ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«№ 21 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІ» КММ
«Білгірлер мен
тапқырлар сайысы»
5 «К» сынып
Өткізген: Қ. М. Жүнісов
Теміртау – 2015
6 «С» сынып бойынша Ашық есік күніне орай өткізілген
«Білгірлер мен тапқырлар сайысы» тақырыбында сыныптан тыс жұмысының жоспары
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін тексере отырып Мемлекеттік тілді емін-еркін
меңгергендігін көрсету. Ұстаз бен ата-ананың жас ұрпақты тәрбиелеудегі
байланысы мен ұштастығын анықтау. Ұстаз, оқушы, ата-ананың қарым-
қатынасы. Жас ұрпақты қазақ тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру.
Көрнекілігі:
1. Тірек-сызбалар.
2. «Қаражорға» биінің музыкасы.
Түрі: сайыс сабақ
Әдісі: («Тапқыр достар» бағдарламасы негізінде).
Өтілу барысы: 1) Мұғалім сөзі:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар. Сіздер «Білгірлер мен тапқырлар» атты жарыс сайысына жиналып отырсыздар. Өткізілгелі отырған сыныптан тыс сабағымыз мектебіміздің әкімшілігі ұйымдастырып отырған ашық есік күніне арналып отыр. «Талаптарына нұр жаусын» деп бүгінгі сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайыстың өту ережесі: Сайысқа сынып оқушылары екі топқа бөлініп қатысады. 1-топ «Білгірлер», 2-топ «Алғырлар». Сайысымыз негізінен 5 кезеңнен тұрады:
1 кезең. «Менің елім – Қазақстан» тақырыбына әңгіме жазу, сурет салу немесе өлең оқу.
2 кезең. «Сөздер құрастыру» деп аталады. Бұл кезеңде «Жасөспірімдерімізден» деген сөзден мағыналы сөздер құрайды. Әріпті екі реттен қолдануға болады. Сөз сандары есептелінеді. Қай топ көп сөздер құраса сол жеңімпаз болады.
3 кезең. «Бәйге» деп аталады. Мұнда оқушылар берілген сұрақтарға қысқа, әрі нұсқа жауап берулері керек. (Әр топқа 10 сұрақтан берілген)
4 кезең. «Салт-дәстүр» деп аталады, яғни салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға толық жауап беру керек.
5 кезең. «Менің өнерім» деп аталады. Бұл кезеңде әр топ өз өнерлерін көрсетеді. Яғни қазақтың ұлттық биі «Қара жорғаны» билейді.
Әр кезеңде орындалып отыратын тапсырманы мұғалім бағалап отыратын болады.
3 кезең. «Бәйге» деп аталады. «Білгірлер» топтың сұрақтары:
1. А. Құнанбаев кім?
2. «Әдемі» сөзінің синонимі
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
4. Металлургтер қаласы қалай аталады?
5. Наурыз мейрамы қай күні тойланады?
6. «Жуан» сөзінің антонимі
7. Күз айларын ата
8. Бір аптада неше күн бар?
9. ҚР-ның ұлттық валютасы
10. ҚР-ның рәміздерін ата.
«Тапқырлар» топтың сұрақтары:
1. Ы. Алтынсарин кім?
2. «Білімді» сөзінің түбірі?
3. Қазақстан Республикасының Президенті?
4. ҚР-ның астанасы қай қала?
5. Халықаралық әйелдер мерекесі қай күні тойланады?
6. «Ақ» сөзінің антонимі
7. Көктем айларын ата
8. Бір жылда неше ай бар?
9. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
10. Әнұранның авторларын атап бер.
4 кезең. «Салт-дәстүр» деп аталады, яғни салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға толық жауап беру керек. Сұрақтар жасырын ұяшықтарда болады. Жасырын ұяшықтар экранға шығады.
1. Ұлттық киімдерді атап беріңіз... | 4. Ұлттық аспаптарды атап беріңіз... |
2. Ұлттық ойындарды атап беріңіз... | 5. Қазақтың ежелгі баспанасы |
3. Ұлттық тағамдарды атап беріңіз... | 6. Наурыз мейрамы қай күні тойланады? |
5 кезең. «Менің өнерім» деп аталады. Бұл кезеңде әр топ өз өнерлерін көрсетеді. Яғни қазақтың ұлттық биі «Қара жорғаны» билейді.
Қорытынды: - Мұғалім сайысты қорытындылап, жеңген жеңімпаз топты анықтайды. Қатысушы ата-аналарға сөз беріледі. Сайысқа қатысушыларды мадақтау қағазымен марапаттау.
7-сыныптар бойынша Наурыз мейрамына орай өткізілген
«Ақылдылар сайысы» тақырыбында сыныптан тыс жұмысының жоспары
Мақсаты: Оқушылардың туған ел тарихынан білімдерін тереңдету, елге, жерге деген
сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру. Оқушылардың білімдерін тексере
отырып Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген (сыныпты) топты анықтау.
Жас ұрпақты қазақ тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Шығыс
халықтарының мерекесі-Наурыз туралы түсінік. Ұлттық әдеп, салт-
дәстүрлерді білу арқылы танымдық қабілеттерін кеңейту.
Көрнекілігі:
1. «Туған жер», «Наурыз мейрамы» (слайдтар жиынтығы)
2. Өлең «Наурыз жыры»
3. Би «Қаражорға»
Түрі: сайыс сабақ
Әдісі: («Тапқыр достар» бағдарламасы негізінде).
