Сабақ№_9_ Сыныбы_9_ Күні: 6.10.17ж
Тақырыбы: Қазақстан шетелдік интервенция және азамат соғысы жылдарында.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға шетелдік интервенция және азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Топтастыру.
2. Әңгіме-дәріс. 5. Тірек-сызба.
3. Кестемен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, қазақстан тарихы т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Қоқан автономиясы – 1917 жылы қарашада өткен ІV Өлкелік төтенше мұсылман съезі орталығы Қоқан болатын Түркістан автономиясын құру жөнінде шешім қабылданды. 1918 жылы қаңтарда Ташкент кеңесі Қоқанға құрамына Ташкенттің қызыл гвардияшы бөлімдері, большевиктерге ниеттес қалалық гарнизон солдаттары кірген жазалаушы отрядтарын жіберді. 29 қаңтарда Қоқан автономиясын талқандау басталды. 1918 жылы 30 сәуірде Ресейден жіберген большевиктердің басшылығы мен құрамында Қазақстанның оңтүстік аймақтары енген Түркістан Кеңестік Федерациялық Республикасы жарияланды. Түркістан АКСР – інің астанасы – Ташкент қаласы болды.
2. Алаш автономиясы – өте күрделі жағдайда қызмет атқарды. Дала өлкесінде «Алашорда» үкіметінің жергілікті органдары құрыла бастады. «Алашорда» үкіметінің мүшесі, қоғам қайраткері, ағартушы О.Әлжанов большевиктермен кескілескен қан майданда 1918 жылы 21 тамызда ерлікпен қаза тапты.
Сұрақ-жауап:
1. Қазақ АКСР – інің құрылуын ел тарихындағы белгілі оқиғалардың бірі деп тануға негіз болатын қандай факторлар бар?
2. Қазақ жерін Қазақ АКСР інің құрамына біріктіруүрдісіндегі қиындықтардың түпкілікті себептері неде?
3. ҚазақАССР інің құрылуының тарихи маңызы неде?
4. Қазақ АКСР – інің құрылуына тарихи балама жол болды ма?
Қорытындылау:
Түркістан автономиясы – 1917 жылы 28 қарашада Түркістан өлкесі халықтарының өзін – өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік құрылым.
Алаш автономиясы – 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен екінші халықаралық съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық аумақтық мемлекеттілігі (1917-1920жж)
Аумақтық ұлттық автономия – бір мемлекеттің шеңберіндегі саяси жағынан өзін өзі билейтін ұлттық құрылым (республика, облыс, аудан)
Тоталитаризм – қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандықтары мен құқықтары жойылатын басқару түрі.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сыныпты 2 топқа бөлу, әр топта жетекшіні сайлау.
Дивизияларды таныстыру: «Көк» және «Жасыл».
1 кезең. Комдивизияларға сұрақтар:
1. Азамат соғысы деген не? Толық анықтамасын беру.
2. Қашан ол басталды және аяқталды? (Хронологиялық шеңбері).
3. Шетел интервенциясы деген не?
4. Интервент-елдер. (14 ел жорығы).
5. Азамат соғысының негізгі майдандарын көрсету.
6. Осы майдандарда қандай жауларға қарсы шайқасты?
2 кезең. Өзара атыс.
1. Қазан төңкерісі қашан болды?
2. Қазақстанда Кеңес билігі қандай екі жолмен орнады?
3. Неге бір жерлерде бейбіт жолмен, кейбір жерлерде қарулы күшпен өтті?
4. Азамат соғысының басталуына түрткі болды?
5. Азамат соғысы жылдары қақтығысқан негізгі екі күш?
6. Большевиктер көсемі кім болды?
7. Қазақстанның қандай облысында Кеңес үкіметі толығымен орнаған жоқ? Неге?
8. Партизан қозғалысының орталықтары?
9. Азамат соғысы жылдарында қаза тапқан адамдар саны шамамен?
10. Азамат соғысы жылдарында экономикалық саясат қалай аталды? Негізгі белгілері?
11. Бейбіт тұрғындар кімнің жағында шайқасты? Неге?
12. Қаз АКСР қашан құрылды?
3 кезең. Бұл кім?
