Просмотр содержимого документа
«Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Қарлығаш пен дәуіт»
Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 06.11.18
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Білім беру саласы: Қатынас
Пән: Драма
Өтпелі тақырып: Жыл құстары
Тақырыбы: Қарлығаш пен дәуіт
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Кейіпкерлердің дауыс ырғағын, мимикасын көрсетуге жаттықтыру. Ертегі арқылы балаларды қайсарлыққа, мейрімділікке тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Өз ойын дұрыс тұжырымдап айтуға дағдыландыру.
3.Оқыту: Балаларды ертегі тындауға, байланыстырып сөйлеуге және мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету:
Билингвалдық компонент:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Есік қағылады. Ішке ертегілер елінен келген Тазша бала кіреді.
ІІ. Негізі бөлімі
1.Әңгімелесу
Балалармен амандасады. Тазша бала өзімен бірге ертегі, жұмбақтар әкелгенін айтады. Балаларға жүмбақ жасырады.
2.Тазшаның жұмбағы:
Қонып алып жарға, қарқылдайды ... ( қарға)
Өзі жасыл әрі батыр, ол не? ... (дөуіт)
Өзі қара, бауыры ақ, ол не? ... (қарлығаш)
Тазша бала «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін айтып береді.
3.Сұрақ- жауап
«Қарлығаш пен Дәуіт» ертегісін балаларға оқып таныстыру.
- Қарлығаштың ұясы қайда орналасқан?
- Жылан не үшін келді?
- Қарлығаш көмекке кімді шақырды?
- Көкек не деді?
- Қарға ше?
- Дәуіт не істеді?
- Қарлығашқа кім көмектесті?
Ертегіні рөлге бөліп ойнату.
4.Тыйым сөздер:
Құстың ұясын бұзба!
Құстың балапанына тиіспе!
Құсқа тас лақтырма!
5.Сергіту сәті:
Қарлығаш боп ұшайық,
торғай болып қонайық,
Сауысқан боп секіріп,
тоқылдақ боп шоқиық.
(Қимылмен көрсетеді).
6.Сөздік жұмысы
Қарлығаш- ол жыл құсы. Оның құйрығы айыр болып келеді. Олар ұяларын сарайлардын бұрышына немесе төбесіне салады.
Дәуіт- жыртқыш жәндіктер қатарының бірі. Дәуіттің басы қозғалысқа өте икемді, денесі ұзынша, жасыл, сары, қоңыр түсті. Қос қанаты, алдыңғы екі аяғы жемін қармауға икемді келеді.
7.Дидактикалық ойын: «ұшты-ұшты»
Ойын шарты: «Ұшты-ұшты қарлығаш ұшты» деген кезде балалар қолдарын көтереді. Ұшпайтын затты айтқанда, қолдарын көтермеуі керек.
Тазша балалармен бірге ойнайды. Өз ризашылығын білдіріп, ертегілер еліне қайтады.
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
- Қарлығаш - адамға дос.
- Дәуіт - адал, достарына көмектеседі.
- Қиындықта достарыңа көмектесу керек.