Мотивациялық -қозғаушылық
|
«Сыйқырлы жіп» ойынын ұйымдастыру
Мақсаты: Зейіндерін шоғырландыру
Шарты:Шеңберде тұрып бір-біріне жылы лебіз айтады
|
Бір-бірлерін жылы лебіз айтады.
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
Топқа марғау ( мысықтың баласы) келеді. Балалармен бірге қалғысы келетінін айтады. Бұдан соң топта тауықтың да бар екенін байқап, одан қорқатынын айтады.
Педагог: Сен тауықтан қорқасын ба? – деп сұрайды.
-Йә, - дейді мысық.
Педагог: Сен оның балапандарын жеп қойған шығарсың. Онда мына әңгімені тыңдайық, марғау неге тауықтан қорқатынын білеміз.
«Мысық пен тауық» әңгімесін оқу.
Тауық балапандарын серуенге алып шықты.Мысық балапандардың жанына жүгіріп келеді.Мысықта көріп қалған тауық қанаттарын жайып жіберіп,қауырсындарын тікірейтіп еді тіптен үп-үлкен болып шыға келді. Сөйтіп мысыққа тап берді.Оңың көздері шоқи бастады.Мысық артқа қарай ырғып түсті де. Жонын күжірейтіп, ырылдап, қорқытуға кірісті.Ал тауық одан қорқып сескенген жоқ, мысықты одан сайын шоқи түсті.Мысық қорқып, қашып кетті.Ол қайтіп балапандарға тиіспейтін болды.
Әңгімені талдау:
-Әңгіме не туралы?
-Мысық не істеді?
-Тауық ше?
-Не дұрыс жасады?
-Ал не бұрыс жасады?
Сергіту сәті:
Тамаша, тамаша
Қандай жақсы тамаша
Би билейміз баршамыз
Әніміз тұр жараса
Түсіндіру.
-Әр ана өз баласын қорғайды. Сондықтан әңгімедегідей жануарлардың, құстардың балаларына тиіспеңдер. Олардың аналары сендерге қатер туғызады. Сендерге ашуланып, жаман әсерін тигізуі мүмкін.Біздің де аналарымыз бізді қауіп -қатерден қорғап жүреді.Сендер жануарлардың балаларына қамқор болуға тырысыңдар.Оларды қинамаңдар.
|
Марғаудың кіргеніне таңданып қарайды.Оған топта қалуға болатынын айтады.
Тауық ешкімге тиіспейтінін айтады
Әңгімені зер салып тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді.
Тақпақты қимылымен жасап,орындайды.
Мұқият тыңдап , аналардың әрқандай жағдайда да өз баласына жаны ашып, баласын қорғайтынын біледі.
|