СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мүсіндеу сабағы балабақшада

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күні:25.12.17                                                                                                           

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі:Сурет

Тақырыбы:Ақшақар

Мақсаты:Дөңгелек пішіндер арқылы ақшақардың суретін  салуды үйрету.

Міндеттері:1. Суретті қылқалам және гуашь пен салуды үйрету;

 2. Ойлау, көру қабілеттерін және ұсақ қол моторикасын дамыту;

3.Шыдамдылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:Гуашь, қылқалам, су, сүлгі, үлгі.

Кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Мотивациялық-қозғаушылық

Жұмбақты шешу:

Аяз атаның  немере қызы– ол кім?

 

«Ақшақар»

 

 

 

Жұмбақтың шешімі-Ақшақар

 

Үлкеннен кішіге дейін дөңгелектен аққаланың бейнесін құрастырады.

 

 

 

Ұйымдастыру-іздестіру

«Ақшақар» сурет салу технологиясы:

1. Қағаздың  төменгі жағына үлкен, ортасында орташа, жоғарыда кішкентай дөңгелектерді салғыздыру;

2.Кішкентай дөңгелектің басына шелектін, сәбіздін, сыпырғыштың суреттерін салғыздыру;

Сергіту сәтін ұйымдастыру

«Әдемі түймелер»

 

3. Аққаланың бейнесін бояту;

 

1. Дөңгелектерді кішіден үлкенге дейін салады;

 

2.Шелекті, сәбізді, сыпырғаштың суретін салады;

Ыдыстағы түймелерге қолдарын салып, саусақтарына массаж жасайды.

3. Қалаған түстермен аққаланның бейнесін бояйды;

 

 

Просмотр содержимого документа
«Мүсіндеу сабағы балабақшада»

Күні:25.12.17

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі:Сурет

Тақырыбы:Ақшақар

Мақсаты:Дөңгелек пішіндер арқылы ақшақардың суретін салуды үйрету.

Міндеттері:1. Суретті қылқалам және гуашь пен салуды үйрету;

2. Ойлау, көру қабілеттерін және ұсақ қол моторикасын дамыту;

3.Шыдамдылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:Гуашь, қылқалам, су, сүлгі, үлгі.

Кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Мотивациялық-қозғаушылық

Жұмбақты шешу:

Аяз атаның немере қызы– ол кім?



«Ақшақар»






Жұмбақтың шешімі-Ақшақар



Үлкеннен кішіге дейін дөңгелектен аққаланың бейнесін құрастырады.




Ұйымдастыру-іздестіру

«Ақшақар» сурет салу технологиясы:

1. Қағаздың төменгі жағына үлкен, ортасында орташа, жоғарыда кішкентай дөңгелектерді салғыздыру;

2.Кішкентай дөңгелектің басына шелектін, сәбіздін, сыпырғыштың суреттерін салғыздыру;

Сергіту сәтін ұйымдастыру

«Әдемі түймелер»



3. Аққаланың бейнесін бояту;


1. Дөңгелектерді кішіден үлкенге дейін салады;



2.Шелекті, сәбізді, сыпырғаштың суретін салады;

Ыдыстағы түймелерге қолдарын салып, саусақтарына массаж жасайды.

3. Қалаған түстермен аққаланның бейнесін бояйды;




Рефлексивті-түзетушілік

Дайын суреттерді ортаға салып, бағалайды.

- Аққаланы неден жасауға болады?

- Қандай пішіндерді қолдандың?

- Ең әдемі суреттерді көрмеге іліп қояды.

- Аққаланы қардан жасайды.

