I кезең- мотивациялық- қозғаушы | Шаттық шеңбер: Қуан шаттан алақай, Қуанатын күн келді. Қайырлы таң, апайлар, Қайырлы таң, достар. Жоғары қарап тау көрдім, Төмен қарап жер көрдім. Оңға, солға иіліп, егеменді ел көрдім | Шаттық шеңберңне тұрып орындайды |
ІІ кезең-ұйымдастырушылық ізденушілік | -Үнтаспадан «Ана туралы» ән ойнап тұрады Тәрбиеші балаларға көздерін жұмып өз аналары туралы ойлануларын ұсынады. -Балалар, аналарың сендерді қалай жақсы көреді? Қалай еркелетеді? Сендер оларды қалай жақсы көресіңдер?Бала,бала,бала деп, Түнде шошып оянған Түн ұйқысын төрт бөліп Күнде бесік таянған Бұл кім? «Анашым» өлеңін айту «Ана туралы» тақпақ оқу Аналарыңның сендерге арнап айтатын жылы сөздері қандай? Әр бала өзінің анасы туралы шағын әңгіме құрастырады «Ардақты ана» Ардақты ана,аяулы ана,қымбаттым Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың Өміріме нәрін берді ақ сүтің Кең құшағың-аясындай гүл бақтың Сергіту сәті: Сурет бойынша әңгіме құрастыру Ойын «Анамызға гүл сыйлайық» «Ана», «Бала» сөзіне дыбыстық талдау жасату Д\о:»Сиқырлы сөздер» | -Балалар бұйығып тыңдайды -Көздерін жұмып ойланады -Айналайын,ботақаным, күнім, сүйкімдім, гүлім, ақылдым, алтыным т.б -Балалар жүрегінен шыққан мейрімді сөздерін айтадыБалалар өлең жолдарын мұқият тыңдап,шншуін табады Бұл-ана Өлеңді бірге қосылып айтады Әр бала өзінің анасына деген өлең жолдарын айтады «Ботақаным», «Күнім», «Жұлдызым» т.б Анасы туралы әңгіме айтады Өлең жолдарын бірге қайталайды Балалар жаттығу жасап, бойларын сергітіп алады. Суретке сәйкес әңгіме құрастырады Гүл шоғын қолына ұстаған бала өздерінің анасына деген жылы лебіздерін білдіреді Әр бала өз орындарында отырып,талдау жасайдыБалалар барлық қызығушылық танытып, ойынға белсене қатысады. |
III кезең- Рефлексивті- түзеуші | «Ана» деген кім? Ананы қалай құрметтеп,сыйлау керек? Дүниедегі ең жақын адам кім? | Бізді дүниеге әкелген адам Айтқан тілін алып,жұмсағанына бару керек Ол әрине, ана! |