КМҚҚ «Балерке» балабақшасы
Таңғы гимнастикалық жаттығулар жиынтығы
(ортаңғы топ)
2016-2017 оқу жылы
Кіріспе сөз
ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманымызға сай дені сау, ой өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Дені сау ұрпақ- еліміздің болашағы. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-анаың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бүлдіршін, балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор. Мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады. Балабақшада дене жаттығулары мынандай түрге бөлінеді: таң ертеңгі жаттығу, қимылды ойындар, спорттық жаттығулар, қарапайым туризм. Таңертеңгілік жаттығу балаларды ақыл- ой адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және күні бойы белсенді болуларына ықпал етуі тиіс. Таңертеңгі жаттығу балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудегі бағалы құрал болып табылады. Таңертеңгі жаттығумен жүйелі айналысушылар да ұйқышылдық жоғалады, эмоционалдық өрлеу басталады, қабілеттілігі артады. Балаларды тәртіптендіреді.Сөйтіп таңертеңгі жаттығу жасау алдында мүлде ерекше міндеттер қойылмайды, атап айтқанда: бала организмін «ояту», оны әрекетшіл қалыпқа келтіру, жан-жақтылыққа, бірақ бұлшық ет жүйесіне жайлап ықпал ететіндей, организмнің жүрек, тынысы және басқа функцияларының қызметін белсендіру, ішкі органдар мен сезім органдарының жұмысын стимулдау, тұлғаның дұрыс, жүрістің жақсы қалыптасуына ықпал ету, табанның қисайып кетпеуін болдырмау. Егер балалар күн сайын таңертең дене жаттығуын жасауға дағдыланса және мүдделі болса, ертеңгілік жаттығу сонысымен құнды. Осындай пайдалы әдет адамда өмір бойында сақталады. Баланың бақытты болуы үшін, дененің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек.
Таңертеңгі жаттығу жылдың жылы мезгілдерінде алаңда, ал суық кездерде залда өткізіледі. Белгілі бір тәртіппен іріктелінген дене жаттығуларының үйлесуі комплекс деп аталады. Бір ғана комплекстің өзі екі апта бойы қайталанылады.
Ортаңғы топтарда күнделікті таңертеңгі жаттығулар ұйымдастырылады. Таңертеңгі жаттығулар әр айда екі рет ауыстырылады. Бұл жаттығулардан кейін негізгі қимылды дамытатын жаттығулар ұйымдастырылады. Орындалатын жаттығулар- рет қайталанады. Ең соңында жаттығулардан кейін көңілді , қызықты, қимылды ойын ұйымдастырылады.
№ 1
Сапқа тұру басшыға қарап түзелу баяу жүру, адымды үлкейтіп баяу жүру, Аяқтын ұщынан, және өкшемен жүру. Баяу қарқынмен тізені сәл бүгіп жүру. Өкшеден аяқтын ұшымен ауыса жүру. Музыка ырғағымен сәйкес жеңіл жүруге жаттықтыру. Сапқа тұру жетекшіге қарап түзелу.
«Сағаттын тілі» БҚ. Аяқты айқастыра отыру, қол белде 1- оңға еңкейіп «тин» деу.
БҚ. 2 келіп «таң» деу. 3- солға еңкеиіп «тик» деу.
БҚ. 4 Келип «таң» деу.
Тыңыс алу жаттығулары: Аяқты сәл алшақ қойып, алға қарап еңкейіп фу-фу-фу деп 3-4 рет қайталау, қолды сермеп, дем алу.
№2
Тәрбиешінің артынан шеңбер бойында жай жүру,
аяқтың ұшымен жүру.
БҚ – аяқты алшақ қойып, қолды төменде,
1- қолды алға созамыз.
2- қолды жоғары көтереміз.
3- бірінші қалыпқа келеміз. (3-4 рет)
БҚ – аяқты алшақ, қолды белге қойып,
«Сағаттың тілі»
1- оңға иілеміз
2- солға иілеміз
Бірнеше рет қайталаймыз.(5-6 рет)
БҚ – аяқты алшақ, қолды төмен басымызбен оңға,
солға иілу. (4-5 рет)
«Қарлығаш» болып ұшамыз
«Қоян» сияқты секіреміз.
