Сынып: 9 «В»
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ірі қалалары
Сабақтың мақсаты: Қазақстан ірі қалалары туралы танымдық білімдерін арттыру.
Сабақтың міндеттері:
- Тілді жаттықтыру, сөздік қорларын байыту;
- Оқушылардың түсінік дағдыларын қалыптастыру;
- Өз жерін, елін, байлығын мақтан етуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: топтық жұмыс.
Сабақтың әдіс-тәсілдер: «Ой қозғау» стратегиясы, түрткі тапсырмалар, деңгейлік жұмыс, қайта бағыттау сұрақтары, зерттеу жұмысы-семантикалық карта.
Сабақтың формасы: жекелей, жұптық, топтық әрекет.
Сабақтың көрнекілігі: АКТ, Қазақстан картасы, қиықшалар, деңгейлік таратпалар, семантикалық карта, бағаалау парағы.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, жағрапия, орыс тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі .
1. Сәлемдесу: Сәлеметсіздер ме? Отырыңдар.
2. Ауызекі сөйлесу: Кезекшімен, топпен.
3. Оқушыларды психологиялық дайындау (эмоциялық).
4. Оқушыларды топқа бөлу. Балалар, бүгінгі сбағымыз күндегі сабақтан ерекше болмақ. Себебі біз үш топқа бөлініп, үш қала бойынша зерттеу жұмысын жүргіземіз.
(Оқушыларға үш қаланың суреті /Алматы, Астана, Қарағанды/ бейнеленген қиықшалар таратылады. Әр оқушы қандай бейнені таңдаса, сол түс арқылы топқа бөлінеді). (3 мин)
А). Лингвистер тобы
Ә). Географтар тобы
Б). Тарихшылар тобы
ІІ. Жаңа сабақ.
А). Сабаққа қызығушылықты ояту.
а). Оқушыларға жаңа сабақ бойынша қызығушылықтарын ояту. Қазақстан қалалары туралы әңгімелесу. Түрткі сұрақтар қою арқылы ой шақыру. («Ой қозғау» стратегиясы).
- Қазақстанда неше облыс бар?
- Қазақстанның қандай ірі қалаларын білесіңдер?
- Біз қай облыста тұрамыз?
- Қарағанды облысында қандай шағын қалаларды білесіңдер?
- Біз қай қалада тұрамыз?
- Қаламыз несімен ерекше?
- Біздің қала неге металлугтер қаласы деп аталады?
ә). Жақсы балалар. Біз жаңа сабағымызды бастамас бұрын «Қазақстанның қалалары» туралы ой қозғадық. Ендеше қай қала ерекше даңықты екенін білгіміз келсе, ол үшін үстелдің үстінде жатқан парақшаларды талдайық. Түрткі тапсырмалар беру. Бірінші қатарында қала аттары жазылу тұр. Екінші қатарда – несімен сол қала даңқты екенін көрсететін сөздер берілген. Біздің міндетіміз сол қалалардың сәйкестігін табу. (Міндеті: оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін арттыру. Сөз тіркестерінен, сөйлем құрап үйрету). Оқушылар тапсырманы 5 минут орындайды.
ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫ
Қазақстанда халықты таңқалдыратын қалалары бар.
Ол қалалар әр жерде несімен даңқты?
ҚАРАҒАНДЫ – Көмірімен
ӨСКЕМЕН – Рудасымен
АТЫРАУ – Мұнайымен
КӨКШЕТАУ– Табиғатымен
ШЫМКЕНТ – Халық санымен
ҚЫЗЫЛОРДА- Мақтасымен, күрішімен
ТҮРКІСТАН – Қожа Ахмет кесенесімен
АЛМАТЫ- Медеуімен
АСТАНА Бәйтерегімен
ә). Тақырыптың мақсатын айтамын. (5 мин)
Ә). Мағынаны тану сатысы. Жекелей, жұптық, топтық әрекет.
1. Қазақстан картасымен жұмыс. «Галереяны аралау» стратегиясы. (Тақтаға картаны аралап қарап, оқушылармен Қазақстанның ірі қалаларын анықтаймыз. Қалалардың географиялық орналасуы, көлемі, мәдени орындары, тарихи ескерткіштері, қала не өндіреді? деген тақырыптарды талқылау. (Міндеті: оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, ірі қалалар туралы мәлімет беру).
2. Деңгейлік жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар оқушыларға таратылады. Тапсырма дәптерге орындалады. (Міндеті: оқушының грамматикалық икемдерін
қалыптастыру).
ІІІ. Берілген сөз тіркестерін аударады.
