Ортаңғы «Жұлдызша» тобына ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Күні: 12.03.20ж
Тәрбиеші: Сағындық З.С.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып: «Жер-Ана!»
Тақырыбы:
"Таныс пішіндер доминосы"
Мақсаты:
Тәрбиелік:
Ұйымшылдыққа, бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Геометриялық пішіндер жайлы білімдерін дамыту.
Оқыту:
Көп заттың ішінен біреуін таңдауға үйрету.
Билингвалдық компонент: пішіндер- фигуры, дөңгелек- круг, шаршы- квадрат, үшбұрыш -треугольник
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: түсіндіру, көрсету, үйрету, сергіту сәттері
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: пішіндер, шаршы, үшбұрыш, дөңгелек
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Таныс пішіндер доминосы"»
Ортаңғы «Жұлдызша» тобына ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Күні: 12.03.20ж
Тәрбиеші: Сағындық З.С.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып: «Жер-Ана!»
Тақырыбы:
"Таныс пішіндер доминосы"
Мақсаты:
Тәрбиелік:
Ұйымшылдыққа, бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Геометриялық пішіндер жайлы білімдерін дамыту.
Оқыту:
Көп заттың ішінен біреуін таңдауға үйрету.
Билингвалдық компонент: пішіндер- фигуры, дөңгелек- круг, шаршы- квадрат, үшбұрыш -треугольник
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: түсіндіру, көрсету, үйрету, сергіту сәттері
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: пішіндер, шаршы, үшбұрыш, дөңгелек
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері
Амансың ба, Күн!
Амансың ба, балабақшам!
Амансыздар ма , апайлар!
Амансыңдар ма, достарым!
Күліп шықты күн бүгін!
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі екенін қайдан білдіңдер?
- Далада не болып жатыр?
- Балалар, бізге қонаққа біреу келіп тұрған сияқты.
Кім екен?
Саламатсыз ба, Қоян?
Қоян:
Балалар, бүгін сендер пішіндермен танысады дегенді естіп, мен өз ойыншықтарымды ала келдім. Олар пішіндерді білмейді. Сендер үйретесіңдер ме?
Ендеше біз сендермен бірге «Жасырынған пішінді тап» ойынын ойнайық.
Мына отырған ойыншықтар арқаларына пішіндерді жасырып отыр. Соны табуымыз керек. Мына отырған сиырдың артына жасырынған қандай пішін?
Ал, аюдың артында қандай пішін тығылып тұр?
Ал, пілдің артына қандай пішін жасырынып тұр?
Дұрыс!
Тәрбиеші: Енді мына тақтадағы пішіндерді кім айтып береді?
Енді балалар түстерді кім айтып береді?
Балалар сендер пішіндерден не құрастыруға болатынын білесіңдер ме?
Шаршы қабырғасы, шатыры-қызыл, үшбұрыш-күн дөңгелек сары түс болады.
Балалар сонымен бірге бұл пішіндерден тағы не жасауға болатынын мен сендерге көрсетейін.
Пішіндерден құстарға ұя, үшбұрыш шатыры, шаршы қабырғасы, дөңгелек есігі болады. Ит немесе күшікке үй жасауға болады.
Сергіту сәті:
Пішіндер ғажайып екен.
Енді алдарындағы пішіндерден үй жасап көрейік. Шатыры үшбұрыш, түсі қызыл, шаршы көк түсті, қабырғасы сары түсті күн етіп жасайық.
Қоян:
Балалар сендер барлығын жақсы біледі екенсіңдер? Менің ойыншықтарым сендерден пішіндерді үйренді. Сендерге рахмет айтуда. Біз енді қайтайық.
Балалар келген қонақтармен қоштасайық. Сау болыңыз!
3. Қорытынды: Сұрақ- жауап арқылы қорытындылау.