СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары : Домбыра

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

8 сыныпқа арналған. Сабақ жоспары: Домбыра . Күй атасы  - Құрманғазы Сағырбайұлы.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары : Домбыра»

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы:

«Домбыра»

Мектеп: № 45 орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Айткалиева Қ.Б.

Сыныбы: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Тілдесім әрекетінің негізінде оқушыларды қазақ күй өнері жайлы ақпарат беруге үйрету. Лексикалық тақырып аясында тұйық етістікті меңгерту.

Тілдік коммуникация барысында тілдік үлгілерді қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту.

Қазақ тіліндегі тілдесім әрекетіне құрылған мәтіндер негізінде оқушыларды достық қарым-қатынас құра білуге тәрбиелеу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: тақырыптың аясында қарапайым сөйлемдер құрау арқылы домбыра үйірмесі жайлы айтады, қазақ күйінің өткені, бүгіні, ертеңі жайлы ақпарат береді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

ұлттық саз аспаптарын атайды, қазақ күйін сипаттайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

тақырып аясында өз бетімен мәтін құрайды, қарапайым үлгілер арқылы тілдеседі.

Алдыңғы оқу

Сыртқы шеңбер, ішкі шеңбер әдісі арқылы өткенді қайталау.

Тілдік мақсат

Икемділік, тиек, екіішекті, жетіген, сазсырнай, шаңқобыз, дауылпаз, қобыз, әлемді мойындату, дәріптеу.

Сабақта қолданылатын материалдар

Интерактивті тақта, слайдтар, Құрманғазының «Адай» күйінің үнтаспасы, «Ұлытау» тобының музыкалық шығармалары, ұлттық саз аспаптары, А4 парағы, маркерлер, плакат, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, қоржын, смайликтер .

Оқыту әдістері

Әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, ассоциаграмма, жағдаяттық тапсырма, «Қоржын» дидактикалық ойындары, рөлдік ойын, «Жеке әңгіме» техникасы, сергіту жаттығуы.

Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Оқушының іс - әрекеті

Ресурстар

Мұғалімнің іс - әрекеті

Сабақтың басы


Қызығушылықты ояту


4 мин

Құрманғазының «Адай» күйін тыңдатамын. Интерактивті тақтадан қазақ күй өнеріне қатысты дайындаған слайдтарын көрсетеді. Сипаттап берулерін сұрайды.


Күйді тыңдайды, слайдтарды сипаттайды.


Интерак

тивті тақта.



Мағынаны тану

Тыңдалым. Оқылым.




Айтылым.


3 мин




Мәтіналды жұмыс

Жазылым.


2мин











Оқылым

Айтылым

5 мин
























Сабақтың ортасы


Айтылым. Тілдесім.












5 мин

















Тыңдалым

Оқылым


7 мин












Жазылым

Айтылым


2 мин

Жазылым

Айтылым


4 мин




Айтылым

4 мин




















Сабақтың соңы

Айтылым


5 мин




















Рефлексия

1 мин


Үй тапсырмасы


Бағалау




































































.1. Сөздікпен жұмыс.

А) Мұғалім интерактивті тақтадан оқушыларды тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Жаңа сөздер: икемділік, тиек,екіішекті, жетіген, сазсырнай, шаңқобыз, дауылпаз, қобыз


1-тапсырма.

Төмендегі сөйлемдерді толықтырып жаз.

1) ... – күй атасы.

2) Мен ол кісінің

күйлерін тыңдаған соң, менде домбыраға деген ... оянды.

3) Домбыра ... үшін үйірмеге жазылдым.

4) Ол жақта маған ... мен ... ... үйретті.

5) Дыбыстарды ... ... ... үшін ұстазды мұқият тыңдау керек.

6) Домбыра үйрену үшін адамға ... те керек.

7) ... дұрыс басылмаса, дыбыс жақсы шықпайды.

8) Бүгін досым Саша да домбыра үйірмесіне ... .

Қажетті сөздер:

Құрманғазы, Дина, Тәттімбет күйлері,тез қағып алу, пернелер, икемділік, жазылды, үйрену, қызығушылық.


2-тапсырма.

Қазақ халқының ұлттық саз аспаптарымен таныс.

Берілген мәліметтің қай сурет туралы

екенін тауып айт.


1. Үрмелі аспап.Ысқырып ойналады, флейталар

тобына жатады.Бұған ұқсас аспаптар көптеген

халықтарда кездеседі.

2. Қазақ халқының ең кең тараған екіішекті, көп перне лі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде

маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап.

3. Темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі бар көне музыкалық аспап.

4. Екіішекті, ыспaлы музыкалық аспап. Қазақ халқы ның ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көнесі.

