СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: "Аққала"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Пәні: Мүсіндеу. Тақырыбы: Аққала. Мақсаты: Балаларға қыс мезгілі туралы мағлұмат беру. Аққаланың суретін көрсете отырып,аққаланың дене бөліктерін, әр түрлі көлемдегі домалақтар жасау арқылы,ермексазбен қалай мүсіндеу керектігін үйрету. Ұсақ қол қимылдарын дамыту. Ұқыптылықпен бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, ойын. Көрнекіліктер: Слайд, интерактивті тақта, аққаланың суреті Қажетті құрал-жабдықтар: Ермексаз,тақтайша.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі:Шаттық шеңбері Арайлап таң атты, Астын сәуле таратты. Жарқырайды даламыз, Жайнай түсті қаламыз. Қайырлы күн,достар. Сәлематсыздар ма,апайлар. Жұмбақ жасыру Шанамен зырлап желетін, Шаңғы, коньки тебетін. Аққала жасап ойнайтын Қай мезгіл деп ойлайсың?  

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Аққала"»

Пәні: Мүсіндеу.
Тақырыбы: Аққала.
Мақсаты: Балаларға қыс мезгілі туралы мағлұмат беру. Аққаланың суретін көрсете отырып,аққаланың дене бөліктерін, әр түрлі көлемдегі домалақтар жасау арқылы,ермексазбен қалай мүсіндеу керектігін үйрету. Ұсақ қол қимылдарын дамыту. Ұқыптылықпен бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, ойын.
Көрнекіліктер: Слайд, интерактивті тақта, аққаланың суреті
Қажетті құрал-жабдықтар: Ермексаз,тақтайша.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі:Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты,
Астын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жайнай түсті қаламыз.
Қайырлы күн,достар.
Сәлематсыздар ма,апайлар.

Жұмбақ жасыру
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?

Слайдпен қыс мезгілінің көрінісін көрсету.
Сұрақ-жауап арқылы әңгіме жүргізу.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінің айларын атаңдар?
-Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктері болады?
-Қысқы ойындарды ата?

Жұмбақ жасыру
Шелек қалпақ басында ,
Сәбіз екен танауы
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші сен оны.
Бүгінгі оқу іс-әрекетінің тақырыбы «Аққала» екенін хабарлап, аққала туралы әңгімелесу.
Дұрыс жарайсыңдар, балалар! Балалар, мына суреттерге қараңдаршы, бұл суретте не бейнеленген?
Балаларға сұрақтар қойып сұрау.
-Аққала қандай пішіндерге ұқсайды?
-Аққала неше бөліктен тұрады?
-Аққаланың түсі қандай екен?
-Аққаланы неден жасаймыз?
-Жылдың қай мезгілінде жасаймыз?
Балалар бүгін біздер ермексаздан аққаланың мүсіндейміз. Ол үшін ермексазды алақан арасына салып жұмсартып, ақ түсті ермексазды пайдаланып, аққаланың дене бөліктерін, қолын, басын шелектен, қара түсті пайдаланып көзін, қызғылт түспен мұрнын мүсіндейміз.

Сергіту сәті
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Суық өтер қолғаптан.
Қорытындылау.
Дидактикалық ойын: «Аққаланы құрастыр»
Ойынның шарты: қиып дайындалған, аққаланың дене бөліктерін ретімен орналастыру керек.
Сұрақтарға жауап алу.
- Балалар қыс, аққала туралы кім тақпақ біледі?
- Ермексаздан ненің бейнесін мүсіндедік?
- Аққала неше бөліктен тұрады?
Оқу іс-әрекет соңында балалардың жасаған жұмыстарын мадақтап, бағалау.