Просмотр содержимого документа
«Шығармашылы Сурет салу "Алтын күз"»
Екінші кіші «Құлыншақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізі күні:15.10.18ж
Тәрбиеші:Оразова Г.Т
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән:Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Қош келдің- Алтын күз»
Тақырыбы: "Алтын күз"
Мақсаты:
Тәрбиелік: Балаларды қылқаламмен және гуашпен түзу ұзын тігінен және қысқа
көлденең сызықтарды жүргізуді үйрету.
Дамытушылық: Эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Оқыту: Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап
Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
Ұйымдастырған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең:
Шаттық шеңбері:
Біздің күлкіміз көңілді.
Жеткізсін жылу мен шаттықты
Бөліскен жақсы ғой өмірде
Қуаныш, мейірім, бақытты.
2.Негізгі бөлімі: Тәрбиеші:
Балалар, мен жұмбақ - өлең оқимын мұқият тыңдап не туралы екенін айтып беріңдер:
Шөп сарғайып,
Өңі тайып
Дала сұры қашады.
Бай жаза алмай
Ойнай алмай
Денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы бөбектерім
Бұл қай кезде болады?
Қай мезгіл, кім айтады?
- Дұрыс айтасыңдар, рахмет.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да «Алтын күз» деп аталады.
Неліктен «Алтын күз» дейміз.
Күз түскенде күн салқындайды. Шөптер, жапырақтар алтындай сап - сары болып, сарғаяды, сондықтан «Алтын күз» деп атайды.
Күздің басқа жыл мезгілімен қандай ерекшелігі бар?
Тәрбиеші: Күзде неше ай бар?
Тәрбиеші: Енді балалар тыныштық сақтап 1, 2, 3 дегенде көзді жұмып күзгі орманға қиялмен серуендеп қайтайық.
Тәрбиеші: Орман іші қандай тып - тыныш.
Жапырақтан айырылған ағаштар сынғандай. Аяқ асты сары жапыраққа толы. Ауасы қандай керемет. 1, 2, 3 көзімізді аштық та қайтіп балабақшамызға оралдық.
Енді кім мааған мына мнемокесте бойынша күз мезгілінде болатын ерекшгеліктерді айтып береді.
Күзде ағаштар сары түске боялады.
Күннің көзі аз шығады. Күн суытады.
Жаңбыр жауады.
Жапырақтар түседі.
Адамдар жылы киімдерін киеді.

Есік қағып, Күз ханшайымы қонаққа келеді.
Тәрбиеші: бізге қонақ келіп қалыпты.
-Сәлеметсің ба күз ханшайымы!
Балалар күз ханшайымының көңіл күйі жоқ секілді. Не себепті жабырқаулы күйде екен өзінен сұрап көрейік. Күз ханшайымы сен неге көңілсізсің?
Тәрбиеші: Балалар бүгін сендер білімдеріңді көрсетіп белсенділік таныттыңдар.
Енді орындарымыздан тұрып сергіту жаттығу жасайық
Қане қанат жазайық.
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып - ұшып алайық
Орнымызға қонайық.
Тәрбиеші: рахмет балалар енді орындарымызға жайғасайық та Күз
ханшайымының талдарына жапырақтар жасайық.

Жапырақтың салыну техникасын түсіндіріп, содан соң, жұмысқа кірісу.


Тәрбиеші: Аяқтаған жұмыстарды арнайы тақтаға іліп, қояды.
Ақын М. Айтовтың «Алтын күзде»
шығармасынан үзінді оқиды.
Күзде дала жаурайды.
Көкте бұлттар аунайды.
Бұтағынан үзіліп
Жапырақтар саулайды.
3.Қорытынды: Соңынан тәрбиеші сабақты қорытындылап, жақсы қатысқан балаларды мадақтайды.
Сендерді жүректен жүрекке шеңберіне шақырамын.