Просмотр содержимого документа
«Пернетақта құрылғысы»
Білімділік: Оқушыларды пернетақта құрылғысы туралы түсініктерін қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқуышыларды ақпараттық мәдениеттілікке, тазалыққа, шапшаңдыққа тәрбилеу.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік сауаттылықтарын арттыру.
Үй тапсырмасына дайынсың ба? Құрылғылардың атқаратын қызметі
Қазанның он екісі
Сынып жұмысы
Пернетақта
Пернетақта – компьютердің негізгі құрылғысының бірі және ол ақпаратты енгізуге арналған.
Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез-келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютерлерде 101-106 перне болады.
Пернетақтаның негізгі блоктары:
Функционалдық пернелер (F1-F12) – күрделі операцияларды орындауға арналған, символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F(F1,F2…F12) әрпімен белгіленген. Функционалдық пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады.
Цифрлық пернелер – цифрлық ақпаратты енгізуге және меңзерді басқаруға арналған. Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, 10 пернеден тұрады. Пернетақтада оң жақта орналасқан. Бұлардың көмегімен цифрлық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай-ақ меңзердің экранда қозғалуын басқаруға болады. «NumLock» пернесі пернетақтаның оң жақ бөлігінің жұмыс режімін ауыстырып қосады.
Символдық пернелер алфавиттi цифрлық ақпаратты енгiзуге арналған. Символ пернелер, олар пернетақтаның ортасына орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернетақтаның көмегімен кез-келген алфавитті, цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады.
Орнату пернелері меңзерді экран бойы жылжытуға арналған. Меңзер дегеніміз – экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол симводық перне басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Бұл пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар (стрелка) салынған. Олар меңзерді экранда жылжытуға арналған.
Осы бөліктерден басқа пернетақтада тағы бірнеше арнайы пернелер бар. Олардың негізгілеріне тоқталсақ:
- Enter немесе енгізу пернесі – мәтінмен жұмыс істеу кезінде жолды енгізуді аяқтауға арналған, нысандармен жұмыс істеу кезінде тінтуірдің сол жақ батырмасын екі рет шерткенмен бірдей қызмет атқарады.
- Бос орын (пробел) – пернесі, ол пернетақтаның төмен жағындағы еш жазуы жоқ бұл перне сөздер арасында бос орын қалдыру үшін қолданылады.
Немесе «Backpase» пернесі. Бұл перне алдыңғы символды өшіреді.
- «Delete» пернесі. Меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді. (символ машина жадынан өшіреді)
- «CapsLosk» пернесі. Бұл пернені бір рет басса, бас (үлкен) әріптер енгізіледі, тағы бір рет басса,қайта кіші әріптер енгізіледі.
- «Shift» пернесі. Бұл кіші әріптерді баспа (үлкен) әріптерге және керісінше өзгертуге пайдаланылады.
Пернелердің атқаратын қызметі
- Enter-
- Esc- болдырмау
- Delete-
- Пробел /бос орын/ –
- CapsLock –
- Shift –
- NumLock –
Күнді бағып тұрады, Аяғы бар, басы бар
Күнге басын бұрады. Арқалаған тасы бар.
Айдалада ақ отау, Ит сияқты пішіні,
Аузы-мұрны жоқ отау. Ұнатпайды ол кісіні
Күндіз жоқ болады,
Түнде тап болады.
Практикалық жұмыс