- Дөңгелек пішіндерден тұрады, мұрны сәбәз, басында шелек.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Қыс мезгілінің ерекшеліктерін

Нені игереді:

Дөңгелек, үшбұрыш пішіндерден аққала суретін салуды

Нені біледі:

Ұқыпты бояуды

Қорытынды:























Күні:25.12.17

Білім беру саласы:Таным

Бөлімі:Жаратылыстану

Тақырыбы: «Өсімдіктер әлемі»

Мақсаты:Тірі табиғат пен өлі табиғат туралы ұғымдарын кеңейту.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:суреттер

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс –әрекеті

Баланың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық -қозғаушы



Балалар бүгін таңертен почташы бір хаттарды әкелді, ал кім бұл хатты жазған белгісіз (әр балаға конверттегі хатты таратады). Кәне онда не бар екенін көрейікші. Конверттін ішінен геометриялық пішіндерді алып шығады.

Балалар мынау нелер?

Дұрыс айтасыңдар геометриялық пішіндер.

Балалар бұл пішіндерді мына пішілген көрпешені жауып көрейікші. Мүмкін сонда хат кімнен келгенің білеміз.

Дидактикалық ойын: «Көрпені жама»

Тәрбиеші қараңдар балалар мында бір сурет бейнесі болып шықты. Қандай жыл мезгілі салынып тұр?

Дұрыс айтасыңдыр күз мезгілі.

Қайдан біліп қойдыңдар күз мезгілі екенін?

Мүмкін бұл хатты бізге күз жазды?

Балалр менің конвертімде хат бар, оқиды:

«Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен білемін, сеңдер өте мейірімді балаларсыңдар, барлық достарына көмектесесіңдер. Маған сеңдердңн көмектерің керек. Қатты жел соғып ағаштардың жапырақтарың жан-жаққа түсіріп кетті. Енді орман іші шашылып кетті, орман ішін жинасуға келіңдерші. Асыға сеңдерді күтемін. Хат жазған Күз.

Балалар орманға барайық па?

Ендеше екі топқа бөлініп біріміз күзге сыйлық жасап апарайық. Не істеуге болатының түсіндіреді.

Қалған балалар танымдылық орталығына барсың.





Геометриялық пішіндер.







Балалар пішіндерді алып «көрпедегі ойылған орындарына» келтіріп қояды.

Күз мезгілі

Ағаштар жаланаш, жапырақтар сарғайып жатыр.







Балалар хаттың мазмұның тыңдайды.

Барайық деп келіседі.

Екі орталыққа бөлініп шығармашылық орталығында балалар «Күзгі ағаштар» суретін бояумен салыңдар



Ұйымдастыру іс-әрекеті



























































Орманға барады.

«Орманға біз барамыз,

Жауын суын баспаймыз.

Сол жаққа қарай бір қарап,

Оң жаққа да бір қарап.

Аспандағы жарқырап,

Күннің көзін табайық.

Қарайықшы жан-жаққа,

Орман іші тамаша»

Тәрбиеші: балалар міне орманғада келдік. Қаншама жерде жапырақтар жатыр. Расында да Жел ағаш жапырақтарын жан-жаққа шашып тастапты, кәне күзге көмектесейік.

Дидактикалық ойын: «Ағашты тап»

Мақсаты:Балалардың есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, ағаштардың атауын анық айтуға үйрету.

Құралдар: Шырша, қайың , емен, терек

Шарты:Үстел үстіне төрт өсімдіктердің шырша, қайың , емен, терек, олардың жапырақтарының сүреттерін қояды. Жапырақтарына қарай ағаш түрін тауып алу керек.

Сергіту:

Біз күзгі жапырақпыз,

Ағашта біз өсіп тұрғанбыз.

Жел соғып ұшып кеттік,

Ұшып, ұшып жерге қондық.

Жел қайта келіп соқты,

Жапырақтарды ұшырды.

Жапырақтар ұшып, ұшып,

Қонды жерге шашылып.

Күз келеді Амандасады.

Тәрбиеші: күз балалар ормандағы шашылған жапырақтарды жинап болды. Қарашы саған ұнай ма?

Күз қарап рахмет балалар.

Күз балаларға жұмбақ жасырады.


Айнала сары түсті

Бау-бақшада жеміс пісті.

Қамба толы дәнге

Дастарқан толы дәмге

Бұл қай кезде болады? (Күз)


Қозғалмай бір орында қарап тұрар,

Адамның қажетіне жарап тұрар.