Жай жүру, дем алу.
№3
Сапқа тұру, басшыға қарай бағынып қатардан шықпай жүру. Баяу жүру одан сәл қаттырақ жүру. Баяу қарқынен аяқтын ұшымен, өкшеге қарай ауысу, қарқынды өзгерте отырып белгі бойынша тоқтай жүгіру. Сәл адым алып және адымдап шаршап жүгіру. Қолды белге қойып басымызды оңға, солға 4-рет айналдыру. Қолды иыққа қойып алдыға артқа 2-рет айналдыру 3-4 рет қайталау. Қолымызды алдыға созып бір орныннан отырып тұру 5-6 рет қайталау.
«Шапалақ» жаттығуы. БҚ. Аяқ сәл алшақ 1-2 рет қолды шетке созу 3-4 қолды төмен түсіріп, санды екі рет соғып «шарт-шарт» деу 5-6 рет.
№4
Таңғы жаттығу: сапқа тұру, бастаушыға қарап түзелу, баяу жүру, аяқтын ұшынан өкшкге қарай ауыса жүру. Кіші және үлкен адыммен ізді баса жүру. Орнымыздан баяу жүгіру.
БҚ. Қолды белге қойып мойнымызды айландыру.
БҚ. Қолды иыққа қойып алдыға, артқа айналдыру 3-4 рет
БҚ. Белге жаттығулар 3-4 рет.
БҚ. Аяққа жаттығулары 3-4 рет.
Баяу жүгіру, тыныс алу жаттығулары.
БҚ. «кірпі» баяу, және дем сыртқа, ішке 3-4 рет қайталау.
Қймыл қозғалыс жаттығулары:«Қонжықтар» допты екі тізесінің арасына қыстырып, белгіленген жерге дейін секіреді « лақтырам қағып ал» қймылды ойын. Балаларға еркін жүріп дем алту.
№5
Қатарға бір- бірден сапқа тұру.
Адымдап арақашықты сақтап жүру.
Орнымыздан баяу қалыпта жүгіру.
Баяу қарқын мен тізені сәл бүгіп, өкшеден аяқтың ұшына қарай ауыса жүгіру.
Қарқынды өзгерте отырып белгі бойынша тоқтай жүгіру.
Қол ұстасып шеңбер бойымен жүгіру.
Қолды белге қойып, аяқтын ортасын сәл ашып бас, омыртқа, мойынға арналған жаттығуларды 4-5 рет қайталап жасау.
Қолды белге қойып аяқтын ортаын сәл ашып, бел, омыртқа, жота тұсына арналған жаттығулар 4-5 рет жасау тыныс ал жаттығулар: «Кірпі», шар үрлеу т.б жасалады және уқулау массаж бетке, мұрынға, құлаққа, қолға 5-6 рет қайталап жасау.
№6
БҚ. Қатарға бір- бірден сапқа тұру.
БҚ. Адыдап арақашықтықты сақтау және жүру.
БҚ. Орныыздан баяу қалыпта жүру.
БҚ. Баяу қарқынмен тәзені сәл бүгіп , өкшеден аяқтын ұшына қарай ауысу.
БҚ. Қарқынды өзгерте отырып белгі боиынша тоқтай жүру.
БҚ. Ауысу шеңбер боиымен жүгіру.
БҚ. Қолды белге қойып аяқтын ортасын сәл ашық басып омыртқа моиынға арналған жаттығу орындату.
БҚ. Осы жаттығуға қоса омыртқа,мойынға арналған жотасына арналған жаттығулар 4-5 рет қайталау.
№7
БҚ. Қатармен түзу жүру.
БҚ. Орнымыздан баяу қалыппен жүру.
БҚ. Өкшеден аяқтын ұщымен жүру және өкшеге ауысу 5-6рет қайталау.
БҚ. Қол белде, аяқтын ортасын ашу, басты оңңа бұру 5-6 рет қайталау.
БҚ. Бір қол жоғары, бір қол төмен оң қолмен қолды сермеу, ауыстыра отырып сол қолмен артқа сермеу 5-6 рет.
БҚ. Қол белде оңға, солға 5-6рет иіліп ауысып жасау. БҚ. Аяқты біріктіру, қолдың саусақтарын құлыптау қолды айналдыру.
