СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Отбасы жарастығы

Нажмите, чтобы узнать подробности

План урока по самопознаниюе для 5 классов.План урока про семью.

Просмотр содержимого документа
«Отбасы жарастығы»

Өзiн-өзi тану сабағы


Мектеп Ханарық Мерзiм18.11.2016ж №11

Тақырып: Отбасы жарастығы

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: достық,татулық,жан-жануарларды жақсы көру.

Мұғалiм: Рахмеджанов Азимжан Сынып:5 Оқушылар саны:


Сабақтың мақсаты: Отбасы жарастығы сүйіспеншілік құндылығы арқылы түсіндіру.

Міндеттері:

-оқушыларға достық туралы түсінік беру;


-оқушылардың бойына татулық қасиеттерін дамыту;


Оқушыларды жан-жануарларды жақсы көруге тәрбиелеу;



Сабақ барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Су асты патшалығына ойша саяхат.

(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз.Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Ресурстар:

2.Үй тапсырмасын тексеру.

  • «Отбасы бақыты» тақырыбында әңгіме құрастырып келдіңдерме?

  • Қане кім өз отбасы туралы оқып береді?


Сабақ барысын талқылау:


3.Әңгiмелеу (сұхбат).

«Отбасы татулығы» атты аңыз әңгімені оқиық.

  • Мәтінді оқи отырып не түсіндіңдер?

  • Өсиет әңгіменің мәні неде?

  • Отбасының татулығын ұстап тұрған нендей қасиеттер екен?


4.Дәйек сөз.

«Отбасының өнегесі – Отан өнегесі»

Б.Момышұлы

Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?


5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Отбасына қатысты мақал-мәтел айтып жарысу.


6.Топпен ән айту

Сен бақытты ұлансың

М.Қуанышбеков


7.Үй тапсырмасы.

«Мен қазақ баласымын» атты Е.Өтетілеуұлының өлеңін оқып келіңдер.


Соңғы тыныштық сәті

Баяу музыка қойылады. Тыныс алуға зейін қою.

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.