1.Мотивация
2.Ізденіс
ұйымдастыру
3. Рефлекция
|
Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды күніміз.
Қайырлы таң балалар!
Топқа көңілді әуен дыбысы естіледі. Дара күлімдеп кіріп келеді. Қолында «Қазақ үйі» құралы бар.
-Сәлеметсің бе, Дара!
-Сәлем, достар! Қалдарың қалай?
-Дара сенің қолындағы бұл не?
-Бұл- «Қазақ үйі». Бұл құралдың ішінде көптеген көңілді әдер, көптеген ертегілер бар.
-Олай болса бізге бір ертегі тыңдатшы.
-Жақсы «Бауырсақ» ертегісімен танысайық.
«Қазақ үйі» арқылы «Бауырсақ» ертегісін тыңдату.
-Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
-Ертегіде қандай жануарлар кездеседі?
Тіл ұстарту жаттығуы.
Ю-ю-ю балпаңдайды аю,
Кі-кі-кі бұлаңдайды түлкі,
Ян-ян-ян секіреді қоян
Сергіту сәті.
-Жақсы балалар орнымыздан тұрып сеігіп алайық.
Көңілді әуенге би билеп алайық.
Сөздік жұмыс: шал, кемпір, қап сөздерінің мағынасы түсіндіріледі.
«Ертегі кейіпкерлерін тап» ойыны
-Балалар қараңдаршы үстел үстінде ертегі кейіпкерлері бар. Олардың ішінен бауырсақ ертегісінің кейіпкерлерін тауып алайық.
Саусақ театыры арқылы ертегіні сахналайық.
Балалар рөлдерге бөлініп алайық. Мнемокестені қарап айтамыз.
-Балалар сендер ертегіні сондай жақсы сахналап бердіңдер.
Дидактикалық ойын «Бауырсақтарды себетке жина». Үлкен себетке- үлкен бауырсақтарды, кішкентай себетке -кішкентай бауырсақтарды жинап салайық.
-Рахмет саған Дара «Қазақ үйі» өте жақсы құрал екен. Бізге оны тағыда алып келесің бе?
-Әрине, алып келемін. Сау болыңдар!
Қорытындылау:
-Балалар біз бүгін қандай ертегімен таныстық?
-Ертегіде қандай жануарлар кездеседі?
-Балалар сендер сабаққа жақсы қатысып, ертегіні мазмұндап, сахналап бердіңдер сол үшін сендерге саңырауқұлақтар таратып бергім келеді.
|
Балалар өлең жоларын қайталап, бір- бірімен амандасады.
Балалар бар назарын Дараға және оның қолындағы құралға аударады.
Балалар Дарамен амандасады.
Дараның әңгімесін тыңдайды.
Балалар ертегіні мұқият тыңдап отырады.
Балалар жануарларды атайды.
Тіл ұстарту жаттығуын қайталап айтады.
Балалар серігіп би билейді.
Жаңа сөздердің мағынасымен танысады.
Балалар ертегі кейіпкерлерін тауып, атап шығады.
Балалар ертегіні сахналайды.
Бауырсақтарды себетке жинайды.
Балалар Дарамен қоштасады.
Балалар сұрақтарға жауап береді. Жануарлардың мінездеріне тоқталып өтеді.Балалар силықтарын алып қуанады.
|