Қаншалық жәбір көрсе, сабыр етіп,

Және де көбеймекке талап қылар.

/Ағаш/.


Жазда өседі,

балаларды ортаға шақырып күзге жасаған суреттерін сыйға тартыңдар деп айтады.

Тәрбиеші: күз саған балалардың суретттері ұнады ма?

Күз: рахмет балалар, маған суретерін ұнады. Суреттерге қарап отырып сеңдерді есіме алып отырамын.

Күз қоштасып кетеді. Сау болыңдар балалар!

Дәптермен жұмыс.

Балалар бізде балабақшаға қайтайық.

«Бақшамызға барамыз,


Жауын суын баспаймыз.

Сол жаққа қарай бір қарап,

Оң жаққа да бір қарап.

Аспандағы жарқырап,

Күннің көзін табайық.

Қарайықшы жан-жаққа,

Бақшамыз қандай тамаша»


Балалар орманға баражатып тақпақ сөздерін айта отыра қимыл жасайды.











Ойын шартына қарай тапсырманы орындау керек.








Сөздерді айтып қимылдарын жасайды
















Балалар жұмбақтардың жауабын айтады


















Сөздерді қайталап бақшаға барады.

Рефлексивті-түзетуші

Тірек сұлба арқылы сабақ желісе қайталап бекітеді

Тірек сұлба арқылы балалар сабақ желісін естеріне түсіріп сұрақтарға жауап беру керек.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Тірі өлі табиғаттағы құбылыстарды ажыратып білу керек.

Нені игереді:

Ағаш түрлерін өз ара салыстырып атауларын игереді.

Нені біледі:

Ағаштарды күтіп, табиғатты аялауға, қорғауға үйреніп біледі.

Қорытынды:





Күні:25.12.2017

Білім беру саласы:Вариативтік компонент

Бөлімі:Құм терапиясы

Тақырыбы: «Көлбақаның оқиғасы»

Мақсаты:ой-қиялды,шығармашылық элементтері бар репродуктивтік қиялды дамыту

білімділік:тақырып жайлы кеңінен түсінік беру

дамытушылық:ойлау дербестігін дамыту

тәрбиелілік:Бір-бірін құрметтеуге үйрету

Көрнекіліктер:Құм тақтайшасы,түрлі-түсті құм

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың әрекеті

+

-

Мотивациялық қозғаушы

-Сәлеметсіңдер ме, менің қымбаттыларым!

-Көңіл-күйлерін қалай?

-Сабаққа дайынсыңдар ма?

Сәлеметсіз бе!


-Ия



Іздену-ұйымдастырушы






Қорытынды

-Балалар,сендер тақтада ненің суретін көріп отырсыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар

-Бүгін біз сендермен күн көзінің шуақтарын сары түсті құмнан жасапа үйренеміз

-Кәне барлығымыз мұқият құм тақтайшасына назар аударайық

-Балалар біз сендермен бүгін не жасап үйрендік?

-Күннің көзі







-Күннің көзін






























Күні:13.12.2017

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі:Аппликация

Тақырыбы: «Жаңа жылдық сыйлық»

Мақсаты:Геометриялық пішіндер арқылы жаңа жылдық сыйлық жасау

Көрнекіліктер:Суреттер,желім


Кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

«Өтінемін» ойынын ұйымдастыру






Д/о «Дұрыс құрастыр» ойынын ұйымдастыру



Сыйлықтың жасалу жолын көрсету:


1)Қағаз бұрышынан екі шаршы қиып алғызады.


2)Шаршыға желім жаққызып, ақ қағаз ортасына жабыстырту




3)Екінші шаршыны төртке бөлгізу.

Сергіту сәтін ұйымдастыру:


«Өз орныңда тап»






4)Төрт үшбұрыштарға желім жаққызып, шаршының үстіне жабыстырту


5)Дайын жұмыс үстін сүлгімен бастырту


Жасалынған жұмыстардан көрме ұйымдастырылады.


