Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға зат есім, олардың жазылу емлесі туралы
2-сыныпта өткен білімді еске түсіруге мүмкіндік туғызу;Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;
Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақ түрі: Жаңабілімді меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Оқу-танымдық әдіс
Пәнаралық байланыс: Дүниетану
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер, қима қағаздар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Жұмбақ жасыру
Қабат-қабат қапталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін. /Кітап/
Кітаптарың дайын ба?
Ұшымен қазық,
Тор көзді жазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып. /Дәптер/
Дәптерлерің дайын ба?
Денесі бар шыбықтан ,
Темір тұмсық құдықтан.
Сусын алып ішеді,
Ойы із боп түседі. /Қалам/
Қаламдарың дайың ба?
2. Өткенді пысықтау
-Өткен сабақта біз қандай тақырып өтіп едік? қайталап жіберейік
-Дұрыс айтасыңдар сөз таптары.
-Біз қандай сөз таптарын білеміз?
-Зат есім, сан есім, етістік, сын есім. Енді топтастыру стратегиясын пайдалану.
Зат есім
Сөз
таптары
Етістік


Сын есім
Сан есім
Ережені жатқа сұрау
7-жаттығуды тексеру
ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру.
Сөз таптарына нелер жатады? Олар қандай сұрақтарға жауап береді?
ІҮ.Мағынаны тану:
Ендеше кім? Не? Кімдер? Нелер? Деген сұраққа жауап беріп, заттың атын білдіретін сөздерді зат есім деп айтамыз. Және олар жалқы, жалпы есім болып бөлінеді. Жекеше, көпше түрі болады. Негізгі және туынды зат есім болып бөлінеді.
1-жаттығуда нелердің суреттері бейнеленген? (Құстар) 1-суретте қандай құстың суреті? (қарлығаш) Екіншісінде ше? Үшіншісінде ше? (сауысқан мен қарға) Кім? сұрағына қандай сөздер жауап береді?
Зат есім - заттың, құбылыстың, іс-әрекеттің атын білдіреді. Сұрақтары : Кім? Не? Кімдер? Нелер?
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс
2-жаттығу суретке қарап, зат есімдерді табу;
қарбыз, нан, дастархан, сурет, шәй, жемістер, пышақ, тақтай (не? нелер?) Қыз, ұл (кім?) Неліктен қыз бен ұлға кім деген сұрақ қоямыз?
3-жаттығу мәтінді көшіріп жазу, зат есімдерді тауып астын сызу.
4-жаттығу Балалар, малдың төлдері дегеніміз не? Аңдарға не жатады? Құстарға не жатады? Оларға қандай сұрақ қоямыз?
5-жаттығу:
Түйе, жылқы .... – бір сөзбен қалай айтады екенбіз? (үй жануарлары)
Кесе, қасық .... – бір сөзбен қалай айтады екенбіз? (ыдыс-аяқ)
Қияр, сәбіз ... – көкөністер
Бұл сөздердің әр қайсысына сұрақ қойып көрейік.
- Зат есім дегеніміз не? Ол қандай сұрақтарға жауап береді? Бұларды қандай сөздер айтамыз?
ҮІ. Бекіту:
1. Зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
Үй салайық сәнді кең.
Топырақ үй алдымен.
Құмды еле де,
Тас тасы,
Дайын тұрсын қақпасы.
Өлең жолдарында берілген зат есімдерді тап, сұрақ қой.
ҮІІ.Қорытындылау.Балалар, бүгін біз не үйрендік?Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді? Кім? деген сұрақты қандай сөздерге қоямыз?
Семантикалық карта
Атауы | Кім? | Не? | Кімдер? | Нелер? |
Жапырақтар | | | | |
Балық | | | | |
Ғарышкер | | | | |
Дәрігер | | | | |
Оқушылар | | | | |
Қазан | | | | |
Жылқылар | | | | |
Құстар | | | | |
Етікші | | | | |
Маман | | | | |
Шығармашылық жұмыс.
Берілген сөздер бойынша төрт жол өлең құрастыру, өлеңнен зат есімді табу.
Достық тобына:
--------- баламын
--------- аламын
----------------
---------- боламын.
Білім тобына:
Өлеңі ақыл, өзі аңыз
--------- бабамыз
------------------
------------ жазамыз.
Достық тобы
1. Әдебиеттік оқу пәнінен жаттаған бір өлеңді айту.
2. Көбейтудің неше қасиеті бар ата.
3. Достық сөзін сөз құрамына талда
4. Жұмбақ айт.
Білім тобы сұрақтары
1. Шаршының ауданын қалай табамыз.
2. Білім сөзін сөз құрамына талда.
3. Мақал айт.
4. Қыс туралы тақпақ айт
Терме диктант
Мақсаты: Зат есімді теріп жазу
Қыс
Күн суық. Жерде қалың қар жатыр. Үлкен кісілер де, балалар да жылы киім киген. Демалыста мұз айдынға барамыз. Коньки тебеміз. Қыс қарымен көрікті.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 6-жаттығу, мәтінді өшіріп жазу, зат есімдерді табу, белгілеу.
ІХ. Оқушыларды бағалау