Солтүстік-
Оңтүстік-
Орталық-
Шығыс-
Батыс-
ІІ. Берілген сөз тіркестерін мағынасына қарай жұптастырады.

Жеміс-жижектері мол өлкелер Қарағанды

Қаржылық орталық Атырау, Ақтау
Көмірлі өлке Алматы
Бәйтерек пен зәулім үйлер Қызылорда, Шымкент
Мұнайлы қалалар Астана
І. Берілген сұрақтарға жазбаша жауап береді.
сұрақтар:
Алматыда қандай мәдени орындар бар?
Астанада қандай сәулетті ескерткіштер бар?
Қарағанды өлкесінде не өндіреді?
Б). Ой толғаныс сатысы. (7 минут).
а). Топпен жұмыс.
Оқушылармен үш топқа бөлініп, үш қала бойынша зерттеу жұмысын жүргіземіз. Зерттейтін қалалар- Алматы, Астана, Қарағанды қалалары.
- Неге бұл қалалар ерекше деп ойлайсындар? Қайта бағыттау сұрақтары.
Жауап:
- Алматы – бұрынғы астанамыз.
- Қарағанды – біздің туған жеріміз.
- Астана – жаңа ел ордамыз.
ә). ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ. Бұл жұмыста семантикалық картаны пайдаланамыз.
1. Лингвисттердің зерттеу жұмысы
- Сөздерді септейді.
2. Географтардың зерттеу жұмысы
- Географиялық орналасуы
- Қаланың көлемі
3. Тарихшылардың зерттеу жұмыстары
- Мәдени орындары
- Тарихи ескерткіштері
- Қала не өндіреді?
4. Мұғалімнің жұмысы:
- Топтарды басқару;
- Оқушылардың зерттеу жұмысын дұрыс орындауға көмектесу.
- Жұмыстарын кесте бойынша бағалау.
ІІІ-деңгей. Лингвистер тобы, сөздерді септейді.
Атау септік | Ілік септік | Барыс септік | Табыс септік | Жатыс септік | Шығыс септік | Көмектес септік |
Қарағаны | | | | | | |
Астана | | | | | | |
Алматы | | | | | | |
ІІ-деңгей. Географтар тобы жоспар бойынша кестені толтырып, қорғайды.
| Алматы | Астана | Қарағанды |
1. Географиялық орналасуы | | | |
2. Көлемі | | | |
І-деңгей. Тарихшылар тобы жоспар бойынша кестені толтырып, мазмұнын айтады.
| Алматы | Астана | Қарағанды |
1. Мәдени орындары | | | |
2. Тарихи ескерткіштері | | | |
3. Қала не өндіреді? | | | |
ІІІ.Тұжырымдау. (3 мин)
Оқушыларға бүгінгі сабақтан алған білімдерін тексеру мақсатында жалпы сұрақтар қоямын. Оқушылар сұрақтардың дұрыс, бұрыстығын анықтайды. (Дайын сұрақтар слайдта жазылған). Бағалау парағы оқушыларға таратылады.
Бағалау парағы.
| Дұрыс | Бұрыс |
Қазақстанның ірі қалалары бес облыстық аймаққа бөлінеді. | | |
Қарағанды қаласы орталық Қазақстанда орналасқан. | | |
Батыс ірі қалаларында газ, мұнай өндіреді. | | |
Шығыс Қазақстанның ірі қалалары Өскемен мен Семей. | | |
Солтүстік қалалардың қысы суық болады. | | |
Оңтүстік аймақ жеміс- жидекке мол жер. | | |
ІV. Бағалау. (5 мин)
Оқушыларды бағалаймын, сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтаймын.
Әр топтың алдыңда бағалау парағы мен бағалау критерийлері бар, топ мүшелері өздеріне және топ мүшелеріне өз бағаларың береді.
Бағалау критерийлері:
«5» - берілген барлық тапсырмаларды белсене орындады, өз пікірін дәлелде жеткізуге және қазақ тілінде сауатты сөйлеуге барынша тырысты.
«4» - берілген барлық тапсырмаларды белсене орындады, бірақ кейбір пікірлері ұтымды болмады. өз пікірін қазақ тілінде жеткізуге барынша тырысты. Ауызекі сөйлеуде 1-2 қателер кетті.
«3» - берілген тапсырмалардың кейбірін ғана орындады. Белсенділік байқалмады. Пікір алмасқанда көбіне орыс тілінде сөйлеп отырды.
«2» - сабаққа дайын, алайда ешбір тапсырманы өздігімен орындамады, өз пікірімен бөліспеді, өз бетімен отырды.
V. Үйге тапсырма. (2 мин)
«Қазақстанның ірі қалалары» тақырыбына диолог құрастыру.