Баланың әрекеті

+

-


Мотивациялық-қызығушылық







Ұйымдастыру-іздестіру




















Рефлексивті-түзетушілік


Өтінемін сөзін естігенде барлық әрекеттерді орындайды, өтінемін сөзі айтылмаса еш әрекет жасамайды.


Бөлшектерді құрастырып, сыйлық қорабын шығарады





1)Қағаз бұрышынан екі шаршы қиып алады.


2)Шаршыға желім жағып, ақ қағаз ортасына жабыстырады.



3)Екінші шаршыны төртке бөлікке бөледі.

Қолдарына ұнаған пішіндерін алып, музыка әуенімен билейді, музыка тоқтағанда әркім өз пішініне сәйкес орындарына тұра қалады.


4)Төрт үшбұрыштарға желім жағып, шаршының үстіне жабыстырады.


5)Дайын жұмыс үстін сүлгімен басады.


Көрмеге жұмыстарын қойып, салыстырады.



Күтілетін нәтиже:


Нені білу керек:

Пішіндерден бүтін бөлік құрастыруды біледі.



Қорытынды:










Күні:13.12.17

Білім саласы: Таным

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру

Тақырып: «Шаршы,тіктөртбұрыш»

Мақсаты: Өзіне жақын кеңістіктегі бағыттарын ажыратуға үйрету. Оң жақта, сол жақта, ортасында.

Билингвалдік компоненті:


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық -қозғаушы


Балаларға жұмбақ жасырады:

Аю туралы

Дұрыс қайдан біліп қойдыңдар?

Міне бүгін бізге аю қонаққа келді

Аю көп ұйықтады, оянып тұрса, қандай жыл мезгілі екенін білмейді?

Балалар аю қандай жыл мезгілінде ұйықтайды?

Қандай жыл мезгілінде оянады?

Аю өзімен бірге хат әкелді, сеңдер бұл хатта не туралы жазылғанын білесіңдер ме?

Білгілерің келе ме?

Мүмкін сеңдер өз ойларыңды айтып көресіңдер

Балалар жарты шеңбер бойы турады, тәрбиешіні тыңдайды.

Аю

Балалар жауаптарын түсіндіреді.





Жоқ

Иә білгіміз келеді

Пайымдайды, ойларын айтады.




Ұйымдастыру іс-әрекеті































Бұл жұмбақтар ғой:

Піл мен аю ұйықтайды,

Ұйықтайды қоянда да.

Барлықтары ұйқыға жатады,

Бұл қай кезде болады?

Күн шығып нұрын шашады

Балалар балабақшаға барады

Бұл қай кезде болады?

Аспанда күн жарқырап,

Балалар серуенге шықты

Бұл қай кезде болады?

Балаларға тағы бір жұмбақ жасырынады:

Алдымен қара тұлпар озық келер,

Арғымақ мойнын созып кейін келер,

Соңынан боз арғымақ басып озып,

Айналып бірін-бірі жүре берер.

/ Түн, таң, күн/.

Балалар аю уақытында тұру үшін не істеу керек?

Балаларға жұмбақ жасырады:

Денесі бар, сөзі жоқ,

Аяғы жоқ жүреді.

Күнді, түнді өлшейді,

Екі тілді жүрегі

Шешуін кім біледі?

/Сағат/.

суретті қабырғаға ілу. Ойын осылай жалғаса береді.

Дәптермен жұмыс

Шығармашылық орталығында балалары жасаған сығат жапсырмасын аюға сыйлайды.





Түнде



Таңертен


Күндіз








Ойланады

сағат







Рефлексивті-түзетуші

«Ыстық доп» ойынымен сабақ желісін бекіте отырып, балалардан қызығушылығын одан ары қарай дамыту.

«Ыстық доп» ойынын барысында тез жанылмай сұрақтарға толық жауап беру керек.


Күтілетін нәтиже: Тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтай білуін таңертең-кеш, күн-түн білуі керек.

