпелі тақырып: Жайнай бер Қазақстаным!

Тақырыбы: «Торсық»

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Қарапайым еңбек дағдыларына ,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

3.Оқыту: Балаларды қазақ халқының шеберлігімен таныстыру. Затқа қарап торсықты мүсіндеп, қазақ оюларымен әшекейлеуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап, мүсіндеу

Ресурстармен қамтамасыз ету: ермексаз, торсық.

Билингвальды компонент: торсық-торсык;

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Балаларды ойын ойнауға шақыру. «Сиқырлы дорба» ойыны.

Қазақтың ұлттық ыдыс-аяқтарының түрлерін көрсету. Балалар әр затты мұқият қарап шығып,олардың атын атап береді.

Сиқырлы дорба, Ыдыс-аяқтар: кесе, ожау, табақ, торсық. Қазақ халқының ұлттық ыдыс – аяқтарының ішінде «торсық» ыдысына толығырақ тоқталу.

«Торсық» ыдысының пайдасы, қолданылуы жайында түсінік беру.

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

Көркімен көз тартатын ыдыстарды қазақ шеберлері халқымыздың ұлттық салт -дәстүрлерін сақтай отырып жасаған. Олар өз бұйымдары арқылы қазақ ою-өрнегінің, қазақ тұрмысының өзіндік бояуларын көрсетуге тырысады.

Қазақтар мұндай адамдарды «он саусағынан өнері тамған шебер» дейді.

Ал, сендер мұндай заттарды жасаудың үлкен өнер екенін білесіңдер ме? Шеберлер қолынан шыққан әр затты үлкен махаббатпен жасайды, көп тер төгеді, жанын салады. Мұндай бұйымдарды халық шеберлерінің туындылары дейміз.

– Шебердің қандай қабілеті мен қасиеттері болуы керек?

– Сен қазақ халқының қандай дәстүрлерін білесің?

Торсық қандай материалдан жасалады? Неліктен?

Торсық – қымыз құятын ыдыс. Қымызды көптеген халықтар ежелден емдік сусын ретінде пайдаланған. Ерте замандарда торсықты теріден,кейде ағаштан ойып жасаған. Сыйлы қонақтарға асылтастармен безендірілген торсық сыйлаған. Ұзақ жолға шыққан жолаушы (ер жігіт) торсыққа қымызды толтырып алып шығады, жолда ішкен қымыз әрі шөл қандырады, әрі күш береді.

Біз де ермексаздан қымыз құятын ыдыс, яғни торсық жасайық.

2.Үлгі көрсету

Затқа қарап торсықты мүсіндеп, қазақ оюларымен әшекейлеуге үйрету.

3Сергіту сәті

Ермексазды қояйық,

Орнымыздан тұрайық.

Қолымызды соғайық,

Бір отырып, бір тұрып

Бір тынығып алайық.

4.Жұмыс барысы

Ермексазды жұмсарту;

алақан арсында домалату;

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Қажет болған жағдайда, жеке балаға көмек көрсетіледі.

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

Қорытынды жасау.

Балаларды мақтап,мадақтау.

Көрме жасау.