СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Су - тіршілік көзі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалардың әкологиялық сана сезімін қалыптастыру, Тәжірибе жасау арқылы су туралы мағлұмат беру

Просмотр содержимого документа
««Су - тіршілік көзі»»

ҰОҚ технологиялық картасы ортаңғы топ 4-5 жасына арналған

Өткізілетін күні:19.06.2017ж.

Білім беру саласы: "Әлеумет"

Бөлімі: «Экология»

Такырыбы: «Су - тіршілік көзі»

Мақсаты :

Білімділік: Балалардың экологиялық сана сезімін қалыптастыру. Тәжірибе жасау арқылы су туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Судың қасиеттерімен таныстыру. Тәжірибеде М.Монтессори әдісін қолдану. Саусақ ұсақ моторика дербестікті дамыту.

Тәрбиелік: Суды үнемдеп қолдануға, ластамауға, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Суды үнемдеу, судың қадірін түсінуге тазалық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: бояулар, тұз, қант, түтікше, стакан

Сөздік жұмыс : су, сұйық, тұщы

Билингвальдік компонент:Су- вода- water,сұйық –жидкий- liguid

Қызметтің

кезендері


Тәрбиешінің қызметі


Балалардың қызметі

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері;

Самал жел бізді желдетші,

Күн нұры бізді жарқырат.

Таза ауа дем берші,

Мөлдір су бізді салқындат.

-Тамаша!

-Ал енді балалар барлығымыз жайғасып отырайық, арқамызды тік ұстап, әдемі отырамыз.

-Бүгінгі тақырыбымызды айтпас бұрын, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, ал сендер мұқият тыңдаңдар:


Балалар шаттық шеңберге тұрып, қимылмен орындайды




Жұмбақтың жауабын айтады



Балалар тыңдайды

Ұйымдастыу іздестіру








- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер маған шешуін айтасыңдар, келістік пе?

Аспан түстес сұйық,
Әркім ішер құйып.
(Осы сәтте видео арқылы жаңбырдың тамшысының тырсылы естіледі).
- Балалар, тыңдаңдаршы, бір нәрсе тырсылдайтын сияқты.


Ғажайып сәт
- Бізге қонаққа Тамшы келіпті.
- Қане, балалар, қонақпен сәлемдесейік.

Тамшы: Сәлем, достар! Балалар, мен сендермен достасқым келеді. Сендер сияқты білім алып, оқығым келеді.


- Тамшы, кел төрлет, біз бүгін су әлеміне зерттеу жасаймыз.
- Өзіңнің кім екеніңді білгің келе ме?
Тамшы: Әрине білгім келеді.
- Ендеше сен де мұқият тыңдап отыр. Су туралы түсінік слайд арқылы \слайд көрсету\


Менің де сендерге тапсырмам бар.


Тәжірибе жасау. Топпен жұмыс
1."Су - мөлдір"
Ортаға шығып су мен сүтке тәжірибе жасайды.
Стаканға таза су және сүт құйып салыстырады. Екі ыдысқа қасық салып, қайсысы көрінетінін, қайсысы көрінбейтінін бақылайды.

2."Суда дәм жоқ"
Балалар түтікше арқылы су ішіп дәмін көреді. Оны салыстыру үшін алма шырынын ішіп көреді.
Суға қант және тұз қосып дәмін татады.

3."Су – түссіз, иіссіз"
Стакандағы суға әртүрлі субояу қосып, одан түс пайда болғанын бақылау.Балалардың алдына екі стакан қойылады. Оның біреуінде су, екіншісінде ванилин қосылған су құйылған. Яғни:"Судың иісі жоқ"

4."Тұрақты пішіні
болмайды"Суды тәрелкеге құйып, судың пішінінің өзгеруін бақылау.



- Балалар, біздер судың әртүрлі қасиеттері бар екендігіне көз жеткіздік. Сонымен қайталап айтайық, судың қандай қасиеттері бар?

\Балалардың жауаптары тыңдалады\




Сергіту сәті
«Кап,кап» бейнетаспаға қарап қимылдарын орындау


Тамшы: Менің өзіме жетерліктей қасиетім бар екен. Балалар, енді менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр.



Дидактикалық ойын:"Су кімдерге немесе нелерге қажет?"
Ойынның шарты: Суды қажет ететін заттарды табу. Мысалы: гүл, балық, жануар, кітап, қалам, адам т. с. с.
(Балалар ойынға белсене қатысады.)

Ал балалар, су туралы кім қандай тыйым сөздер біледі? Қане кім айтады?

  1. Суға түкірме.

  2. Түнде суға барма

  3. Судың бетінт ашық тастама.

Сол сияқты балалар, судың да сұрауы бар дегендей. Суды ысаратпамай, үнемдеп, су көздерін қорғау керек!






(су)




(Балалар таңырқай қарап, тыңдайды.)



Балалар сәлемдеседі.











\слайдты көреді\



Қоржыннан тапсырма алады


Балалар тәжірибені орындайды



І топты ІІ топ бағалайды «Смайлик» арқылы







Балалар тәжірибені орындайды

ІІ топты ІІІ топ бағалайды «Салют» әдісі арқылы



Балалар тәжірибені орындайды

ІІІ топты ІV топ бағалайды «Бас бармақ» әдісі арқылы







Балалар тәжірибені орындайды

ІІІ топты ІV топ бағалайды «Бағдаршам сигналы» әдісі арқылы


Судың қасиеті
Түссіз, мөлдір
дәмі болмайды
ағады
иісі, пішіні болмайды
жабысады

Бейнетаспаға қарап орындайды









Суды қажет ететін суреттерді табады. Көрсетеді









тыйым сөздерді айтады


Қорытындылау

- Бізге қонаққа кім келді?

- Адамдарға су не үшін керек?

- Өсімдіктер, жануарлар, балық -
тар сусыз өмір сүре ала ма?
- Судың иісі, дәмі,, түсі бар ма?

- Адамдар қандай су ішеді? Тұщы су ма, ащы су ма?

- Суды үнемдеу керек пе?

- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетке өте жақсы қатыстыңдар, сендерге көп - көп рахмет! Мадақтау. Ал балалар, енді бізге келген қонақтармен қоштасайық.

- Тамшы келді.


- ішеміз, жуынамыз, ас әзірлейміз, кір жуамыз.


- жоқ

- жоқ


- тұщы су



- ия


Балалар қонақтармен қоштасады. Өздерінің атын атап, мадақтағаны үшін қуанады.

Рефлексифті түзетушілік


Ендеше, бүгінгі сабағымыз түсінікті болса, мына суретке назар аударыңыздар. Алдарыңызда тұрған тамшылардың суреттіне назар аударып мына суретке іліп қойыныздар


Балалар смайликтерді іледі

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек :Суды үнемдеуді, суды ластамауды. Нені игереді:Судың ащы және тұщы болатынын, тұщы суды қайда пайдаланатынын, судың қасиеттерін тәжірибе жасау арқылы біледі;
Нені біледі:Сусыз тіршілік болмайтынын түсінеді




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!