БҚ. Қол белде басты алдыға артқа еңкеиту.
БҚ. Шеңбер мен жүгіру.
БҚ. Бел жауырын тұстарына арналған жаттығу 5-6 рет қайталау.
БҚ. Тыңыс алу жаттығулары 5-6 рет орындату.
№8
БҚ. Қатар мен түзу жүру.
БҚ. Өкщеден аяқтын ұшына ауысу.
БҚ. Баяу қалыпта жүгіру.
БҚ. Қол белде, аяқтың ортасын ашу, басты оңға және соллға бұру 5-6 рет.
БҚ. Қол тізеде аяқты біріктіру тізені айналдыру , оң жаққа және сол жаққа 5-6 рет.
БҚ. Қол белде аяқты қосу, алдыға артқа секіру 5-6рет.
БҚ: Қол белде, аяқтың арасын ашу иықты аиналдыру.
БҚ. Жауырынды жазып, қолды екі жақа сермеу 5-6 рет.
БҚ. Екі аяқты қосу орнынан отырып тұру 5-6 рет.
БҚ. Екі қолға, құлақ тұсына, бетке қолға уқалау жасау 5-6 рет қайталау.
№9
БҚ. Қатар мен түзу жүру сапқа тұрғызу.
БҚ. Бвяу жүру, аяқтың ұшынан өкшеге қарай ауыса жүру.
БҚ. Тізені сәл бүгіп жүру, қолды жан- жаққа созып арқан үстімен жүру.
БҚ. Қол белде аяқтын ортасын ашу басты солға, оңға бұру.
БҚ. Бір қолды жоғары, бір қолды төмен алдыға артқа сермеу 5-6 рет.
БҚ. Қарқынды өзгерте отырып белгі бойынша тоқтай жүгіру.
БҚ. Қол ұтаса шеңбер бойымен жүгіру.
БҚ. Қол белге қойып, аяқты сәл ашып оңға солға бүгілу.
Бқ. Қол белде аяқтын ортасын ашып тізеден төмен иілу.
БҚ. Қолды алдыға созып бір тұрып, бір отырып тұру 5-6 рет.
БҚ. Бір орнынан тұрып секіру.
БҚ. Бір орнынан тұрып жүгіру.
№10
БҚ. Қатармен түзу, сапқа тұру.
БҚ. Сап бойынша жүру.
БҚ. Баяу жүру аяқтын ұшынан өкшеге қарай ауыса жүру.
БҚ. Тізені сәл бүгіп жүру,қолды жан-жаққа созып арқан бойымен жүру.
Б.Қ. Қолды белге қойып, аяқтың ортасын сәл ашып, басты оңға солға иілдіру. 5-6 рет
Б.Қ. Бір қол төмен, бір қол жоғары,сол қолды артқа, оң қолды алдыға сермеу.
Б.Қ. Аяқты біріктіру қолдың саусақтарын құлыптау, қолды айналдыру.
Б.Қ. Қол белде аяқтың ортасын сәл ашу, сағаттың тіліндей екі жаққа кезек-кезек иілу.
Б.Қ. Қолды кеудеге қойып жүру.
Б.Қ. Тыныс алу жаттығуы «кірпі» 5-6 рет қайталау.
Б.Қ. Уқалау жаттығуы: бетке,мұрынға,басқа,қолға,аяққа 5-6 рет қайталап жасау.
№11
Б.Қ. Қатармен түзу жүру.
Б.Қ. Орнымыздан баяу қалыппен жүру.
Б.Қ. Қолды көтеріп, аяқтың ұшымен жүру.
Б.Қ. Қол белде, өкшемен, денені тік ұстап жүру.
Б.Қ. Қол белде аяқтың ортасын ашып,басты оңға,солға бұру.
Б.Қ. Бір қол жоғары,бір қол төмен оң қолды артқа сермеу, сол қолды алдыға сермеу.
Б.Қ. Қол белде оңға, солға 5-6 рет иіліп ауысып жасау.
БҚ. Гимнастикалық орындықтың үстімен заттарды аттап жүру.
Б.Қ. Қолды белге қойып арқан үстімен жүру.
