СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары Киімдер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары Киімдер»



Сынып: 3 пәні: қазақ тілі күні:___________

Сабақтың тақырыбы:Киімдер

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: тақырып бойынша оқушылардың сөйлесу қабілеттерін қалыптастыру.Сөйлесім әрекеттерін жүйелі түрде қолдану.Білім сапасына сабақ сайын мән беріп, арттырып отыру.

2.Дамытушылық:ауызекі сөйлеуге жаттықтыру, сөздік қорын молайту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

3. Білімділік : өз киімдеріне, жеке заттарына ұқыпты болуға баулу.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың көрнекіліктері: тақырыпқа байланысты киімдердің суреттері

суреттер,слайд, карточкалар.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.  1. Сәлеметсіңдер ме балалар.Ал балалар енді отырар алдында бір – бірімізбенде амандасып алайық.

2.Шаттық шеңбері.

Сәлем бердім досыма.

Кел менің құшағыма.

Қалың қалай? Жақсы ма?

Жақсы болса? Жасырма!

Отырыңдар балалар.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. Өткен сабақта балалар біз сендермен жыл мезгілдерін өткен болатынбыз.Балалар мен сендерге үй тапсырмасына жыл мезгілдерін қайталап және диалог жаттап келіңдер дегенмін. Ал енді есімізге түсірейікші (сұрақ – жауап )

1.Бір жылда қанша жыл мезгілі бар ?

2. Жыл мезгілдерін кім атап шығады ?

3. Күз айларын кім атайды ?

4. Күзде ауа райы қандай болады ?

5. Қазыр қандай жыл мезгілі ? Қыс айларын кім атайды ? Қазыр қай ай ?

6. Қыста ауа райы қандай болады ? Ал қыстан кейін қандай жыл мезгілі келеді?

7.Көктем айларын кім айтады ?

8.Көктемде ауа райы қандай ?

9. Жаз айларын кім атайды ?

10. Жазда ауа райы қандай болады ?

11. Күз айларын кім атайды ?

12. Күзде ауа райы қандай болады ?

ІІІ.Жаңа сабақ.

Өте жақсы балалар. Ал бүгінгі сабақтың тақырыбын білу үшін,біз тақтада берілген ребусты шешуіміз керек.

-         Бұл не?

-          Бұл көз.

-          Соңғы екі әріпті алып тастаймыз. Қандай әріп қалды?

- «К» әріпі қалады.

- Ал мынау қандай әріп ?

-          «И»- әріпі

-          Бұл не?

-          Бұл тіс.

-          Бірінші және соңғы әріптерді алып тастаймыз.

- Қандай әріп қалды ?

- «І» әріпі қалды.

-          Бұл не?

-          Бұл алма.

-          Алдынғы екі әріпті және соңғы әріптерді алып тастаймыз.

- Қандай әріп қалды.

- «М» әріпі қалды.

- Қандай сөз шықты балалар.

- Киім

- Енді бұл сөзге «дер» жалғауын жалғаймыз.

- Қандай сөз шықты ? (Киімдер)

Дұрыс балалар   бүгін сабақта біз «Киімдерді » өтеміз. Олай болса киімдерді есімізге түсірейікші ?

Сұрақ – жауап арқылы.

-          Мынау не?

-          Бұл шалбар.

- Ал балалар кім айтады осы біз киімдерді қайдан аламыз ?

- Киім дүкенінен, базардан.

Балалар енді сөздік дәптерлерімізді ашып бүгінгі жаңа сөздерді жазып алайық.

Сөздік

түйме – пуговица

қалта – карман

жаға – воротник

қалпақ – шляпа

пима – валенки

күрте – куртка

жейде - рубашка

жемпір – кофта

бөкебай - шарф

Оқушыларға жаңа сөздерді қайталатқызу.

1.Орысша – қазақша оқимын. Балалар қайталайды.

2.Тек қана орысшасын оқимын балалар қазақшасын айтады.

3.Екі оқушының біреуі қазақша оқиды, біреуі орысша оқиды.

Балалар енді осы сөздермен сөзтіркестерін немесе сөйлемдер құрайық.

Қазыр қай жыл мезгілі дедік ? (Қыс)

Қыста қандай киім киеміз ?

Сыныпта орындалатын тапсырмалар.

Балалар дәптерлерімізді ашып бүгінгі күнді жазайық.Бүгін ақпанның нешесі ? (Ақпанның жиырма бесі) .



1 – тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жаз.

Қыста үстіме күрте киемін.Қыста қолыма қолғап киемін.Қыста басыма құлақшын киемін.Қыста аяғыма пима киемін.

Сұрақ – жауап.Қыста үстімізге тағы не киеміз ? Аяғымызға тағы не кие аламыз ? Қыста қандай киімдер киеміз ?

Ал енді интерактивтік тақтаға қараймыз.

Жазда қандай киеміз ?(туфли, көйлек, жейде т.б)


2 – тапсырма. Карточкамен жұмыс

Балалар мен сендерде  карточкалар таратам. Бұл карточкадан сендер сөздің басы мен соңын табуларың керек.

көй

құлақ

шал

күр

шын

бар

лек

ғап

жей

те

қол

де

бөке

қал

жем

ға

жа

пір

бай

пақ

 



















3 – тапсырма. Берілген сөздерді І және ІІ жақта жазыңдар.


Менің  : көйлек – көйлегім

                тон – тоным

                көз – көзім

Сенің:    қалпақ – қалпағың

                етік – етігің

               бас  - басың

Сергіту сәті. қызыл өрік


4 – тапсырма.Балалар тақтаға қараңдар. Сендер мәтіңді  оқисыңдар және карточкаларда дұрыс жауаптарыңды  көрсетесіңдер.

«Кім не сатып алды?»  Шешесі, әкесі, әжесі және Әсел не сатып алды?

Әсел отбасымен дүкенге келді.

Киім дүкенінде өте көп киім бар.

Әжесі жасыл көйлек сатып алды.

Әкесі  қара шалбар сатып алды.

Шешесі ақ тон сатып алды.

Әсел әдемі құлақшын сатып алды.

Олар рақмет айтты.

 

көйлек

шалбар

тон

құлақшын

Шешесі

 

 

 

 

Әкесі

 

 

 

 

Әжесі

˅

 

 

 

Әсел

 

 

 

 

 


5 – тапсырма. Берілген сөздерді үш бағанға бөліп жазу.


Қызыл, тон, сары, жылы,етік, жейде,жасыл, суық, көйлек, ақ, ыстық,көк,шалбар, қоңыр, салқын,қалпақ.


6 – тапсырма. Балалар, мен сендерге карточкалар беремін, мұнда берілген сөздерден сөйлем құрамдар.

Киім, бұл, дүкені.

Көйлек, жейде, бар, дүкенінде, киім.

Дүкенде, киім, әдемі, көп.

Шалбар, мен, аламын, сатып.

Сен, аласың, сатып, жейде, қызыл.


Сабақты бекіту: Бүгінгі сабақта біз не қайталадық?

Тест:   а)шаш, бас, құлақ

            ә) кітап, дәптер, қалам

            б) көк, сары, қызыл

            в) көйлек, тон, шалбар

        

Сабақты қорытындылау:

Үй тапсырмасы: Сөздерді жаттап келу.

Бағалау: сабақтағы белсенділіктеріне қарай бағалау.