Ф.А.Ә. және жұмыс орны | Амирбаева Айтысгул Оралгазиновна «Бикен Римова атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп-гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесі», математика пәнінің мұғалімі |
Тақырыбы: | «ҰБТ тапсырмаларындағы логикалық есептер» |
Жалпы мақсаттар: | - Математика пәнінен оқушыларды ҰБТ-ге дайындау бойынша іс-тәжірибемен бөлісу; - тақырып бойынша логикалық есептерді шығару тәсілдерімен таныстыру, пікір алмасу; - ҰБТ-ге қалай дайындық жасаудың жолдарын анықтау ; - Логикалық есептердің тиімді жолдарын түсіндіре отырып, мұғалімдердің тәжірибесін жетілдіру. |
Сілтеме: | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 41-49-б ҰБТ кітапшасындағы логикалық тапсырмалар |
Күтілетін нәтиже: | Кәсіби дағдыларды қалыптастыратын жаңа мүмкіндіктер туындайды; - мұғалім біліктілігін арттыру - оқушының білімдегі сапа көрсеткішін көтеру - ҰБТ бойынша жоғары пайызға жету -ұбт-ға дайындаудың тиімділігі артады |
Түйінді идеялар: | Оқушыларды математика пәні бойынша ҰБТ-ге дайындаудың ерекшеліктерін талдай отырып оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер пайдала отырып инновациялық педагогикалық көзқарастарын дамытуға немесе жетілдіруге көмектеседі. |
Мақсатты бағытталған аудитория | Аудан мектептерінің математика пәнінің мұғалімдері |
Қолданылатын материалдар: | А- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта, маркер, қалам, кір жайғыш, кір қысқыш, себет, SWOT-тық талдау парағы, плакат, шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі суреттері, таратпа материалдар |
Дерек көздері: | ҰБТ бойынша логикалық тапсырмалар , портал материалдары |
Уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Қатысушылардың іс-әрекеті |
Коллаборативті орта қалыптастыру 2 мин | Мұғалім шебер-сыныпқа қатысушылармен танысады, амандасу рәсімін жасау арқылы жағымды психологиялық ахуал тудырады, қатысушыларды топқа бөледі 2. Топқа бөлу. «Ротациялық үштік» Мұғалім бір,екі, үш рет шапалақтағанда бір,екі немесе үш адамнан бірігеді. Бірнеше рет қайталанады. Солай 4 топқа бөлінеді. | Танысу, амандасу рәсімін жасайды, топтарға бөлінеді |
Кіріспе 3 мин | Кіріспе сөз. Білім берудегі сауаттылық мәселесі халықтың әлеуметтік жағдайына, мемлекеттің экономикалық дамуына, елдің мәдени өсуіне тікелей байланысты. Ол - мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі. Білім берудегі артта қалушылық мемлекеттің бәсекелестік қабілеті мен ұлттың болашағына ықпалын тигізеді. Қазақстандағы білім беру жүйесі әлемде болып жатқан өзгерістермен онша үйлеспей отыр. PISA –ның ( Оқушылардың білім жетістігін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама) 2009, 2012 жылғы зерттеулері бойынша Қазақстан оқушыларының математикалық сауаттылық бағытындағы нәтижелерінің төмендігі бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі болып отыр. Сондықтан ҰБТ –ге логикалық тапсырмалардың енгізілуі- бүгінгі күннің талабы | |
Тақырып бойынша ой қозғау 3 мин | Таныстырылым көрсету «Математикадан логикалық есептер» | Қатысушылар таныстырылыммен танысады, оның мазмұнын түсінеді |
Тапсырма №1 5 мин | SWOT-тық талдау «ҰБТ: логикалық тапсырмалардың енгізілуі» | 4 топ күшті,әлсіз, басымдық, қауіп туралы ойларын түсіреді |
Тапсырма № 2 5 мин | Шағын тест | Қатысушылар тестті жылдам орындайды жауаптарын тексереді |
Тапсырма №3 8 мин | «Ойлан, жұптас, талқыла!» Логикалық есептер жазылған парақтарды таратады | Жұптық жұмыс орындайды және талқылайды |
Сергіту сәті 5 мин | | |
Тапсырма № 4 Топтық жұмыс 5 мин | Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бағытындағы тапсырмалар | Шебер-сыныпқа қатысушылар топта талқылайды,жұмыстарын көрсетеді, әріптестерінің ойларын толықтырады. «Әдемі кірлер жаямыз» стратегиясы |
Тапсырма № 5 Топтық жұмыс 5 мин | «Фишбоун» стратегиясы (балықтың сүлдесі) Мақсаты: Логикалық есептерді шығару барысында кездескен қиындықтарды шешу жолдарын қарастыру. «Фишбоун» стратегиясында балық сүлдесінің төменгі бөлігіне кездескен қиындықтарды (проблемаларды), ал жоғарғы бөлігіне сол қиындықтарды шешу жолдары жазылады. Бұл стратегия әрі қарай зерттеуге шығу жолы болып табылады. Осы қиындықтардан қалай шығуға болады? Сол бойынша ой тұжырымдау. | Әр топ кездескен проблемаларды ақылдаса отырып жазады, оны ауызша таныстырып, «Фишбоун» стратегиясына орналастырады. |
Қорытындысын шығару 2 мин | Рефлексия Әрбір оқушы талантты,мұғалімнің міндеті осы талантты көре білу, оқушының жан-жақты дамуына педагогикалық қолдау көрсете білу | «Тазалық » әдісі: бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды шабаданға сақтайды, ал аса қажет болмаған , артық дүние болса қоқыс жәшігіне салады, бүгінгі тақырыптан әлі оқуым керек, толықтыруым керек десе , еттартқышқа салады, яғни жазады |