Мотивациялық-қозғаушылық
|
Балалар музыка залына әуенмен кіреді. Музыка жетекшісі мен амандасады. Жеңіл музыка әуенімен жүгіреді. Қолдарын жоғары көтеріп, қолды білезік буынынан қозғайды. Әуенге ілесіп қимыл жасайды.
Әуен тоқтағанда бірге тоқтау керек.
- бүгін бізге қонаққа Ақмарал деген қуыршақ келіпті. Ақмарал сендерді күте-күте шаршап ұйықтап қалыпты.
|
Балалар музыка үніне ілесіп қадам жасайды. Амандасады. Жеңіл музыка үнімен аяқты жеңіл көтеріп жүреді. Қолдың басын бұынынан бұрап қимыл жасайды.
Қимылды әуенге ілесе жасайды.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Қазір мен ән айтайын, сендер тыңдаңдар.
ән тыңдау: «Қуыршақпен билейміз» әні орындалады.
«ұйықтап жатыр дамылдап,
Әлди, әлди, әлди-ай»- деген жеріне келгенде дауысты бәсеңдетіп, балаларды да тыныштандырып, тыныштық сақтауға шақыру керек.
Ән қайталанып айтылғанда қуыршақ ұйқыдан оянып,би билей бастайды.
би: «қуыршақпен би» (А.Асылбек)
«қолдарыңды созыңдар, балалар, ля-ля-ля»,-деген жерінде қолдарын шапалақтауды ұсынады.
Балалар ақмарал сендерді көңілді ойынға шақырып тұр.
Музыкалық дидактикалық ойын:«Қуып жет» ойыны ойналады.
Ақмаралды тәрбиеші көтеріп жүгіреді. Ойын керісінше қайталанады.
Балалар ақмарал сендерге қуанып рахмет айтып жатыр. Енрді Ақмарал сендермен ән айтқысы келіп отыр.
Ән айту: «Қуыршақпен билейміз» (ж.Тұрсынбаев, Е.Өтетілеуұлы).
Музыка жетекшісі қуыршақты ұйықтауға жатқызады және ол туралы ән айтады.
Тыныш, тыныш, балалар,
Қуыршағым Ақмарал
Ұйықтап жатыр дамылдап,
Әлди, әлди, әлди-ай.-деп балаларды бірге айтуға ұсыныс білдіреді.
Жетьекші балалармен бірге әнді айта отырып, би қимылдарын жасай айтуды ұсынады.
|
Балалар әнді қызыға тыңдап, тамсанады.
Әлди, әлди,-деп айтып үйренеді .
Балалар ән екінші рет қайталанып айтылғанда тыныштық сақтап отыруға тырысады.
Жетекшімен ілесе ,ля,ля, ля- деп әндете айтып дағдыланады.
Ойынға белсене жақсы көңіл-күймен ойнайды.
Әнді музыканы тыңдап, көңілді –көңілсіз әуенді сезіне ажырата айтуға талпынады.
Әнді музыка жетекшісі мен бірге қалыспай айтып дағдыланады.
|