Б.Қ. Ұзын, қысқа (жыланша) ирелеңдеп белгі бойынша бұрыла жүгіру.
Б.Қ. Қолды түрлі бағытта жоғары,алға,жан-жаққа созып ұстап жүру.
Б.Қ. Шапшаң жылдамдықпен шашырап белгі бойынша тоқтап жүгіру.
Б.Қ. Еңкейген тақтай үстімен жүгіріп шығып төмен қарай адымдап түсу.
Б.Қ. Аяқты түзу алға сермей кең және қысқа адыммен жүру.
№12
Тізбекте бір қатармен тұру, жүру, шашырап жүгіру.
Жүру, звеноға бөліну.
Б.Қ.: қолды жанына түсіріп тұру, аяқ арасын сәл ашып тұру, қолды
жанынан жоғары көтеру, керілу.
Б.Қ.: аяқ арасын сәл ашып, қолды түсіріп тұру, «маятник» кеудені
кезектестіріп солға, оңға иілу, әр жанға.
Б.Қ.: аяқ арасын алшақ ашып тұру, қолдың саусақтарын айқастырып,
бастан жоғары ұстау. «Ағаш жару»-жылдан алға еңкею, қолды алға,
төмен, б.қ. келу.
Б.Қ..: еденде тізене бүгіп отыру, қолды артқа тіреп отыру, аяқты алға
созу, жоғары көтеру, түсіріп алға созу, б.қ. келу.
Бір орында тұрып немесе шашырап секіру.
Жұптасып жүру.
№13
Б.Қ. Қатармен түзу еркін жүру.
Б.Қ. Баяу жүру,ақырын жүгіру.
Б.Қ. Баяу жүру,аяқтың ұшынан өкшеге қарай ауыса жүру.
Б.Қ. Адымдап: бүгілген тізені жоғары көтере жүру.
Б.Қ. Сапта өкшеден аяқтың ұшына ауыса жүру.
Б.Қ. Баяу жүру,шашырап жүру.
Б.Қ. Қол белде,аяқтың ортасын ашып тұрып,басты оңға,солға айналдыру.
Б.Қ. Қол иықта аяқтың ортасын ашып қолды алдыға артқа айналдыру.
Б.Қ. Қол желкеде отырып,тұру.
Б.Қ. Белге арналған жаттығулар.
Б.Қ. Белді оңға,солға бұрып, сағат тілінде иілу.
Б.Қ. Тізеге, аяққа арналған жаттығулар.
Б.Қ. Екі қолды тізеге қойып айналдыру.
Б.Қ. Жерге жатып аяқты велосипед сияқты тебу.
Б.Қ. Тыныс алу жаттығулары «кірпі» жаттығуы орындалады. Уқалау жаттығуларын орындату.
№14
Б.Қ. Қатармен түзу жүру.
Б.Қ. Баяу жүру.
Б.Қ. Баяу жүгіріп, қолды көтеріп жүгіру.
Б.Қ. Баяу жүгіріп,қолды төмен түсіріп жүру.
Б.Қ. Аяқтың ұшынан өкшеге қарай ауыса жүру.
Б.Қ. Сапта өкшеден аяқтың ұшына ауыса жүру.
Б.Қ. Баяу жүру,шашырап жүру.
Б.Қ. Қол белде аяқтың ортасын ашып тұрып, солға айналдырасың.
Б.Қ. Қолыңды иыққа қоясың, аяқтың ортасын ашып тұрып, иықты алдыға,артқа айналдыру.
Б.Қ. Қол желкеде отырып,тұру.
Б.Қ. Қол ұстасып аяқты солға,оңға бұру.
Б.Қ. Заттардың арасынан шашырай 2 минутқа дейін жүру.
Б.Қ.Тоқтамай үлкен,қысқа адыммен бастаушыны ауыстыра жүру.
Б.Қ. Жіп арқылы секіру.
Б.Қ. Тоқтамай үлкен,қысқа адыммен бастаушыны ауыстыра жүгіру.
Б.Қ. Тізеге,аяққа арналған жаттығулар.
Б.Қ. Екі қолды тізеге қойып айналдыру.
Б.Қ. Жерге жатып аяқты велосипед сияқты айналдыру.
