Қазақ тілі | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім: |
Сабақтың атауы | Буын және тасымал |
Сілтеме | Қазақ тілі оқулығының әдістемесі |
Сабақтың жабдығы | кеспе қағаздар, текше, |
Жалпы мақсаттар | 1. Буын, тасымал туралы бірінші сыныпта алған білімдерін еске түсіру, қайталау; дауысты дыбыстың буын құрайтыны, буынға бөлінген сөздердің барлығы бірдей тасымалдана бермейтіні туралы түсініктерін тереңдету; 2. Буынға дұрыс бөлу, тасымалдай білу дағдыларын дамыту. 3. Сауатты жазу арқылы ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу |
Оқыту нәтижесі |
Топқа бөлу | Үлестірмелі парақшалар,суреттер |
Ынтымақтастық атмосферасы | «Қара жорға» биі | Оқушылар мұғаліммен қосылып билейді |
Үй тапсырмасын сұрау | Дәптердегі жаттығуларды тексеру. |
Қызығушылықты ояту | Арайлап шықты жаңа күн Шуағын шашып баршаға Кәне досым, күлімде Шаттық орнасын жүзіңде Сыныпта жақсы көңіл-күй орнатып, балалардың назарын сабаққа аудару |
Мағынаны тану Мәтінді тізбектеп оқу | Әр топқа жаттығуларды топтап беру. Дәптермен жұмыс Көркем жазу 1-топқа тапсырмаОқушыларды назарын суретке аудару. Оқу құралдарының аттарын атау. Заттардың атын буынға бөліп жазу. Дауысты дыбыстардың астын сызу. Сөзде неше буын, неше дауысты дыбыс бар екенін анықтау. Кі-тап, дәп-тер, қа-лам-сап, сыз-ғыш, ө-шір-гіш, қа-рын-даш. Қорытынды: сөздегі буын саны дауысты дыбысқа байланысты екенін пысықтау. Буын карточкаларымен жұмыс. Оқушыларға Сөзді буынға бөлгізу. О-қу-шы-лар-дың (5 буын), 5-буынды сөз 4 жолмен тасымалданады, бірақ біз осы сөзді 4 жолмен тасымалдай аламыз ба? Тасымалдау жолын көрсету 1. Оқу-шылардың 2. Оқушы – лардың 3. Оқушылар-дың (жалғыз әріптен тұратын буын тасымалданбайды) Сергіту сәті «Адасқан әріптер» ойыны. Берілген әріптерден Қазақстан қалаларын құрап, буынға бөлу Оқулықпен жұмыс 2-топқа тапсырма «Барлық оқу құралың Бүтін болсын» — ұраным. Шылдырымен сағаттың Өзім ерте тұрамын.(Қ.Мырза Әли) 3-тапсырмаБуындардан сөз құрау. Ал екінші қатардағы сөздерден сөйлем құрайды. Қорытынды: буыннан сөз құралады. Сөздерден сөйлем құралады. |
Сергіту сәті | Орнымыздан тұрайық, Белімізді жазайық. Жоғары-төмен қарайық, Солға-солға түзу түр. Оңға-оңға түзу түр, Алға қарайбір адым, Артқа қарай бір адым Бойымызға күш жинап, Бір дем алайық. | Оқушылар мұғаліммен бірге қайталайды |
Ой толғаныс | Ұйқасын тап Қайсы күні қандай сабақ, Қалай менің үлгерімім? Еш жаңылып қалмай, санап Жүреді ылғи……… (күнделігім) Мекендеген портфелімді, Беттері аппақ, көңілді. Қызаратын қатем үшін Кірлетпеймін………….. (дәптерімді) Қатар бойынша тапсырма беру 1-қатар. Күнделігім 2-қатар. Дәптерімді (тасымалдау) |
Үй тапсырмасы | Оқулықтағы тапсырманың қалғанын үй жұмысы ретінде беру | Күнделіктеріне жазады |
Бағалау | Смайликтер арқылы |