Сын есім
Сын есім – дегеніміз заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сөз табы.
Сұрақтары: қандай? Қай?
Тұлғасына қарай
Негізгі
Туынды
Жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есім. (Көшпелі, оқымысты)
Түбір сын есім. (сары, таза, тәтті, терең)
Құрамына қарай
Дара
Күрделі
Бір ғана сын есімнің сындық белгіні білдіруі. (ақ, бойшаң, жасыл)
Тіркескен және қосарланған сын есімнің сындық белгіні білдіруі. (ақ киімді, қара торы)
Мағынасына қарай
Сапалық
Қатыстық
Сындық белгіні анықтайтын төл сын есім. (сұр, қызылдау, үлкен)
Басқа сөз таптарынан жасалған туынды сын есім. (бойшаң, өнерлі)
Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар
Есім сөздерден сын есім жасайтын
Етістіктен сын есім жасайтын
Есім сөздерден сын есім жасайтын
жұрнақтар
Жұрнақ
Мысал
- -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті;
- -сыз, -сіз
- -ғы, -гі, -қы, -кі
- -лық, -лік, -тық, -тік, -дық, - дік;
- -шыл, -шіл
- -шаң, -шең
- -дай, -дей, - тай, -тей;
- -қой, -қор, -паз, -кер, -гер;
- -и, -ы, -і
- Далалы, орманлы;
- Баласыз;
- Жазғы, ішкі;
- Балалық;
- Кекшіл;
- Бойшаң;
- Тастай, судай;
- Сәнқой, әуесқой;
- Тарихи, қазақы
Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақтар
Жұрнақ
Мысал
- -ғақ, -гек, -қақ, -кек, -ақ, -ек;
- -ық, -ік, -к, -қ;
- -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш;
- -ғыр, -гір, -қыр, -кір;
- -шақ, -шек;
- -ынды, -інді, -нды, -нді;
- -малы, -мелі, -палы, -пелі, -балы, -белі;
- -ымды, -імді, -мды, -мді;
- -аған, -еген;
- -улы, -улі;
- -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе;
- -ыңқы, -іңкі, -ңқы, ңкі.
- Жабысқақ, үркек
- Ашақ, асқақ
- Білгіш , айтқыш
- Тапқыр, алғыр
- Ұялшақ
- Асыранды, үйінді
- Созбалы, аспалы
- Шыдамды
- Қабаған
- Ілулі, асулы
- Қызба, бөспе
- басыңқы, көтеріңкі
Сын есімнің шырайлары
Екі заттың сын - сипатының бір – бірінен артық немесе кем екенін көрсету үшін шырай қолданылады.
Шырай
Жай
шырай
Күшейтпелі шырай
Асырмалы
шырай
Салыстырмалы шырай
Жай шырай
Шырай түрлерінің бәріне негіз болады, оның арнайы грамматикалық көрсеткіштері, қосымшалары жоқ, түбір күйінде болады.
Салыстырмалы шырай
Бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырғанда кем не артық екенін білдіретін шырайдың түрі.
Жасалу жолдары:
- -ырақ, -ірек, -рақ, -рек (кішірек)
- -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу (ақтау)
- -қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -ғылтым (сұрғылтым)
- -аң, -шыл, -шіл, -қай, -ғыш, -шілтім, -ілдір, -ша, -ше (ақшыл, бозаң)
Күшейтпелі шырай
Белгілі бірсындық белгінің бір нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіретін шырайдың түрі. Ол сын есімнің алдынан күшейткіш буынның қосылуы арқылы жасалады: сап – сары.
Ескерту:
Ақ, көк сөздерінің күшейтпелі шырай түрі төмендегідей болады: аппақ, көкпеңбек.
Асырмалы шырай
Сын есімнің күшейткіш үстеуімен (тым, өте, ең, аса, нақ т.б.) тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: тым аур, аса әдемі
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі:
Сын есім сөйлемде негізінен анықтауыш болады. Қырдағы қызыл – сары гүлдер көздің жауын алады.
Заттанған сын есім атау септігінде тұрып, бастауыш болады. Сыпайы сырын сақтар, әдепті арын сақтар.
Заттанған сын есім септеліп, толықтауыш болады. Жақсыдан үйрен жаманнан жирен.
Сын есім етістіктің алдында келіп, іс – әрекеттің сынын білдіріп, пысықтауыш болады. Ол бүгін көңілді жүр.
Сын есім сөйлем соңында жіктеліп немесе заттанып келіп, баяндауыш болады. Сен үйдің үлкенісің.
Сын есімнің заттануы
Сын есім өзінің сындық мағынасын сақтап, оның үстіне заттық мағынаға да ие бола алады және сөйлемде зат есім қызметін атқарады. Оны сын есімнің заттануы (субстантивтенуі) деп атаймыз. Мысалы күштімен алыспа, үлкенді сыйла.