Білуі қажет: Екі топтағы заттарды салыстырып теңдікті құру әдісін білуі қажет.

Игеруі қажет: Санын атамай бір топтың затын екінші топтың затымен беттестіруін игеруі қажет.

Үйренуі қажет: Өзіне жақын кеңістіктегі бағыттарын ажыратып, дұрыс түсініп білуін қажет.

Қорытынды:





























Күні:15.12.17

Білім беру саласы:Коммуникация

Бөлімі:Драма

Тақырыбы: «Ақымақ қасқыр»

Мақсаты: шығарма мазмұнымен таныстыру.Шығарма кейіпкерлерінің бір-біріне айтқан сөздерін айтқызу арқылы оны сахналауға талпындыру. Еңбекқорлыққа,баулу.

Көрнекіліктер: ертегінің суреттері, кейіпкерлердің жылжымалы суреттері

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Ынталандыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Қол алысып, кәне біз,

Достасайық бәріміз

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Шаттық шеңберін орындайды

Негізгі бөлім

Әңгімелесу

Бүгін бізде өзгеше сабақ болады, біз сыйқырлы поезға отырып барлығымыз Ертегілер еліне аттанайық.(балалар бір - бірінің иығынан ұстап, Л.Яхнниннің орындауындағы «Ертегілер» әнінің ырғағымен поезд болып қозғалады.)

- І аялдамаға келдік - қане, мына аялдамадағы суреттерге қарап аялдаманың атын тауып көрейікші? (Магнитті тақтаға бекітілген ертегі кейіпкерлерінің суреттеріне қарап отырып балалар «Шалқан» ертегісі деп жауап береді.

- Қане, балалар, біз «Шалқан»ертегісін есімізге түсірейік. (Балалар жарты шеңбер құрып отырады. Ертегі кейіпкерлерінің костюмдерін киген балалар ертегіні сахналайды.)

- Ал, енді саяхатымызды жалғастырайық.

ІІ - аялдама – мына жерде қызық суреттер ілініп тұр, балалар. Қане, қарайықшы, бұл қандай ертегі? Суретте не бейнеленген? (Қабырғадағы суреттерге қарап, балалар бұл «Үйшік» ертегісі екенін айтады.

Сұрақ – жауап: - Үйшікке бірінші болып кім келді? Тағы кімдер келді? Үйшікте барлығы нешеу болып тұра бастады? 4 - ші болып кім келді? Соңынан кім келді? Аю не деді?


Ғажайып сәт: Есік қағылып, аю келеді, жылап тұр.(Аю костюміндегі бала)

- Аю, саған не болды? Неге жылап тұрсың?

Аю үйшіктің құлап қалғанын айтып, балалардан үйшікті құрастыруға көмектесуді сұрайды.

- Аюға көмектесеміз бе, балалар? (Балалар «иә» деп жауап береді.

- Олай болса, алдымен аюды көңілдендіріп алайық, иә, балалар?

Балалар мұқият тыңдап отырады

Білу: Суретке қарап мазмұнын айта білу.

Меңгеру: Шығармадағы кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл - қозғалысын ойнап келтірді. Ермексазбен, конструктордан өз еріктерімен жұмыс дағдыларын көрсетті.

Қорытынды:















Күні:15.12.17

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру

Тақырыбы:« Сызықтардың, жіптердің арасымен жүгіру. (қайталау)»

Мақсаты: Ереже бойынша жүруге үйрету. Қимыл-қозғалыстарын дамыту.Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап,үлгі

Көрнекіліктер: кеглилер,доп

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

+

-

Ынталандыру кезеңі




Ал, балалар, келіңдер!

Сапқа тұрамыз бәріміз.

Мойнымызды бұрамыз,

Қолымызды созамыз.

Аяқтармен топ-топ басып,

Шынығамыз бәріміз!

Балалар барлығы

хормен қайталады.











