СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Определение качества семян

Нажмите, чтобы узнать подробности

лабораторная работа. определение качества семян.

Просмотр содержимого документа
«Определение качества семян»

Өсімдік шаруашылығы пәні.

1502000 «Агрономия» мамандығы бойынша III – курс.

«Дән сапасын анықтау» тақырыбы бойынша лабораториялық сабақ.

Мақсаты: дән сапасын анықтауыш белгілермен танысу, дән сапасын анықтайтын жұмыстармен танысып, сол жұмыстарды орындауға үйрену.

Міндеттері: 1) студенттердің, агроөнеркәсіп саласындағы дән сапасының мәні туралы, ойын қалыптастыру; 2) қажетті құралдармен жұмыстану біліктілігін дамыту, қорытынды жасауды дамыту; 3) профориентациялық жұмыстарды жалғастыру.

Әдістер және әдістемелік тәсілдер: Т.А.Арыстанғулов. «Өсімдік шаруашылығы» оқулық, «Өсімдіктану» әдістемелік нұсқау, жұмыс дәптері, электрондық таразы, пурка 250 мл., диафаноскоп, влагомер, дән үлгілері, қалам, сызғыш, ақ халат.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру сәті:

Сәлемдесу. Жоқ студенттерді белгілеу.

Бүгінгі сабақта «Дән сапасын анықтау» тақырыбы бойынша лабораториялық сабақ өткіземіз. Бірақ алдымен өткен тақырып бойынша бірнеше тапсырма орындаймыз.

  1. Үй жұмысын тексеру: үй жағдайында дәнді егіп, ұрықтану сапасын бақылау нәтежесімен бөлісіп таныстыру (тәжірибе күнтізбелігі, ұрықтанған немесе ұрақтана алмаған үлгі, атқарылған іс-шаралар тізімі, яғни өсу жағдайларын көрсету).

  2. Жаңа тақырыпты меңгеру:

Дәннің сапасын білдіретін бірнеше көрсеткіштер белгілі, атап өтетін болсақ: егістік қасиеттері, дән натурасы, дән ылғалдылығы, дән жылтырлығы және т.б. белгілер.

Бұл белгілерді анықтауда өткізілетін талдаулардың 4 түрімен бүгін танысамыз: 1000 дәннің салмағын анықтау, дәннің көлемдік салмағын анықтау, дән жылтырлығын анықтау, дән ылғалдылығын анықтау.

1 жұмыс. 1000 дәннің салмағын анықтау. Бұл көрсеткіш дәннің орташа өлшемін көрсетеді. Яғни, бұл көрсеткіш арқылы дәннің егістік қасиеттерін бағалауға болады. Қажетті құрал: электронды таразы және 1000 дән. Анықталған салмаққа қарап дәннің қай топқа жататынын көреміз: ірі, орташа немесе ұсақ.(25г-40г ірі.). Өлшенген екі үлгінің салмақтары бір бірінен айырмашылығы 3% жоғары болмауы тиіс. Дәптерге ақпаратты түсіру.

2 жұмыс. Дәннің көлемдік салмағы. 1 литр дәннің граммен көрсетілген салмағын дәннің натурасы немесе көлемдік салмағы деп атаймыз. Бұл көрсеткіш бидай дәнінің бірнеше қасиеттерін сипаттайды: астық өнімділігін, құрылымы, ылғалдылығы, астық бетімен салмағының теңдігін және т.б.

Жұмысты өткізу үшін келесі құралдар қажет: пурка және дән үлгілері

(2 кг). Алдын ала дән тазартылады. Натураны анықтауға қолданылатын прибор – Пурка. Әдетте 1 литрлік пурка қолданылады. Егер дән саны шектеулі болса жарты литрлік немесе төртінші бөлігі қолданылады. Дәннің үлкен партиясы кезінде 20 литрлік пурка қолданылады, бірақ бұл кезде алдын ала дән тазартылмайды, яғни анықталған нәтеже дәннің барлық партиясын сипаттауы қажет. Пурка құрамында: мерка, толтырғыш, воронкалы цилиндр, түсетін салмақ, пышақ, таразы мұның бәрі жәшігте жиналады. Жәшік бетінде үясы бар оған приборды орнатамыз.

Анықталған салмақ, дәннің көлемдік салмағын көрсетіп, яғни жоғары, орташа және төмен. (700-820гр.жоғары, 600-700 гр.орташа, 600 төмен төмен егістік қасиетті білдіреді.). Дәптерге ақпаратты түсіру.

3 жұмыс. Дәннің мөлдірлігі. Дән мөлдірлігі – дән құрамындағы ақуыздың мөлшерін және наубайханалық қасиеттерін сипаттайды. Дән мөлдірлігіне – сұрыптың тұқым қуалаушылық қасиеттері, олардың көрінісіне өсу жағдайлары әсер етеді (климаттық және агротехникалық).

Мөлдірлігі жоғары дәндердің ерекшелігі – ол жоғары сапалы клейковинасы немесе клебері бар ақуыздылығы. Ал, керісінше мөлдірлігі төмен дәндердің құрамының көп бөлігі крахмалдан тұрады, ұзынынан кессек дәнді ортасы ақ түсті, жұмсақ және бойынан жарық өткізбейді.

Мөлдірлігіне қарай дәндер негізгі 3 топқа бөлінеді: 1) мөлдір – дән толығымен мөлдір таза және сонымен қатар лай жерлері ¼ бөлігін ғана құрайды; 2) лай – толығымен лайлы дәндер және мөлдірлігі ¼ бөлігін құрайтын дәндерді жатқызамыз; 3) ішінара мөлдір – бұл топқа мөлдірлігі ¾ бөлігінғана құрайтын дәндер жатады.

Жұмысты орындау үшін 100 дән және мөлдірлікті анықтайтын прибор қажет. Прибордың аты Диафаноскоп. Приборда электролампа бар 55 вт. Лампамен решетка арасында линза бар, үлкейту үшін. Приборға салғанда ыдыстағы мөлдір дәндер – жарық өткізеді, лай дәндер – жарықты өткізбей қараңғы болып тұрады. Ішінара мөлдір дәндер – жарықты жартылай өткізеді.

  1. Төмен мөлдірлік – 40% төмен

  2. Орташа мөлдірлік – 40-70 % арасы

  3. Жоғары мөлдірлік – 70 % жоғары.

Дәптерге ақпаратты түсіру.

4 жұмыс. Дәннің ылғалдылығын анықтау. Дән ылғалдылығын анықтау үшін дән үлгілері және «Влагомер» атты прибор қажет. Құралдың ішін дәнге толтырып, қақпағын нығыз, аяғына дейін жабамыз. Содан соң Р кнопкасын басып, экранына шыққан санды жазып алу қажет. Сол сан дәннің ылғалдылығын анықтайды. Ылғалдылығы 14 % жоғары дәндер төмен көрсеткіш білдіреді. Дәптерге ақпаратты түсіру.

  1. Пысықтау. Әдістемелік нұсқаулықты пайдалана отырып, берілген дән үлгісінің сапасын анықтау қажет.

  2. Үй жұмысы. «Өсімдік шаруашылығы» оқулығы, 80-85 беттердегі ақпаратты қолдана отырып, БҚО өндірілетін дәнді дақылдардың сапасы туралы баяндама дайындау.

  3. Бағалау.

  4. Рефлексия. Сабақ барысын еске түсіріп, ойларын жинақтап, келесі сәттерді ойластыру:

Не ұнады

Нені білдім

Алдағы уақытта нені білгім келеді