Өтілу барысы: 1) Мұғалім сөзі:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар. Сіздер «Ақылдылар» атты жарыс сайысына жиналып отырсыздар. Алдарыңызда тұрған 7- сынып оқушылары. Бұл оқушылар бүгінгі сайыстың қатысушылары. Осы кешіміз алда келе жатқан Наурыз мейрамына арналады. «Талаптарына нұр жаусын» деп бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайысты бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныс болайық:
Танцева Ольга Ивановна
Нургазина Сайра Жапаровна
Оңғарбаева Ұрқия Керімбаевна
Төлеубаева Әсел Сұлтангерейевна
Сайыстың өту ережесі: Сайысқа төрт сыныптан алынған 4 топ, әр топта 5 оқушы қатысады. Әр топ өз бақтарын сынайды. «Ақылдылар» атты білім сайысымыз негізінен
6 кезеңнен тұрады:
1 кезең. «Таныстыру» Әр топ өздерін таныстырады.
2 кезең. «Менің елім – Қазақстан» тақырыбына әңгіме жазу немесе өлең оқу.
3 кезең. «Бәйге» деп аталады. Мұнда оқушылар берілген сұрақтарға қысқа, әрі нұсқа жауап берулері керек. (Әр топқа 10 сұрақтан берілген)
4 кезең. «Салт-дәстүр» деп аталады, яғни салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға толық жауап беру керек.
5 кезең. «Сиқырлы дөңгелек» деп аталады. Бұл кезеңде дөңгелектегі жазылған сегіз әріптен мағыналы сөздер құрайды. Әріпті екі реттен қолдануға болады. Адасқан әріптерден мағыналы сөздер жазу. Сөз сандары есептелінеді. Қай топ көп сөздер құраса сол жеңімпаз болады.
6 кезең. «Менің өнерім» деп аталады. Бұл кезеңде әр топ өз өнерлерін көрсетеді. (Би, ән, өлеңді мәнерлеп оқу т. б. өнерлерін көрсетеді)
Әр кезеңде орындалып отыратын тапсырманы әділ қазылар алқасы бағалап отыратын болады.
3 кезең. «Бәйге» деп аталады. Тапсырмалары:
І топтың сұрақтары:
1. А.Байтұрсынов кім?
2. «Әдемі» сөзінің синонимі
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
4. Қазақ тілінен тән дыбыстар нешеу?
5. Наурыз мейрамы қай күні тойланады?
6. «Жуан» сөзінің антонимі
7. Қыс айларын ата
8. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?
9. ҚР-ның ұлттық валютасы
10. ҚР-ның рәміздерін ата.
ІІ топтың сұрақтары:
1. А. Құнанбаев кім?
2. «Адам» сөзінің синонимі
3. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?
4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
5. Тәуелсіздік мерекесі қай күні тойланады?
6. «Ақ» сөзінің антонимі
7. Көктем айларын ата
8. Жалғаудың неше түрі бар?
9. Қазақтың атақты күйші-компазиторлары
10. Тудың авторын атап бер.
ІІІ топтың сұрақтары:
1. Ш. Уалиханов кім?
2. «Ақылды» сөзінің түбірі?
3. ҚР-ның астанасы қай қала?
4. Қазақ тілінде үндестік заңының неше түрі бар?
5. Конституция күні қай күні тойланады?
6. «Күн» сөзінің антонимі
7. Жаз айларын ата
8. Қазақ тілінде неше септік бар?
9. Қазақтың үш жүздің билері
10. Елтанбаның авторларын атап бер.
ІV топтың сұрақтары:
1. Ы. Алтыынсарин кім?
2. «Білімді» сөзінің түбірі?
3. Қазақстан Республикасының Президенті?
4. Қазақ тілінде буынның неше түрі бар?
5. Халықаралық әйелдер мерекесі қай күні тойланады?
6. «Ыстық» сөзінің антонимі
7. Күз айларын ата
8. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
9. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
10. Әнұранның авторларын атап бер.
4 кезең. «Салт-дәстүр» деп аталады, яғни салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға толық жауап беру керек. Сұрақтар жасырын ұяшықтарда болады. Жасырын ұяшықтар экранға шығады.
1. Ұлттық киімдерді атап беріңіз... | 5. Қазақтың киіз үйі туралы айтып беріңіз |
2. Ұлттық ойындарды атап беріңіз... | 6. Наурыз мейрамы туралы айтып беріңіз |
3. Ұлттық тағамдарды атап беріңіз... | 7. Тұсау кесу деген не? |
4. Ұлттық аспаптарды атап беріңіз... | 8. Шілдехана деген не? |
5 кезең. «Сиқырлы дөңгелек» деп аталады. Бұл кезеңде дөңгелектегі жазылған сегіз әріптен мағыналы сөздер құрайды. Әріпті екі реттен қолдануға болады. Адасқан әріптерден мағыналы сөздер жазу. Сөз сандары есептелінеді. Қай топ көп сөздер құраса сол жеңімпаз болады.





6 кезең. «Менің өнерім» деп аталады. Бұл кезеңде әр топ өздеріне берілген үй тапсырмасын орындайды, яғни өнерлерін көрсетеді. (Би, ән, өлеңді мәнерлеп оқу т. б. өнерлерін көрсетеді)
Әділқазылар алқасы осы сайыстың бағасын бергенше назарларыңызға ән және би ұсынылады.
Ән орындайтын –
Би орындайтын –
Қорытынды: - Әділқазы алқаларына сөз беріледі. Сайысқа қатысушылар мадақтау қағазымен марапатталады.