Ортаңғы«Жұлдызша» тобына ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Күні: 10.03.20ж.
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып: «Жер-Ана!»
Тақырыбы: "Таныс пішіндер доминосы"
Мақсаты:
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Геометриялық пішіндер жайлы білімдерін дамыту.
Оқыту: Көп заттың ішінен біреуін таңдауға үйрету.
Билингвальдік компонент: пішіндер-фигуры,шаршы-квадрат,үшбұрыш-треугольник,шеңбер-круг.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: Жеке тұлғаға бағытталған, ақпараттық коммуникативтік,ойын технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: Фребельдің дидактикалық материалдары, слайд, интерактивті тақта
Ұйымдастырылған оқу қызыметінің барысы:
1. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Просмотр содержимого документа
«Өтпелі тақырып: «Жер-Ана!» Тақырыбы: "Таныс пішіндер доминосы"»
Ортаңғы«Жұлдызша» тобына ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Күні: 10.03.20ж.
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып: «Жер-Ана!»
Тақырыбы: "Таныс пішіндер доминосы"
Мақсаты:
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Геометриялық пішіндер жайлы білімдерін дамыту.
Оқыту: Көп заттың ішінен біреуін таңдауға үйрету.
Билингвальдік компонент: пішіндер-фигуры,шаршы-квадрат,үшбұрыш-треугольник,шеңбер-круг.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: Жеке тұлғаға бағытталған, ақпараттық коммуникативтік,ойын технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: Фребельдің дидактикалық материалдары, слайд, интерактивті тақта
Ұйымдастырылған оқу қызыметінің барысы:
1. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Сәлемдесу:
Білер қазақ баласы Сәлем сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен, Көп танысты көреміз.
Барлығына ізетпен Біздер сәлем береміз.
Сәлеметсіздер ме! Мен математика әлемінен келген сиқырлы пойызбын. Менің вагондарымда сендерге арналған көңілді пішіндер бар. Кәне, соларды тамашалап өткен оқу іс-әректіміздегі танысқан пішіндерді есімізге түсірейікші .
Мынау :
- Шаршы - қызыл шаршы; - шеңбер - сары шеңбер;
- үшбұрыш – көк үшбұрыш;- тіктөртбұрыш – жасыл тіктөртбұрыш;
- жұлдыз – күлгін жұлдызша.
2. Негізгі бөлім:
Балалар пішіндерді мен сендерге сыйға тартамын. Ол пішіндермен бірге сендерге арналған тапсырмалар мен ойындарым бар. Сендерге шығармашылық табыс тілеймін!
Тәрбиеші:Балалар сиқырлы пойыздың берген сыйлығын ашып көреміз ба?
- Ой, қандай керемет сыйлықтар. Мынау тапсырмалары мен ойындары екен.
Ойын: «Кандай пішін жетіспейді?». Шарты: берілген пішіндерді мұқият қарап алған соң балалар көзін жұмып, жүргізуші бір пішінді жасырады. Сәлден соң балалар көзін ашып қай пішін жетіспейтінін анықтауы керек.
Сергіту сәті: Видео арқылы қимыл – қозғалыстар жасалады.
Д идактикалық ойын : «Таныс пішіндер доминосы»
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: пішіндер бейнеленген суреттер.
Ойынның мазмұны: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар сурет сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді.
3. Қорытынды:
Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу қызметін аяқтамыз.