СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 27.06.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Стартап түсінігі

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Стартап түсінігі»

МКҚК«Жоғары аграрлық-техникалық колледжі»

Оқу сабақ жоспары

(теориялық немесе өндірістік оқыту)

Сабақтың тақырыбы: IT Startup түсінігі.

Модуль/пән атауы: Информатика

Педагог:  Кимашева А.С.  

1.Жалпы мәліметтер:

Курс, топ: I –курс,1

Сабақ типі: теория

2.Мақсаты, міндеттері:

Оқыту мақсаты: 11.4.2.1.1 Startup (стартап) түсінігін баяндау;
Сабақ мақсаты:

  • Startup ұғымы туралы түсінік алады.

  • Startup негізгі сипаттамаларын, іске қосу кезеңдерін меңгереді

3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсібидағдылар тізбесі веб-бетте бейнені орналастыру үшін қажет тегті қолданады

Бағалау өлшемдері:

- Стартаптың, краудфандингтің жұмыс  істеу ерекшеліктерін аңықтау;
- «Стартап», «краудфандинг» жұмысының жүзеге асыру кезеңдерін сипаттау;

4.Қажетті ресурстар: түсіндіру, баяндау, «Ғажайып дорба», «Виртуалды шың» ойындары, «Аялы алақан» жаттығуы, Блум кестесі

4.1 Оқу-әдістемелік жинақ, плакаттар, анықтамалық әдебиеттер, үлестірме карточкалар.

4.2 МП, слайд, электрондық оқулық, видео сабақ.

 5. Сабақтың барысы

І. Сабақтың басы(6-7 минут):

Сабақ барысы: 

Ұйымдастыру кезеңі.

Жағымды атмосфера орнату: Әр студенттің көңіл күйлерін білу, «Сәттілік бүгінгі сабақтарына серік болуын» тілеу.

Білімді өзектендіру

Startup сөзін естідік пе?Осыған байланысты қандай ұғымдарды меңгердік? -студенттер осы сұрақтар төңірегінде география, кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнінен алған білімдерін ортаға салады.

Студенттер пікіріне қорытынды жасай отырып, бүгінгі сабақта одан да тереңдетіп , стартапты қалай іске қосуға болады, жарнама қалай жасалынады, т.б көптеген мағлұмат алатындықтарына тоқталу.Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстыру

Сабақтың ортасы:

2. Жаңа материалды меңгеру

 «Ойлан,бөліс,талқыла»

Материалмен танысуға уақыт беріледі.Әркім өз ойына түйгенін ортаға салады.

  • Startup ұғымының шығу тарихы туралы

  • Startup-қа тән негізгі сипаттамалары

  • Бүгінгі күнгі әлемдік әйгілі Startupтар, олардың шығу тарихы

  • Startup тың неліктен IT саласында көбірек пайда болатындығы туралы

  • Географиялық шектеусіз өсуге қабілеттілігі туралы,тез қарқынмен даму факторы туралы

  • Стартаптың негізгі сипаттамалары:икемділік,қаржыландыру,қарқынды өсу,мәселені шешудегі инновациялық тәсіл туралы

  • Startup-ты іске асыру кезеңдері туралы

  • Startup-ты іске асыру кезеңдері бойынша «Ақпарат пирамидасын» тұрғызуға тапсырма

Бекіту кезеңі:

«Startup деген не?» тақырыбында видеоролик көрсету арқылы білімдерін жүйелеу, бекіту.

Сергіту сәтін өткізу. «Сөзден сөз құрайық»

Берілген «информатика» сөзінен орысша,қазақша сөздер құру.

«Миға шабуыл» стратегиясын пайдалану

Қазақстандық стартапер-өнертапқыштардың Startup жобаларының қайсысы табысты , болашағы бар болатындығына болжам жасау.

Sezual-эхолокацияны пайдалану

ApartX-квартираны қауіпсіз және қашықтан басқару мобильді қосымшасы

Cerebra -жасанды интеллект көмегімен компьютерлік томография суреті арқылы инсультті ерте кезеңінде анықтау

OKOO мектептер үшін онлайн білім платформасы

Campeat - маркетингтік платформа , «өлі» кезеңдегі дукендегі сауданы сағаттық трафик бойынша арттыру

Egistic – өнімнің мониторингі үшін платформа

Diodey - IoT-стартап, ақылды жарықтандыру мобильді қосымшасы

IRC “Almaty” – түс мониторингі құрылғысы

Piroq -жүргізуші әдебін бағалау мобильді қосымшасы.

Gift Sensor – сыйлық ұсыну сервисі.

Smart Shelf Solutions -нақты уақытта сауданы бақылайтын «ақылды сөре» жобасы.

Antidolg.kz, Nommi wi fi роутер, пауербанк


Сабақтың соңы:

Дескриптор:

  • Студенттер жоспарлары мен армандары туралы жазады;

  • Startup жобасын құру және дамыту стратегиясын сипаттайды;

Startup жобаның болашағын болжайды

«Бас бармақ» әдісі арқылы сабақты меңгергендіктері туралы кері байланыс алу .

Сабақтың өтілу барысы туралы студенттердің қысқаша пікірлерін тыңдау.

Сабақ бойынша рефлексия

«Бүгінгі сабақ саған ұнады ма ?» студенттер үшін сабақтың мәнділігін бағалау үшін пікірлерін тыңдау .

6. Қорытындылау: Блум кестесі бойынша

7. Білімдерін бағалау: бағалау парақтары бойынша

8. Үйге тапсырма беру: «Менің қиялымдарғы Startup жобасы»тақырыбында эссе жазу.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!