СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәрбие сағаты "Әдепті бала - арлы бала"

Нажмите, чтобы узнать подробности

2 сыныпқа арналған "Әдепті бала - арлы бала" тақырыбындағы тәрбие сағаты

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты "Әдепті бала - арлы бала"»

Ашимова Нургул Толегеновна,

бастауыш сынып мұғалімі

Тәрбие сағаты: Әдепті бала – арлы бала

Мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрете отырып, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Сұлулық тәрбиесін бала бойына сіңіру барысында ақыл – ой, адамгершілік тәрбиелерімен ұштастыру, яғни кешенді тәрбие беру.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, мақал – мәтелдер, шарлар, гүлдер, суреттер, тапсырмалар.

Қолданылған әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, пікір алмасу, әңгімелеу, мәнерлеп оқу.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Шеңберге орналасу, амандасу.

-Балалар, келіңдер, біздің сүйікті шеңберімізде тұрып бір – бірімізбен амандасайық.

Амансың ба, Алтын күн?!

Амансың ба, Көк аспан?!

Амансың ба, Жер – Ана?!

Амансың ба, достарым?!

Сіздерді көрсем қуанам!

-Енді қонақтармен амандасайық.

Үлкенге де сіз!

Кішіге де сіз!

Баршаңызды құрметтеп

Бас иеміз біз!

ІІ. Таныстыру.

-Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Әдепті бала – арлы бала» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек. Оның ең бастысы – біз, оқушылар үшін әдептілік.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан, -

деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейірімді, досыңа қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң, өсе келе ата – анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.

Алдымен әрбір бала өзінің есімінің бірінші әрпіне сәйкес келетіндей әдептілік мінез – құлық көрсеткіштеріне байланысты сөздермен өздерін қонақтарға таныстырып өтсін. Мысалы: арлы Аяжан, ақылды Аида, сыпайы Сымбат, әдепті Әділет, елгезек Еңлік, адал Айдарбек, нұрлы Нұрәли,

ІІІ. Мақал – мәтел айту.

Тәрбие сағатын әдеп туралы мақал – мәтелдермен ашайық, қане, кім қандай мақал айтады екен?

  • Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала.


  • Өзіңді өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.


  • Тәрбиелі адам – тағалы атпен тең.


  • Жақсылық еккен алғыс орады.


  • Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды.

Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.


  • Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық.

  • Әдепті дегенше, әдемі десейші.


- Әдептілік туралы мақал – мәтелдер көп біледі екенсіңдер. Өте жақсы, әдепті болу – әр баланың міндеті. Әдептілік – адамның ең жақсы қасиеті. Ал, енді осы әдептілік дегенді қалай түсінесіздер? Сол жөнінде өздеріңнің пікірлеріңді білейік, ортаға салайық.

ІV. Мәнерлеп оқу.

- Сөз кезегін әдептілік туралы өлең оқуға берелік.

Ердәулет: Ж.Смақовтың «Апаның тілін алса егер» өлеңі

Мелгілсіз жүріп күн бойы,

Мерзіммен тамақ ішпесе,

Демалыс жоқ, күнде ойын

Мерзіммен суға түспесе,

Қолында мұндай баланың

Күш болмайды, күш десе.

Қолынан мұндай баланың

Іс келмейді, іс десе.

Күн-күн сайын солады.

Шынақшақтай болады.


Апаның тілін алса егер,

Тамақ ішсе-іш десе,

Демал десе –демалса,

Суға түссе- түс десе,

Қолында мұндай баланың,

Күш болады, күш десе.

Қолында мұндай баланың,

Іс келеді, іс десе!

Шынығып өсіп, толады,

Үлкен жігіт болады!


Еңлік:

Әдептілік дегенің,

Әрқашанда керегің.

Әсемпаздық дегенің,

Әуре – сарсаң әлегің.

Атам маған әмәнда,

Әдепті жан бол деген.

Ата сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.

Алдын орап кісінің,

Кесіп өтпей көлденең,

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем.

Атам маған әмәнда,

Кішіпейіл бол деген.

Атам сөзі санамда,

Мақтанбауды жөн көрем,

Там маған әмәнда,

Әділетті бол деген.

Ата сөзі санамда,

Жүрем тура жолменен.



  • Осы өлеңдерден не түсіндіңдер, қандай ой түйдіңдер?

  • С.Мәуленовтің «Ата ақылы» өлеңін кім біледі? Не туралы еді? Осы өлеңге байланысты қандай нақыл сөз білесің?

«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер»


V. Мәтінмен жұмыс.

1. Мәтінді зейін қойып тыңда. Әңгіме қалай аталады? Авторы кім?

2. Негізгі ойды анықта.

3.Әңгімедегі есіңде қалған әдепті сөздерді қағаз бетіне түсір.

4.Өзің білетін әдепті сөздермен толықтыр.

5.Жазған сөздеріңді сана. Кім көп сөз жазса, сол жеңімпаз атанады.

Серікгүл:


VІ. Құпия хаттар

Құрметті достар!

Мен өте асығыс едім. Себебі сабаққа үлгеруім қажет. Көшеде немересін жетектеп келе жатқан қария кісіні қағып кеттім. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққанынан жылап жіберді. Мен жүгіріп кетіп қалдым. Мен не істеуім керек еді?..........


Құрметті достар!

Маған анам өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды өтінді. Мен достарыммен ойнап жүріп, бұл өтінішті тіпті ұмытып кеттім. Анам жұмыстан келіп, өзі үйді жинап, сыпырып қойды. Мен келгенде анаң ренжулі еді. Мен не істерімді білмедім. Сендердің әрекеттерің?.........



Құрметті достар!

Менің бір досым бар. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүріп, жаңа нәрселерін көрсетіп, ылғи мақтанады. Қалай кішкентайларды ренжіткенін айтып мәз болады. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба?


VІІ Қорытынды. «Жалғасын тап» ойыны

а) Не істеуге болмайды?

- Үлкендердің алдынан / кесіп өтуге болмайды/

- Кішкентай баланы /жылатуға болмайды./

-Құстарды /атуға болмайды./

- Сабақтан /кешігуге болмайды/

-Сыныптың ішінде /айқайлауға болмайды/

ә) Не істеу керек?

- Үлкен кісіні /сыйлау керек/

- Үлкеннің тілін /алу керек/

- Үлкендерге /сәлем беру керек, жол беру керек/

-Оқу құралдарын /таза ұстау керек, күтіп ұстау керек/

-Мектеп мүлкін /сындырмау керек/


-Балалар, бүгін біз не туралы әңгімелестік? Осы сабақтан қандай әсер алдыңдар? Қандай баланы әдепті дейді? Әдептіліктің белгісі болатын қандай сиқырлы сөздерді білесіңдер? Әдепті екенімізді осы сыпайы сөздер арқылы білдірейік.

Сонымен әдептілік дегеніміз:
















-Жарайсыңдар! Сендер әдепті баласыңдар! Осы әдептілік ережелерін орындап жүрейік, әр минутымызды бос өткізбейік.


Шеңберде тұру.

Ә.Табылдиевтің «Бос өтпейді минутым» өлеңін айту.


Орнықтырып әдеппен

Оқу, еңбек, ойынды.

Оқушылық әдеппен

Орындаймын ойымды.


Есептеулі сағаттар,

Еш өтпейді күнбе – күн.

Еш өтпейді сабақтар,

Бос өтпейді минуттар.


И.Нүсіпбаевтың әні: «Мен әдепті баламын»