Ересектер тобындағы ұйымдастырылған
оқу қызметінің конспектісі
Өтпелі тақырып: «Балабақша»
Тақырыбы: «Менің елім-Қааазақстан»
Мақсаттары:
Тәрбиелік:Балаларды Отан сүйгіштікке баулу, өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту арқылы егеменді еліміздің ертеңгі иелеріне тәуелсіздік туралы мәлімет бере отырып тәрбиелеу.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін дамытып, көңіл күйлерін көтеру.
Оқыту: Балалардың сөздік қорын молайту, байланыстыра сөйледі қалыптастыра отырып тақпақ, мақалдарды жатқа айтқызуға үйрету.
Методикалық әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, сурет бойынша әңгіме құрастыру, сұрақ –жауап.
Сөздік жұмыс: Республика, Рәміз, Ту, Елтаңба, қыран құс, тұлпар, бәйтерек
Көрнекілік: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, слайд
Билингвалдыкомконент: Отан – Родина, Ту – флаг, Елтаңба – герб
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Шаттық шаңбері:
-Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз,
Біз бақытты баламыз.- дей отырып, «Менің Отаным -Қазақстан» атты оқу қызметімізді бастаймыз.
Қазақстан Республикасыныңмемлекеттікәнұраныорындалады.
Балалар, сендерқандайәнорындадыңдар?
-ҚазақстанРеспубликасыныңәнұранын орындадық.
-Дұрысайтасыңдар, балалар. Әрбірреспубликаныңөз ерекшелігінбілдіретінәнұраны, туы, елтаңбасыболады. Біз оны рәміздердепаталады. Осы рәміздертуралы жеке-жекетүсінікберіпөтейік.
Слайдпен жұмыс:
-Мынау –біздің туымыз. Тудың түсіаспанныңтүсіне ұқсаскөкаспандайкөгілдір., ортасындакүн, астындабүркітұшыпкележатыр.
-Мынау – елтаңбамыз. Елтаңбадашаңырақ, күнсәулесі, бес бұрыштыжұлдыз. «Қазақстан» дегенжазуы бар.
-Балалар, ҚазақстанРеспубликасының ел басшысыкім?
-Балалар, біздіңотанымыздың астанасықайқала?
Ел бөбегі бүлдіршінжасбаламыз.
Астанамыз Астана – бас қаламыз.
-Балалар ,үлкенмерекелерде туымызкөтеріліп, әнұранымызорындалады. Рәміздердіүлкенде ,кіші де құрметпенжоғарыұстауытиіс. Ал әнұрандыбізбілеміз. Сендер елтаңба мен тудыәрқашанқастерлеуге тиістісіңдер.Қазақстан Республикасының рәміздерітуралыкімтақпақбіледі?
Көк туымыз бетінде,
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қырандай еркіндеп,
Біз өсеміз талапты.
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Елтаңбасы елімнің
Қандай әйбәт әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Құт береке шаңырақ
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақпен көмкерген
Жарайсыңдар,балалар. Біз Қазақстанда тұрамыз демек. Отанымыз-Қазақстан. Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген мақал бар. Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар.
-Отан деген не, қалай түсінесіңдер?
Отан деген менің үйім, туған жерім.
-Менің жүрегім Отан деп соғады.
Азаматқа лайық
Отанымның ұлымын.
Отанымды қорғайтын,
Азаматтың бірімін
Отан деген Атамекен
Отан деген-туған жер.
Отан –ана, Отан-үлкен
Қазақстантуған ел.
Отандыжас ,кәріміз де
Туғанжердепсүйеміз
Өйткеніондабәріміз де
Туыпөмірсүреміз.
-Балалар, өтежақсы .Егемендіелдіңбастыбелгісі- тіл, қазақтілімемлекеттіктілболыпсаналады. Қазақтілібіздің –анатіліміз.
Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің барін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Сергіту сәті:
Гүлдей жайнап,
Күндей жайнап,
Мен ер жетіп толамын.
Әжем айтқан дәу жігіт боп,
Ағалардай боламын.
Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Шынығамыз таңертең
Солдат болам мен ертең.
-Балаларқанекей, көктуымызмәңгіліккеасқақтап, желбірейберсіндеген ниетпен, мынакүн сәулелерінсендерге таратыпберемін.Ал, сендер, өз тілектеріңді, отанға деген сүйіспеншіліктеріңді айтып, күн сәулесін құрап жасаймыз
Аспанымыз ашық болсын!
-Еліміз тыныш болсын!
-Елбасымыз аман болсын!
-Ауылымыз көркейе берсін!
-Ата-аналарымыз аман болсын!
-Достарымыз көп болсын!.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»
-Мінебалалар, өміріміздің жалғасы, еліміздің қорғаны, тірегі болыңдар.
«Сенде бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта , бар қалан» деп, бүгінгі бүлдіршін балаларымыз елімізге қорған болып, кірпіш болып қалана берсін деген тілекпен оқу қызметімізді аяқтаймыз.