5. Үрмелі аспаптар тобына жатады. Шопандардың мал бағып жүрген кезде жалғыздығын жебейтін аспап ретінде қолданылған, ал кешкі демалыс мезгі лінде музыканттар онымен ескі аңыз - жырларды орындаған.

6. Жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі ас пап. Тиектің орнына асықтар пайдаланылған.

Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жыл жыту арқылы келтірілген.

7. Қазақтың ұрып ойналатын көне музыкалық аспа бы. Ертеректе бұл аспапты аңшылықпен

саятшылықта пайдаланатын болған. Оны бітеу ағаш тан ойып жасаған.




3-тап сыр ма. «Құрастыр» әдісі арқылы домбыраны құрастыр.

  1. Күй дегенді қалай түсінесің?

  2. Қазақтың күйлерін ата.

  3. Қазақтың ұлттық аспаптарын атаңыз.

  4. Қазақтың қандай атақты күйшілерін білесіңдер?



Күй – қазақтың жансерігі,сырласы. Күйдің ғажаптығы сол – ол бастан кешіріп отырған өмірдің мәнін түсіндіреді. Күй атасы – композитор Құрманғазы Сағырбаев 1823 жылы Атырау облысы Жиделі ауылында дүниеге келген. Құрманғазы нағыз сегіз қырлы, бір сырлы адам болған. Ол күйшілігімен қатар ақындық, мергендік,палуандық өнерімен де көзге түскен.Құрманғазы жастайынан халық әндері мен күйлерін тыңдап өскен. Жасы оннан асқанда ауылға әйгілі домбырашы Ұзақ келеді. Жас Құрманғазының домбырада күй тартуын ұнатқан Ұзақ қарт оған домбыра тарту өнерінен сабақ береді. Құрманғазы он алты жасынан бастап туған аулынан кетіп, күй тартып, ел аралай бастайды.Осындай күндердің бірінде Құрманғазы өзіне бата берген Ұзақ қартпен тағы кездеседі. Онымен бірге ауылдарды аралап, көптеген күй тартыстарға қатыса жүріп,елге атағы шығады. Құрманғазының «Адай», «Қайран шешем», «Ақбай», «Ақсақ киік», «Түрмеден қашқан» және т.б. белгілі күйлері бар.Ал Дина Нұрпейісова Құрманғазының шәкірті болған.9 жасынан аты шыққан қаршадай қыздың даңқын естіп,атақты күйші Құрманғазының өзі әдейі іздеп келіп, батасын берген деседі.

4-тапсырма

Мәтіндегі қою қаріппен берілген етістіктерді көшіріп жаз. Оларды тұйық етістік түріне айналдырып жаз.


5- тапсырма

Берілген тұйық етістікті сөз тіркестерімен сөйлем құра.Тұйық етістікті сөз тіркестері: домбыра тарту, өмірге келу,күй ойнау, ән салу, бата беру, атақты болу, аспап жасау, Құрманғазымен таныстыру, үйірмеге жазылу.

6-тапсырма

«Мұғаліміңмен тілдес» .

Оның қойған сұрақтарына жауап бер.

Мұғалім:«Күй» дегеніміз не?

Оқушы:...

Мұғалім: Бүгін кіммен таныстық?

Оқушы: ...

Мұғалім: Құрманғазы кім?

Оқушы: ...

Мұғалім: Құрманғазы Сағырбаев қай жерде

дүниеге келген?

Оқушы: ...

Мұғалім: Оның өнердегі алғашқы ұстазы кім болған?

Оқушы: ...

Мұғалім: Ол кісінің қандай әйгілі күйлері бар?

Оқушы: ...

Мұғалім: Ол ұстазын қайта кездестірді ме?

Оқушы: ...

Мұғалім: Домбыра неден жасалады?

Оқушы: ...

Мұғалім: Домбыра қандай

Бөліктерден тұрады?

Оқушы: ...

7- тапсырма.

Сурет бойынша 6-7 сөйлемнен

тұратын мәтін құрап

айт. Тұйық етістік түрінде жаз.





«Бес саусақ» әдісі


Қазақтың күйі туралы мәлімет .




Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.



Жаңа сөздерді дұрыс айтуға жаттығады.




Сөйлемдерді толықтырып жазады, сұрақтарға жауап береді.













Қазақ халқының ұлттық саз аспаптарымен танысады,






















Сұрақтарға жауап беру арқылы домбыраны құрастырады.

































Сызба бойынша тұйық етістікті меңгереді




Тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға машықтанады, сұрақтарға жауап

береді.





мәтіндегі етістіктерді тұйық етістікке айналдырады,



сөйлемдер құрайды.



Интерактивті тақта










Таратпа карточкалар















Интерактивті тақта
























Интерактивті тақта


































Интерактивті тақта