Негізгі бөлім

Әңгімелесу


-Кәне,балалар алдымызда тұрған кегли бойымен тізені көтеріп жүруді үйренеміз

-Қазір екі топқа бөлініп кедергі арасымен жарысып эстафеталық ойын ойнаймыз.Ойынның мақсаты менің нұсқауым бойынша тапсырманы шапшаң,дұрыс орындау қажет.Осы ойынды қызықты өту үшін бізге қонаққа қоян келіпті кәне қоян сенде біздің балаларға белсенділік көрсетіп ойынға қатыса ғой

-Қоян!

Балалар амандасады.


Балалар қоян мен тәрбиешінің артынан жүреді.









Қимыл-қозғалыс ойыны

Қане, балалар, қоянмен бірге қимыл қайталайық.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлерден

Ытқып-ытқып секірді.

Қимылдарды қайталайды.



Сөздік жұмыс


Қоян, секіру, жүгіру, балабақша, тұру.

Балалар сөздерді қайталап, мағынасын түсіндіруге тырысады.



Қорытынды:

Күні:21.12.2017

Білім беру саласы:Коммуникация

Бөлімі:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Үй заттары»

Мақсаты: Халық ауыз әдебиеті мен балалар әдебиеті шығармаларымен таныстыру.

Көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру.

Сөздік қорларын дамыту.

Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Қоржын,жиһаздар,ұсақ үй заттары-суретіМ.Әлімбай портретін, Пропп карта –сурет,доп,мольбертте үйдің бөлмелерінің суреттері

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық –қозғаушы




Әже қонаққа келеді. Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мен сендерге мына ақ, қоржынды әкелдім. Оның ішіндегі заттар сеңдерге керек болады деп ойлаймын.

Сендер бұл қоржын ішінде не бар екенін білгілерің келеме?

Ал, олай болса сендердің тәрбиешілерің ішінде не бар екенін айтып берсін. Қоржынды қалдырып , хоштасып кетеді.

Сәлеметсіз бе әже!







Балалар келіседі.

Сау болыңыз әже.



Ұйымдастыру іс-әрекеті


















Балалар қоржынның ішінде не бар деп ойлайсыңдар?

Бір баланы шақырып қоржынның аузын ашады.

Заттарды алып шағарады, атап отырады (ұсақ үй заттары)

Шеге, шелек, шымылдық, балта, пышақ, сандық , бесік дөнгелек үстел, асадал, субер, қол орақ, тоңазытқыш, сандық, сөре, шанышқы, қобдида, сыпырғыш, шамадан.

Тамаша балалар. осы заттарды ортақ сөзбен қалай айтамыз?

Сеңдерге осы үй заттары ұнады ма? Әдемі ме?

Сендер осындай заттарды жасай аласыңдар ма?

Ендеше, бірінші топ-кімде үй заттары- Өнер орталығына барып ұнатқан затты жасасын, екінші топ - тіл орталығына менімен бірге барсын.

Дем алу гимнастика жаттығулары

(желдің үрлеу суреті)

«Қатты жел» - мұрыңмен терең дем аламыз, ауызбен үрлеп шығарамыз.

Жел қалай соғады ? (Терең дем аламыз, шығарғанда үстел үстіндегі жапыраққа үрлейміз. Жапырақ арқарай ұшу керек)

Жұмбақ жасыру

Кіруге адам батпайды,

Затыңды аман сақтайды.

/Сандық/.

Төрт бұрышты,

Бір ауызды.

/Әбдіре/.

Жайса - көлдей,

Жиса - жеңдей.

/Шымылдық/.

Төрт келінге бір орамал.

/Үстел/.

Бір жігіт үш белбеу байланады.

/Бесік/.

Не туралы жұмбақтар болды?

Ал балалар ендеше М.Әлімбай сеңдерге жазған

«Үй заттары» шығармасын оқып берейін, тындайық. М.Әлімбай туралы мәлімет беру, портретін көрсету таныстыру.

Тақпақты мазмұндау:

Не туралы жазылған?

Бұл үй заттары адамдарға не үшін қажет?

Үй заттары қалай күтіп ұстау керек?

Сөздік жұмыс: Сандық, асадал, қобдида.

