«Теміртау қаласының №21 ЖББОМ» КММ.
Мерзімі: | 11.12.14 |
Уақыты: | 13.05-13.50. 7 сабақ |
Кабинеті: | №28 |
Сыныбы: | 8 «А» |
Пәні: | қазақ әдебиеті |
Сабақтың тақырыбы | С. Торайғыров «Шілде» өлеңі |
Сілтеме | Қазақ әдебиеті. Орыс тілінде білім беретені мектептің 8- сыныбына арналған оқулық/ Әбдезұлы Қ., Тұрсынғалиева С.Ч. Астана: «Арман –ПВ», 2012. – 208 бет. |
Мақсаты | Оқушыларды С.Торайғыровтың өмірімен танысып, өлеңінің идеясын ашу, білімдерін жан-жақтылы кеңейтеді, сөз байлығы кеңейеді, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді, өз ойын толық жеткізіп, өлеңнен негізгі түйінді таба білуге дағдыланады. |
Міндеттері: | - Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету; - Өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру; - Ақынның өлеңі арқылы оқушылардың бойына сұлулық, көркемдік қасиеттерін дарытып, табиғаттың сұлулығын тануға, көре білуге тәрбиелеу. |
Қолданылатын модуль | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: диалогтік оқыту, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалау, Оқытудағы АКТ пайдалану, Талантты және дарынды оқушыларды оқыту, Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Оқыту басқару және көшбасшылық |
Қолданылатын стратегиялар | Сұрақ қою техникасы (Түрткі сұрақтар), «БЛУМ таксономиясы», «Семантикалық карта», «Ой толғаныс», «Мағынаны тану» «Аялдамамен оқу», «Синквейн», «Венн диаграммасы», «Claster», «ББҮ» |
Ресурстар | Интерактивті тақта, үлестірмелі қиынды, бейнеролик, ақын портреті, электронды оқулық, тапсырма парағы, сызба-кестелер, флипчарт, стикер, маркер, бағалау парағы т.б. |
Сабақтың барысы: |
Сабақ кезеңдері | Уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс- әрекеті | Бағалау | Ресурстар: әрекет үшін қандай құралдар қажет? |
Кіріспе | 1 мин 3 мин 4 мин | Ұйымдастыру. Топқа бөлу Сынып оқушыларын нөмірленген қиындылар арқылы топқа бөлемін. Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеймін. Психологиялық ахуал туғызу «Ыстық алақан» тренингісі арқылы мұғалім оқушыларға бір-біріне тілек айтқызады. Үй тапсырмасын тексеру. «Семантикалық карта» стратегиясы. Оқушылар өткен білімдерін тексеру үшін, семантикалық картамен жұмыс жасайды. Жауап парағы арқылы көршісін тексереді. | Оқушылар нөмірленген қиындылар бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады. Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер». Оқушылар жұппен бір-бірін жауап парағы арқылы тексеріп, бағалайды. Критерийлер: «5»- 0 қате, «4» - 1 қате «3»- 2-3 қате | Жақсы Жарайсыңдар! Ауызша мадақтау | Үлестірмелі қиынды АКТ. бейнеролик Бағалау парағы |
Тұсаукесер | 2 мин | «Ой толғаныс» стратегиясы арқылы жұмыс жүргізеді. С. Торайғыров жайында бейнеролик интерактивті тақтадан көрсетіледі. Мұғалім оқиды. Түрткі сұрақтар қою. -Балалар, бұл өлең қай ақынның өлеңі? -Дұрыс айттыңдар, С. Торайғыровтың өлеңі екен. -Олай болса, бүгін біз С.Торайғыров жайлы тереңірек танысамыз. | Балалар өлеңді тыңдайды. Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. | Ынталандыру: Сапалы жауап бердіңдер! | АКТ. бейнеролик |
