СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Папа, мама и я

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

Открытый урок для родителей и учеников, призванный приобщить ячейку общества к совместному занятию спортом.

Просмотр содержимого документа
«Папа, мама и я»

Алматы обласы, Еңбекшіқазақ ауданы,Шелек ауылы

« Т.Кенжебаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекттік мекемесінің дене шынықтыру пән мұғалімі Г.А.Абайдуллаева


«Әкем, шешем және мен»

Мақсаты: 1. Оқушыларды және ата –аналарын дене тәрбиесі және

спортпен шұғылдануға жаппай тарту.

2.Сайыс (ойын)кезінде әділдікке,жолдастық сезімге,

өзін – өзі бақылау арқылы белсенділікке,сенімділікке,

қайсарлыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

3.Мектеп пен ата –ана байланысын жақсарту.

Керекті құралдар: Доптар,секіртпе,төсеніш,шеңбер ысқырық, т.б. құралдар.

Нақыл сөздер: «Спорт – жігер,спорт бірлік»,

«Дене қимылы – дәрісіз ем», «Талаппен баста талғаммен аяқта»,

«Әлі келген алып та жығады,Шалып та жығады» «Күш атасын - танымас»,»Дене - жанның қабы,қап берік болса,ішіндегі

зат та берік болмақ» «Дене – жанның құралы.Құралы мықты болса

иесі де мықты болады» «Адам болатын бала ,алысқа қарайды»т.б.

Жүргізуші: Шынықсаң шымыр боларсың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Чемпион болу оңай ма?

Арман болған талайға.

Болмасаңда ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда

  • Құрметті қонақтар, ұстаздар!

  • Ата – аналар мен оқушылар, бүгінгі «Әкем,шешем және мен»атты

спорттық сайысымызға қош келдіңіздер!

Халқымыз байырғы заманнан бала тәрбиесіне баса назар аударған.

Ұрпақтарын болашағына балаған.Салауатты өмір салтын ұстану

осы іс – шараның алғашқы баспалдағы.Сондықтан еңкейген кәріден

бесіктегі балаға дейін салауатты өмір сүрүге талпынып,соған қоғам да,мекемелер мен мектептер де жағдай жасап ,денсаулықты сақтауға ,ат салысуымыз керек. 8«в»сыныптың ата - аналар мен оқушылары қатысады.

- Сонымен ортаға «Әкем,шешем және мен» атты спорттық жарысқа қатысқалы отырған отбасыларын шақырайық.( топты сырттан кіргізү)

1 –ші топ - «Алға», 2 – ші топ - «Сұңқар»

Жүргізүші: Ал, құрметті қонақтар!Оқушылар!Ата-аналар!

Жарысты енді көріңдер

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!

Жарысты бастамас бұрын,ойынға әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейік:

Жеңімпазды анықтау. Тараса бізге жарады.

Жеңімпаз болу шарты сол Сабырлы да салмақты.

Еңбектену ,жалықпау. Білімді де өнерлі,

Біреу озса сайыста, Білікті де жүректі

БІреу артта қалады. Жұптарды шақырып.


Жүргізуші: Спорттық жарысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.

Жүргізуші: Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сап

1.«Кім бірінші»эстафетасы. Ойыншы допты қолға ұстап сөре сызығынан

жүгіре шығып белгілі орынға дейін жүгіріп қайтады. Допты келесі ойыншыға береді де, өзі саптың соңына тұрады.

2.Допты алып жүру. Сөре сызығынан допты жерге ұра,ыршыта алға жүргізеді.Допты ыршытып алып жүру кезінде екі аяғы аздап бүгілген ,

денесі сәл еңкейгенқалыпта болады.

3.Қаппен жүгіру. Ойыншы белгі бойынша жүгіріп шығып,қапты киіп алып

10 – 15метрлік жердегі арнаулы белгіні айналып қайтады да ,қапты шапшаң шешіп өзінен кейінгі ойыншыға береді.

4.Шеңберден өзін өткізү,төсеніштен жорғалай өтү.(жинақталып тоңқалаң асу) белгіленген жерден айналып кейін қарай жүгіріп келу.

5.Секіртпемен жүгіру. Ойыншылар 10 – 15метр арақашықтықта секіріп барып ,секіріп

қайтады. Сөре сызығына жетіп, келесі ойыншыға қолына секіртпені береді

Әділқазылар топтардың ұпай санын есептегенше ән жолданады.

«Қазақстан» Жамалдинов Селимнің орындауында.

Жүргізушы: Құрметті оқушылар! Сөз кезегі әділқазылар алқасында .

(Әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып,

Жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды) .

Жүргізуші: Назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сау да.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да,

Оң болсын десең егер тіршілігің

Сақта ,халқым,саулығын аналардың

Болсын десең дені сау ұрпақтарың .

Құрметті оқушылар!Ата-аналар! Бүгінгі «Әкем,шешем және мен»атты сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп – көп рахмет, сау – саламат болыңыздар!

.