Ортаңғы«Жұлдызша» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметініңконспектісі.
Өткізу күні: 14.02.2020ж.
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Пән: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып: «Көлік»
Тақырыбы: Машина
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Жан –жақты дамыту, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Дамытыушылық: Ой қиялын дамытып, сөздік қорын молайту.
Оқыту: Балаларды тақпақты зейін қоя тыңдап мазмұндап беруге үйрету.
Педагогикалықтехнологиялар: Дамыту-оқыту, ойын технологиясы.Сөз қорларын молайтыу.
Ресурстармен қамтамасыз ету:Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер көрсетету.Ойыншық машина.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңберіне тұрғызады.
Дос болып біз жүрейік,
Ойнайық та, күлейік.
Достық деген тамаша,
Міне, тұрмыз жараса.
-Балалар, бүгін ерекше күн. Біз бүгін ойыншықтар әлеміне саяхатқа шығамыз.
Шаттық шеңберге тұрады, қолдарын көтеріп, қимылмен көрсетеді.
Қуанады.
2.Негізгі бөлімі:
-Балалар, сендер ойыншықтарды жақсы көресіңдер ме?
-Қандай ойыншықтың түрлерін білесіңдер?
Ойыншықтардың темірден, ағаштан, резеңкеден жасалатыны және матадан тігілетінін айтады. Есік қағылады. Қонаққа сиқыршы келеді.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Қазір мен сендерді өзімнің сиқырлы әлеміме қонаққа апарамын. Барасыңдар ма? Ендеше, бәрің көздеріңді жұмыңдар. Алақай, малақай! Суф! Суф! Ал енді көзімізді ашамыз.
-Шынында да қараңдаршы, біз көп ойыншықтар әлеміне тап болдық. 2-3 ойыншықты көрсетеді. (машина, қуыршақ, доп).
-Мынау не? Машина. Ол қандай?
Балалар басқа да ойыншықтарын сипаттайды (атын атайды, үлкен, кішкентай және жұмсақ, қатты екенін, неден жасалғанын ажыратады).
Сиқыршы: Балалар, мына ойыншықтарды сендерге сыйға тартамын, топқа барғанда ойнайсыңдар, ойыншықтарды ренжітпей, ұқыпты ұстап ойнаңдар. Олай болса көзімізді жұмып, тобымызға оралайық. Сиқыршы балалармен қоштасып шығып кетеді.
Сергіту сәті.
Құлыншағым, құндызым,
Құлдырайды, шабады.
Жылтыңдаған жұлдызым,
Құстай қанат қағады.
Ойын шарты: ойыншықтардың арасынан допты, қуыршақты және керікті табу. Жеке жұмысты қажет ететін балалардан сүйікті ойыншықтарын сұрау.
-Иә!
-Қуыршақ, машина, доп, қонжық, аю, қоян, балапан, т.б.
Сәлемдеседі.
-Иә! Көздерін жұмады.
Көздерін ашады, түрлі ойыншықтарды көреді. Ойыншықтарды атпа, сипаттайды.
-Мынау-машина. Ол қатты, қызыл, әдемі..
3.Қорытынды:
-Бүгін бізге қонаққа кім келді?
-Қайда бардық?
-Нені көрдік?
-Өздерің ойыншықты қалай күтіп ұстайсыңдар?
Тәрбиеші сұрақ-жауап арқылы ойыншықтар жайлы білімдерін қорытындылап, балаларды мадақтайды.