1. Астыртын жұмысты Ой болысында басқарды (К.Саркин)
2. Қазақстандағы Колчак тобын талқандауда Шығыс майданның Оңтүстік тобының жетекшісі (М.Фрунзе)
3. Азамат соғысының қаһарманы, 25 дивизия басшысы (Чапаев)
4. Қазақстандағы Колчак тобын талқандауда Шығыс майданның Солтүстік тобының жетекшісі (М.Тухачевский)
5. Азамат соғысы жж/да Солтүстік Жетісуда ерекше қаталдық көрсеткен атаман (Анненков)
6. 1919 жылы «Төңкеріс және қазақтар» деген мақала жазған қазақ зиялысы (А.Байтұрсынұлы)
7. Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасы, большевиктер партиясы көсемі, Қазақ жерлерін біріктіруде Қазақстан мүддесін жақтаған тұлға (Ленин)
8. Азамат соғысы қаһарманы, шөл даласы арқылы экспедицияны басқарған (Жангелдин)
9. Түркістан автономиясында» алғашында министр-төраға және ішкі іштер министрі болған (М.Тынышпайұлы)
10. Шыңғысхан тұқымы, «Алаш» партиясы және «Алаш-Орда» үкіметі төрағасы (Бөкейханұлы)
11. Қазақ өлкелік басқару жөніндегі Революциялық Комитетінің басшысы (Пестковский)
12. Азамат соғысы батыры, 1916 жылы Торғай облысындағы көтеріліс сардарбегі (А.Иманов)
13. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің алғашқы төрағасы (Меңдешев)
14. Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы (Радус-Зенькович)
15. Түркістан автономиясының қорғаныс министрі, үкімет төрағасы орынбасары, төрағасы (М.Шоқай)
16. Омбы басшысы (Колчак)
17.Казактар әскерінің атаманы, Орынборды алып, казак үкіметін құрған (Дутов)
18. Кеңарал болысында астыртын (партизан) жұмысты 1916 жылғы қозғалыс жетекшілерінің бірі (Ө.Ыбыраев)
4 кезең. Дивизия, алға!
Ұран: «Алға, алға, алға».
«Көк» дивизия үшін сұрақтар:
1. Монархтың шексіз билігі. (Абсолюттік монархия)
2. Омбы билеушісі. (Колчак)
3. Шығыста және Қазақстанда қабір. (Кесене)
4. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс кезіндегі Шерубай-Нұра болысының ханы болып сайланған (Н.Қияшев)
5. Киіз үйдің қабырғасы. (Кереге)
6. 1917 ж. Қазақстанда құрылған буржуазиялық-либералдық партия. (Алаш)
7. КазАКСР ОАК төрағасы. (Меңдешев)
8. 25 дивизия комдиві (Чапаев)
9. Тарбағатай мен Алтайдағы партизан отрядтары (Тау қырандары)
10. 1918 ж. Торғай облыстық Кеңестер съезінің қаулысымен жабылған газеті
11. Қағанат билеушісі. (Қаған)
12. Қазақстанның Ресейге қосылуын ұйымдастырған Кіші жүз ханы. (Әбілқайыр)
13. Ақиқатты жерде іздейтін тарихи ғылым. (Археология)
14. Алға қозғалыс. (Прогресс)
15. Торғайдағы көтеріліс басшысының бірі , шөл арқылы Ақтөбе майданына қару-жарақ, оқ-дәрі, дәрі-дәрмек жеткізген атақты қайраткер. (Жангелдин)
16. Жеңілісті мойындау. (Капитуляция)
17. 1916 жылғы көтеріліс сипаты. (Антиимпериалистік, антиотарлық)
18. Шығыс майданның Оңтүстік тобын басқарған. (Фрунзе)
19. ҚазАКСР қашан құрылды? (26 тамыз 1920 жыл)
20. Қазақстанның тұңғыш астанасы. (Орынбор)
«Жасыл» дивизия үшін сұрақтар:
1. Халық билігі. (Демократия)
2. Азамат соғысы жж/да Солтүстік Жетісуда ерекше қаталдық көрсеткен атаман. (Анненков)
3. Ахмет Яссауи кесенесін салдырған. (Әмір Темір)
4. 1916 ж. Қарашақ болысының ханы болып сайланған. (Оспан Шоңов)
5. Киіз үй төбесі. (Шаңырақ)
6. «Алаш» партиясы төрағасы. (Бөкейханов)
7. КазАКСР ХКК төрағасы. (Радус-Зенькович)
8. 1917 жылғы 27-ақпанда Ресейде болған революцияның сипаты (Буржуазиялық-демократиялық)
9. Қазақстанда кеңестер билігі ең алғаш орнаған қала (Перовск)
10. Қазақ жүзін басқарған басшы титулы. (Хан)
11. 1916 ж. Торғай облысындағы көтеріліс басшысы. (А.Иманов)
12. 1916 жылғы көтеріліске сылтау. (1916 ж. 25маусымдағы патша жарлығы)
13. Патша билігін құлатқан Ресейдегі буржуазиялық революция. (Ақпан)
14. Шығыс майданның 5-армиясын басқарған. (Тухачевский)
15. Тұрмыс құрған әйел бас киімі. (Кимешек)
16. Үстемдік орнату. (Жеңіс)
17. ҚазАКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі болды. (1920 жылы 4 қазан)
18. Қазан төңкерісі қашан болды? (25 қазан 1917 жыл)
19. Келіншек қыздың бас киімі? (Сәукеле)
20. ҚР Тәуелсіздік күні қашан? (16 желтоқсан)
ІV. «Ақылдар шайқасы» қорытындысын шығару. Әскери трибуналға сөз беру.