Пропп карта суреттерді алдын ала дайындап қою керек

Ал, енді шығарманың желісін тірек сызба арқылы ретімен айтып көрейік.

Мақал –мәтел:

«Сыпырғы келсе шаң қашар»

Сергіту сәті:

Дидактикалық ойын

"Біздің пәтер"

Шығармашылық орталығында балалардың жұмыстарын бағалап "Отбасы" сюжетті рольдік ойынын орталығына апарып қояды.

Сөздік ойын:

Үстел мен орындықтар тұр,

Қараса аяқтары босап ....(тұр)

Ағаш төсек керемет,

Мен жататын...... (кереует)

Тық-тық-тық,

Ашылды ақ.... (саңдық)

Піскен тағам бәрі адал,

Тұрса үйде...... (асадал)

Балалар ойланып жауаптарын айтады.



Балалар таныс заттардың атын айтып отырады.





Жиһаздар, үй заттары



Ұнады. Иә әдемі



Иә жасаймыз.

















Балалар екі орталыққы бөлінеді







Тәрбиешімен бірге жасайды, қимылдарды қайталайды















Жұмбақтардын жауабын айтады

























Үй заттары туралы



Балалар тыңдайды.

М.Әлімбай суретін көреді.



Шығарманы мұқият тындайды, суреттерге назар аударады

Сұраққа жауап береді.









Пропп карта –сурет бойынша мазмұндайды



Сөздерді талдайды.

Мақалды тыңдау . Түсіндіреді

Таза болады деп жауап береді



Ас бөлмесі

Ұйықтайтын бөлме

Қонақ бөлмесі

Балалар суреттерді тауып топтастырып орналастырады.

Балалар жиһаздарды неден, қалай жасағаның түсіндіріп айтады.



Балалар жауап береді






























Күні:21.12.17

Білім беру саласы:Вариативтік компонент

Бөлімі:Ойлан тап

Тақырыбы: «Қалт етпей қағып ал,жауабын тауып ал»

Мақсаты:1) балаларға математика туралы ұғымдарын қалыптастыру; 2) танымдық қабілеттерін дамыту; 3) қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:суреттер

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы












Ұйымдастыру іс-әрекеті




Сергіту сәті



















Рефлексивті түзетуші

Топқа қонаққа қуыршақ келеді. Балалармен аманадасады.

  • Қуыршақ көңіл күйің жоқ қой?

  • Иә мен саяхатқа шығайын дегем, бірақ достарым жоқ.

  • Ендеше біз саған көмектесеміз? Балалар келіссеміз бе?


Балалар қуыршақпен барлығымыз математика еліне саяхатқа шығамыз. Онда біз тапсырмалар орындап, ойындар ойнаймыз.

Дид.ойын «Пішіндерді дұрыс қой»

Мақсаты: пішіндерді өз орнына қоюға үйрету.

Балалар келесі бізге тапсырма «Түсіне қарай орналастыр» деп аталады.

Мақсаты: балаларға түстерді меңгерту.

Ал балалар қазір біз бойымызды жазып дем алайық

Балалар мына жерде тағы бір тапсырма бар екен. «Қанша қуыршақ?» деп аталады. Мақсаты: қуыршақтарды санауға үйрету.


Балалар бүгін біз не үйрендік?

Қайда саяхатқа бардық?

Қандай тапсырмалар орындадық?

Ормандағы аюдың құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық

Балалар қонақты қарсы алады, амандасады.


Қойылған сұрақтарға балалар толық жауап берді.





Саяхатта тапсырмаларды балалар қызығушылықпен орындап, «қанша», «неше» сұрақтарына жуап


Сергіту сәтін қимылмен көрсете білді.




Қуыршақтарды санап, салыстырып, сұрақтарға жауап берді.

Күтілетін нәтиже:

Білуі қажет: алғашқы ойлау операцияларын: салыстыру, қорыту, заттар мен түсініктер арасындағы байланыстарды құру ептіліктерін білулері керек.

Қорытынды: