СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәрбие сағаты. "Ұлыстың ұлы күні"

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл тәрбие сағатында наурыз мейрамының қалай өткізілу керек екендігі жазылған 

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты. "Ұлыстың ұлы күні"»

Сабақтың тақырыбы: Наурыз – думан

Мақсаты: 1. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету.

2. Ауызекі сөйлеу арқылы оқушылардың дүние танымын кеңейту. 3. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге, бойларына адамгершілік жақсы қасиеттерді сіңіре білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Наурыз мерекесі туралы қанатты сөздер, ұлттық тағамдардан дастархан әзірленеді. Үнтаспадан күй, халық әуендері беріліп жатады. Мереке ақын Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Наурыз айы болғанда» әнімен басталады.

І. Кіріспе сөз: Құрметті қонақтар, ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Осы бүгінгі жиналып отырғанымыз көктем мезгіліндегі қазақтың ұлы мейрамы Наурыз - яғни Жаңа жыл! Наурыз айының 22 - інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір - бірін мерекемен құттықтайды. Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді. Осы қуанышты күн, жаңа жылдарыңыз құтты болсын халайық. Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді, тілектеріңіз қабыл боп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы Ұлыстың Ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе келсін! Барлық жақсы ниет - тілектеріңіз қабыл болсын!

1 - жүргізуші: Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні.

Ата - бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты.

2 - жүргізуші:

Көптен күткен Наурыз тойы арайлы, 
Нұрға бөлеп міне жатыр манайды! 
Мал біткеннің бал татыған уызды, 
Қуат болып қанымызға тарайды. 
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері, 
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді. 
«Аман ба» деп мал жаның? 
Бірін-бірі құшақтасып сүйеді. 

— Ал, балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық! 
Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! 
Ақ мол болсын! 
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің! 

1 - жүргізуші:

Шілік біткен бүрленіп, Дала әсем түрге еніп,

Масайрады бар әлем Құтты жаңа жыл келіп.

Басы барлық ырыстың, Басы барлық ұлы істің.

Құтты болсын,Наурыз той- Ұлы күні ұлыстың!



2 - жүргізуші: Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып жатқан дәстүрлі осы Наурыз тойы бүгін, міне тағы есігімізді ашып отыр. Наурыз тойы тамаша, Наурыз тойы жаңаша. Табиғатта тамаша, Тамылжып тұр жараса. Наурыз тойы салтанат, Наурыз тойы мархабат. Әр жүректен ән тарап, Шаттанады шартарап.

1 - жүргізуші: Ақ бұлақтарды ақтартып, Шың - құздарды шаттатып, Тізбектеп тырналарды, Сүйгізіп сырғаларды, Шоршытып балықтарды, Шапшытып арықтарды, Тербелтіп наз қайыңдарды, Төгілтіп жаз жайында әнді, Қаздарды қаңқылдатып, Найзағай жарқылдатып, Айтып ертегіңді, Жайып желкеніңді, Жеттің бе, әз - Наурыз!!!

2 - жүргізуші: Армысыздар, үлкен - кіші ағайын! Бүгін – Самарқанның көк тасы еріген күн. Бүгін – Жаңғыру мейрамы! Бүгін – Жыл басы, Жаңа жыл! Ендеше, сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтай отырып, «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»  атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

1 - жүргізуші: Бұл күн – күн мен түннің теңелетін, жан – жануар төлдейтін, адамдардың аузы аққа тиетін, жер жүзінде шаттық орнаған күн. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жыршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.

Бірге: Ұлыстың ұлы күні, құтты болсын ағайын!

Наурыз - қыз: Сәлем Ата - аналар! Айналайын Балалар! Халқым менің аман ба? Жаса жайлы заманда, Уақыт үдеп келдім мен, Бақыт тілеп адамға. Қудым жерден суықты, Қырдан салқын бу шықты. Ұлыс күнге бүгін мен, Жеттім міне асыға. Келген жылым, Жақсылыққа басташы. Қуанышпен әр үйдің, Босағасын атташы. Келген жылым, Болсын дәйім бақытты.

2 - жүргізуші: Жеті түрлі дәмнен: соғымнан қалған ет, қойдың басы, сүт, тұз, сүзілген құрт, бидай (тары, күріш), пияз және сәбізден қазан толы наурыз көже пісірілген. Жеті түрлі дәмнен пісірілген наурыз көже Алланың Көктегі Нұрын кемелдендірген. Жеті дарияның белгісі іспеттес. О бастағы түсінік бойынша наурыз көжеден дәм татқан кісі Көктегі жеті даналықтың дариясынан да сусындайтын секілді. Сол себепті наурыз көжені үйме - үйді аралап жүріп ішкен.

1.жүргізуші: Ғарыштағы Жеті дарияны қазақ елі о баста «Жеті қазына» деп атаған болуы керек. Жеті дарияның таңбасы: Аспан әлемінде – Жеті қат көк. Төменгі әлемде – Жеті қат жер. Ортаңғы әлемде – Жеті түс. Саз әлемінде – Жеті дыбыс, т. с. с. Күн мен Түн теңелген сәтте Алланың Нұры Жер әлеміне жеткенше Жеті қат көкті шарлап өтеді. Ата - бабамыздың нанымы бойынша көктен жауған Нұр жерге Қызыр баба кейпінде түскен. Әдетте халқымыз Қызыр бабаны «Саумалық» айтумен қарсы алған. Саумалық Саумалық, Саумалық, Қап тауының көк құсы, Ұйқыдан көзін ашты ма? (Барлығы – ашты, ашты) Аяғын жерге басты ма? (Барлығы – басты, басты) Саумалық, Саумалық, Қап тауының көк құсы, Жүгірді ме, көрдің бе? (Жүгірді, жүгірді, көрдік, көрдік) Саумалық, Саумалық, Самарқанның көк тасы, Жібіді ме, көрдің бе? (Жібіді, жібіді, жібіді) Саумалық, Саумалық, Жаңа келген жақсылықты, Көрдік пе, көрмедік пе? (Көрдік, көрдік, көрдік) Саумалық, Саумалық, Ескі жыл шығып, жаңа жыл келді! (Жыл келді, Жыл келді!) Саумалық, Саумалық, Сүті көп, көмірі аз, Жаңа жыл жарылқа, Ескі жыл есірке! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын! Деп, үйдегі ескі ыдысты сындырып, «қабақ сынды, қайғы кетті» деп ырым жасаған.

2 - жүргізуші: Қымбатты қонақтар! Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл жарқын ниетімен Қызыр ата келеді. Кәне, қарсы алайық. Бәрі: Қош келдіңіз, Қызыр ата!

1 - жүргізуші: Тамашаға толтырып тұнық төрді, Жетті, Наурыз, үкілеп үміттерді, Барша үйге бақыт боп, береке боп, Жанарынан нұр шашып күліп келді. Ендеше, Ұлыстың ұлы күнінде келген Қызыр бабамыздың ақ батасын алайық. (Қызыр ата бата береді). Оу аман ба жарандар Алтын таңға қараңдар. Ерте жайнап атты таң Естіліп тұр шаттық ән. Жұрағатым қуанып Рахатын тапты жан. Келе жатыр жылымыз Мейрамдаймыз мұны біз. Жас балаша нұрланып, Жадырайды күніміз Ұрпақтардың бағы болсын, Арайланған таңы болсын. Ақ батамен қол жайғанның, Тілегінің бәрі болсын!

2.Жүргізуші: - Ал ,балалар тойға құр келмеген шығарсыздар. Ақ тілекті ағыта берейік,кезек өздеріңде:

Ән: Наурыз

Оқушылардың наурызға арнау өлең,ән –жырлары айтылады.

1.Уа,құдайым,оңдатып,Қызыр бабам қолдатып,Келіп жеткен сағынта

Жаңа жылда жарылқа. Жаңа жігер –қуатпен Арта түссін бар ынта!


2.Ойға толып санамыз. Бестік болсын бағамыз.Баласындай бір үйдің Тату болсын арамыз!

3.Мықты болып деніміз,Күйге толсын төріміз.Ашық болсын көгіміз,Сатылмасын жеріміз. Шалқып айдын көліміз,Асып-тассын кеніміз,Егіз туып төліміз,Дәнге толып беліміз,Ен байлыққа кенелсін Ұлы алаш еліміз!

4.Желеп-жебеп піріміз,Таза болсын діліміз.Жауқазындай жалындап,Өркендесін тіліміз! Шаттығымыз-жырымыз:Жаңа Наурыз жылымыз, Ақ тілеумен осындай Бақ боп үйге кіріңіз!

5.Ұлы тойда , әдемі Әннен шашу шашайық. Ал,балалар,кәделі Наурыз жырға басайық!

6.Жаңғырып бар тіршілік,Түрленді де дала,қыр.Дүниені жыршы ғып. Келді өлкеме Жаңа жыл!

7.Екеу болып бір малы,Апамдар жүр мәз болып. Күйге толды қыр маңы,Өзен-көлге қаз қонып.

8.Асыр салып шуақта Қозы-лақтар ойнайды.Сылдыр қағып бұлақ та Наурыз тойын тойлайық!

9.Сүйіншілеп шабайын,Қанат қақсын бала жыр. Құтты болсын,ағайын,Ұлыс күні –Жаңа жыл!

10.Есебімен дананың Күн мен түнді теңеген.Наурызымыз – жаңа күн,Парсы сөзі көнеден.

11.Жаңа күн ол – жыл басы,Жиырма екісі наурыздың.Наурыз айда – төл басы,Бүршік атар бау біздің.

12.Біліп айдың амалын, Түйдік оның бағамын.Кім айтады,қанеки,Наурыздың бас тағамын ?

13.Арпа,бидай бастаған, Жеті дәмнен аспаған. Наурыз көже –көп көже,Бұл тойдағы бас тағам.

14.Ырыс басы саналар,Ырым болып көнеде.Кім біледі ,балалар, Наурызша ол немене?

Жауап : Көктем,наурыз айында жіңішке жауатын қырбық қар.Оны үлкендер нұр жауды деп санаған.

Ән:Наурыз көктем


Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – тұсау кесу рәсімін жүргізеді.

Жүргізуші: - Тойдың сәні ән,би,ойын емес пе? Ұлттық ойындарымызды ойнап,бір жасап қалайық. Мына біздің жігіттеріміз сақаларын сайлап,сәйгүліктей дайын екен.Асық атып,мергендікті , «Қол күшін күрестіру» : «Бүркіт» ұлттық ойыны арқылы та күшімізді, көрсетейік. Кәне,жігіттер, ортаға шығыңдар.

Шарты : Ойында жеңілген айып төлейді,өлең айтады,тапсырма орындайды, дайындаған әндерін айтады, билерін билейді.


Наурыз шаттық әніміз

                Салтанатты сәніміз

                Ән салып жас кәріміз,

                 Би, билейміз бәріміз.    

Қыздар биі

2 - жүргізуші: Осындай той қазақта бола берсін, Көңілдерге жақсылық қона берсін. Береке күннен - күнге тола берсін, Ырыс - құт басыңыздан аса берсін. Ынтымақ боп, бірлік боп елімізде, Еліміз ілгері аяқ баса берсін.

1 - жүргізуші: Ән қосылсын әніңе, Сән қосылсын сәніңе! Ырысты боп жаңа жыл, Бақ дарысын бәріңе! Ой қосылып ойыңа, Бой қосылсын бойыңа! Аман – есен жетейік. Келер Наурыз тойына!
2жүргізуші.Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» — деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған.

Бата беру