V. «Ақылдар шайқасы» сабағаны қатысқандарды марапаттау.
VІ. Бекіту.
Тест.
Қазақстан шетелдік интервенция және азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.)
1. 1918 жылы маусымда Орынбрды алып, Қаз/ды Ресеймен байл/тын т/ж-ды кесіп тастаған әскери қолбасшы:
а. Колчак в. Дутов с. Анненков д. Деникин
2. Қазақстанда азамат соғысы басталған жыл:
а. 20 маусым 1918 жыл в. 20 қазан 1918 жыл с. 31 мамыр 1918 жыл д. 31 шілде 1918 жыл
3. Кеңестер Түркістан мен Қаз/да ... деп аталған әскери бөлімдер құрды.
а. «Мұсылман бөлімдері» в. Ақ гвардия с. Қызыл гвардия д. Тау қырандары
4. Түркістанда байырғы халықты әскерге тұңғыш рет күшпен жинау жарияланған жыл:
а. 1918 жыл в. 1919 жыл с. 1920 жыл д. 1917 жыл
5. Черкаск қорғанысы болған жер:
а. Орынборда в. Солтүстік Қазақстанда с. Батыс Қазақстанда д. Жетісуда
6. Ә.Жангелдин экспедициясы қару-жарақпен қандай майданды қамтамасыз етті?
а. Ақтөбе майданы в. Түркістан майданы с. Орал майданы д. Жетісу майданы
7. Азамат соғысы жылдарында қаза тапқан адамдар саны шамамен?
а. 6 млн в. 10 млн с. 8 млн д. 4 млн
8. Азамат соғысы жж/да Солтүстік Жетісуда ерекше қаталдық көрсеткен атаман:
а. Колчак в. Дутов с. Анненков д. Деникин
9. 1927 жылы Семейде сот процесінде сотталған атаман:
а. Колчак в. Дутов с. Анненков д. Деникин
10. 5. Жетісуда Кеңес өкіметі үшін күресте үлкен роль атқарған оқиға Черкаск қорғанысы уақыты:
а. 1918 жыл маусым - 1919 жыл қазан в. 1918 жыл шілде - 1919 жыл қараша
с. 1918 жыл тамыз - 1919 жыл желтоқсан д. 1918 жыл мамыр - 1919 жыл қыркүйек
11. 1920 ж. наурызда Семей облысының солтүстігі ақ гвардияшылардан азат етілуі нәтижесінде жойылған майдан:
а. Орал в. Жетісу с. Ақтөбе д. Шығыс
12. Орал майданы жойылды:
а. 1920 жыл 5 қаңтар в. 1920 жыл 1 сәуір с. 1917 жыл 25 қазан д. 1918 жыл 18 қаңтар
13. Ұлттық келісім тактикасына қол жеткізуге қазақ халқының ағартушысы әрі гуманисі ... сіңірген еңбегі зор:
а. М.Дулатов в. Ә.Бөкейханов с. М.Шоқай д. А.Байтұрсынов
14. 1919 ж. БОАК қаулысында азамат соғысы жылдарында Кеңес өкіметіне қарсы күрескен Алашорда мүшелері туралы не айтылды?
а. амнистия жарияланды в. қамалға алу с. өлім жазасына кешу д. шетелге көшіру
15. Жетісу майданы ққашан жойылды?
а. 1920 жыл қаңтар в. 1920 жыл наурыз с. 1920 жыл ақпан д. 1920 жыл мамыр
16. «Әскери коммунизм» саясаты жылдары:
а. 1931-1934 жж. в. 1918-1921 жж. с. 1921-1929 жж. д. 1921-1925 жж.
17. Әскери бөлімдерін құру істерімен айналысқан Дала өлкесінің төтенше комиссары:
а. Ә.Жангелдин в. А.Иманов с. Б.Қаратаев д. Т.Әлиев
Үй тапсырмасы:
§6-7 оқу. Тесттерге жауап беру