Негізгі бөлім Білу | 5 мин | Мұғалім сөзі: С.Торайғыров – ХХ ғасырдың басындағы әдебиетімізде ерекше орны бар, аса көрнекті ақын. Ол өзі жасаған дәуірдің шындығын көрсететін көптеген шығармалар жазды. Бірқатар өлеңдерінде жыл мезгілдерін, табиғат көріністерін шебер суреттейді. | Оқулықпен жұмыс, 71 бет. Оқушылар дәптерлеріне қысқаша С.Торайғыров туралы конспект жазып алады. | Мадақтау: Зейіндеріне рахмет! | Ақын портреті, оқулық, дәптер |
Түсіну | 5 мин | «Мағынаны тану» стратегиясы. Оқулықпен жұмыс жасаймын. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалаймын. Мақсаты: «Шілде» өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну, өз ойларын жеткізу. Мұғалім мәнерлеп оқиды. «Аялдамамен оқу» стратегиясы бойынша өлеңді талдаймыз. Идеясын, мазмұнын оқушылармен пікірлесе отырып талдау жүргізіледі. Тақырыбы: Табиғат көрінісі. Идеясы: Жаз жыл мезгілі табиғатының көрінісін, сұлулығын оқушыларға танытамын. | Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді. Топтағы бір оқушы өз тобына өлеңнің мазмұнын түсіндіреді. | жақсы, өте жақсы | оқулық |
Қолдану | 5 мин | Мақсаты: Алған теориялық білімді практикада қолдана білдіру. Электронды оқулықпен жұмыс. Интерактивті тақтадан тапсырма үлгісі беріледі. | Оқушылар ЭО- тағы тапсырмаларды орындайды. 1-топ.Өлеңдегі шумақты, бунақ санын анықтайды. 2-топ. Өлеңдегі бунақ санын анықтайды. 3-топ. Өлеңдегі ұйқас түрін анықтайды. Оқушылар жауап кілті арқылы топтағы көршілестерін тексеріп, критерийлер арқылы бағалайды. Егер қатесіз болса, «5»; 1 қате – «4» 2 -3 қате «3» қойылады. | Ауызша мадақтау | Электронды оқулық, бағалау парағы |
Талдау | 5 мин | «Ойтолғаныс» кезеңі. «Синквейн» стратегиясы. Мақсаты: Оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіремін. «Мен қандай баламын?» ойыны. | Бұл ойынды ойнату арқылы оқушылар өлеңнен өздеріне қатысты жолдарды тауып, талдайды. «Бес жолды» өлең құрастырады. 1.Зат есім 2.Сын есім 3.Етістік 4.Фраза 5.Зат есімге синоним | Өте жақсы! | Тапсырма парақшасы |
Жинақтау | 7 мин | «Claster» стратегиясы. Мақсаты: Оқушылардың салыстыру және ажырата алуын қадағалаймын. «Өзіңнің туған жеріңді көз алдыңа елестету» - жазғы мезгілінде.  | Оқушылар кластерді топпен құрастырады, ортаға шығып қорғайды.
Оқушылар топ ішінде бағдаршам арқылы өздерін бағалайды. | Өте жақсы! | Флипчарт, маркер |
Рефлексия Қорытынды | 5 мин | «Венн диаграммасы» стратегиясы. 1.Осы тақырыптағы басқа ақындардың өлеңдерін негізге ала отырып, Венн диаграмма құрастырады. Оқушыларға А. Құнанбаевтің «Қыс» өлеңінен үзінді интерактивті тақтада беріледі. 2.Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді? Не білдім? | Не ұнады? | Үйрендім | | | | | 1. «Шілде» өлеңін Абай Құнанбаевтің «Қыс» өлеңімен салыстырады. Мұғалімнің көмегімен оқушылар орындайды (ауызша айтып, тақтаға жазады) . 2.Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі. | Ауызша мадақтау Өзін-өзі бағалау | Флипчарт, маркер стикер |
Үйге тапсырма | 1мин | 76- 77 бет «Шілде» өлеңін жаттау; «Шілде» өлеңі бойынша өз ойларын мазмұндап жазады. | Оқушылар күнделіктеріне жазып алады. | | күнделік |
Бағалау | 2 мин | Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды. | Оқушылар бағалау критерийлер арқылы топтағы көршілестерін бағалайды. | | Бағалау парағының кестесі |