Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Қатынас. Коммуникация
Пән/Предмет: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Ғажайып қыс»
Тақырыбы/Тема: «Мысық қалай қысқа таңғалады» (әңгіме құрастыру)
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Қысқы табиғатқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыра отырып, табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Өзара достық қатынастарын, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту.
3.Оқыту – обучающая: Қыстағы табиғат көрінісі мен адамдардың киімдері туралы әңгімелесу, сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін сөздермен толықтыру, қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға үйрету.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: мысық ойыншық, қаршықтар, қысқы киім суреттері
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: Қыс - зима, қар - снег.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Тосын сәт: есік қағылады.
Балалар бізге қонақ келген сияқты, бұл кім болды екен?
Балалар бұл мысық қой, ол тоңып қалған сияқты. Қане оны топқа алып кірейік.
Балалар мысық қыс мезгілі туралы, қалай киінуді білмейді екен, ал біз оған көмектесеміз бе?
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Балалар, бүгін біз қысқы табиғатты терезеден тамашалайық.
-Қыс мезгілін жақсы көресіңдер ме?
-Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атаңдаршы.
-Айналада не жатыр?
Билингвалдық компонент: қыс - зима, қар - снег.
-Қыста ауа райы қандай болады?
-Балалар немен сырғанап жүр?
Дала өте суық екен. Біз тоңып барамыз. Денемізді қыздырып жаттығу жасайық.
Сергіту сәті:
Боран соқты оң жақтан,
Боран соқты сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.
Ойын: «Қар жинау»
Жерде шашылған қарларды шелекке жинау.
-Балалар қараңдаршы мысық жылынған сияқты, ол қыс мезгілінің көптеген ереекшеліктерін сендерден үйреніп алды. Мысық сен енді адамдар тоңбас үшін қыста қалай киінетіндерін тыңдап ал.
-Адамдар қалай киінеді екен?
Адамдар қыста тоңбас үшін, суық тиіп ауырып қалмас үшін қалың, жылы киімдерін киеді.
-Біз қыста қандай киімдер киеміз?
-Мынау не?
-Бас киімді не үшін киеміз?
-Түсі қандай?
Жеке жұмыс: Мансурды, Алишерді киімдерін дұрыс киюге үйрету.
3.Қорытынды/итоговая часть:
-Балалар айтыңдаршы мысық қыс мезгіліне қалай таңғалды?
Мысық: балалар рахмет сендерге, мен енді қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы, қаста қалай киінуді де білемін.
-Іс-әрекетке жақсы қатысқан балаларды мақтап, жұлдызшалармен мадақтау.