Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Тоқаш нан»
Бірінші кіші «Балапан» тобындағы ұйымдастырылған оқу
қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Өтпелі тақырып: Ас атасы нан
Тақырыбы: Тоқаш нан
Мақсаты:
Тәрбиелік: Нанды қастерлеуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Нанның қандай еңбекпен дастарханға келетінің, балалармен бірге қайталай отырып, нанға деген сүйіспеншілігіін арттыру.
Оқыту: Балаларға дөңгелек пішінде тоқаш нан бейнесін салуға үйрету
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Есік қағылып, қонаққа Бауырсақ келеді. Педагог: «Бауырсақ бүгін көңілді, ол сендерге өзі сияқты бауырсақты қағаздан жасап беруді өтіне келіпті. Жасап берейік пе?» - деп балалардан сұрайды.
2.Негізгі бөлім
Ол үшін: сары түсті қағазды алып оны 4/1 бөлігін саусақтармен басып, умаждауларын сұрайды, қағазды ашып, жазып көрсетеді де, қайтадан тағы да умжадау керектігін айтады. Осылай үш рет ашып, бүктеп умаждайды.
Қағаз «домалақтайды» бұл Бауырсақ болады.
Педагог сүттің бос қорабынан екі шағын топқа арналған көрнекілік дайындайды. Қораптың сырты бір түспен қапталған және оның бір бетінде қоян мен түлкінің суретін жапсырып дайындап қойған.
Педагог қораптарды бірінің үстіне бірін қойғанда ертегі кейіпкерлері құрастырылатындығын түсіндіреді.
Екі топтан кезекпен балалар шақырылып, суреттерді құрастыру ұсынады.
Бауырсақпен амандасады. Өздеріне берілген қағаздарды саусақтарымен басып, алақандарына салып умаждайды. Осы іс-әрекет түрін бірнеше рет қайталайды.
Қағаз домалақтанып, Бауырсақ пішіні шығады.
Балалар қораптарды бірінің үстіне бірін қою арқылы қоянның, қасқырдың, аюдың және түлкінің бейнесін құрастырады.
3.Қорытынды
Балалар бүгінгі сабақта не жасағандары жайында айтып береді, қалай жасады, неден жасады?
Балар бауырсақты бір кейіпкерден екінші кейіпкерне қарай домалатып ойнайды. «Бауырсақ» ертегісін естеріне түсіріп, әңгімелеп, қағаздан Бауырсақ бейнесін жасағандарына қуанады.