№15
БҚ. Негізгі тұрыс, қолды түсіріп тұру.
БҚ. Қолдарымызды екі жаққа созу.
БҚ. Оң аяқты неғұрлым алға қарай созу, жоғары көтеру, алақанмен тізе астында шапалақ соғу.
БҚ. Аяқты түсіру, қолды екі жаққа созу.
БҚ. Дәл солай сол аяқпен.
БҚ. Аяқтын сыртқы қырымен жүру.
БҚ. Қол белде әтеш болу аяқты алға жоғары көтеру.
БҚ. Шеңберге тұру.
БҚ. Басқа арналған жаттығулар: басымызды оң иыққа төрт рет, сол иыққа төрт рет айналдыру.
Иықты бір түсіріп бір көтеру.
БҚ. Қолымыз белде белімізді алдыға, артқа айналдыру.
БҚ. Қоян сияқты секіру.
БҚ. Кезектесіп мұрынымызды жауып дем алу.
№16
«Жалау жоғары». БҚ : аяқты сәл ашу,жалауды түсіру,жалауды көтеру,қарау және бір жақпен түсіру, «төмен» деп айту.3-рет қайталау.
«Көрсету және бұлғау». БҚ: аяқ иық көлемінде,жалау артқа.Жалау алға,бұлғау,еңкею,тік тұру,бұлғау,түсіру.2-рет қайталау.
«Бір күнде емес» БҚ.: отырып аяқты алшақ ұстау,жалау еденде,аяқ арасында,қол жігерлі артта.Оң (сол) аяқты көтеру,түсіру,жалауға тигізіп алмай.Демалуы шығыңқы.3-рет қайталау.
«Секіру». БҚ аяқты сәл ашып қою,жалау еденде.8-10 рет қайталау,жүрумен ауыстыра отырып,жалауға тигізіп алмай.
№17
БҚ. Бір қатар сапқа тұру, бастаушыға қарап тұру.
БҚ. Баяу жүру аяқтың ұшынан өкшеге қарай ауыса жүру.
БҚ. Сапта өкшеден аяқтын ұшына ауыса жүру.
БҚ. Табанның ішкі жағымен жүру 1-2 айналу.
БҚ. Басқа қймылдырмен алмастырып жүру 1-2 айналу.
БҚ. Қолды белге қойып басты оңға, солға айналдыру 2-3 рет қайталау.
БҚ. Қолды иыққа қойып алдыға 4-рет артқа 4- рет, 2-3 рет қайталап айналдыру.
БҚ. Қолды алдыға қайшыға ұқстып алдыға 2-3 рет жасау керек.
БҚ. Шапшандықпен отырып, тұрып қайталау.
БҚ. Орнымыздан «қоян» сияқты секіру 2-3 рет.
БҚ. Орнымыздан «ақырын» секіру жоғары, төмен 2-3 рет қайталау.
№18
«Жалауды көрсет». (лента).Б.қ: аяқты сәл ашамыз, жалауды түсіреміз.Жалауды алға қойып, «міне» деп айтамыз, б.қ. келеміз.4-рет қайталау.
«Жалауды көрсет».Б.қ: аяқ иық көлемінде, жалауды төмен ұстау.Жалау алға, иіліп «міне» деп айту,жалауды түсіріп, тік тұру.2-рет қайталау.
«Аяқты жалау үстінен».Б.қ: аяқты алшақ ұстап отыру,жалауды едеңге екі аяқ ортасына қою,қолды артқа жігерлі ұстау.Жалау арқылы (оң,сол) аяқты ауыстыру, б.қ. келу.Басты түсірмеу.4-рет қайталау.
«Секіру».Б.қ: аяқты сәл ашу,қолды төмен ұстау.Пружина және 6-8 рет секіру,жалауды сілку (лентаны) жүрумен ауыстырып отырып 3-4 рет қайталау.
«Ленталармен жаттығу»


« Таяқшалармен жаттығу»

«Тыныс алу жаттығулары»



«Негізгі қимыл жаттығулары»



«Шығыршықпен жаттығулар»


«Имитация жаттығулары»



«Кедергілерден өту жаттығулары»



«Жалаушамен жаттығулар»