Просмотр содержимого документа
«Техника және біз»
«Күншуақ» шағын орталық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 14.02.22
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Білім беру саласы: «Қатынас»
Пән: Сөйлеуді дамыту.
Өтпелі тақырып: «Табиғат және біз»
Тақырыбы: «Техника және біз»
Мақсаты:Балаларға техникалардың аттарын атай білуге үйрету.Техника туралы
түсіндіру және оларды біз қалай пайдаланатымызды түсіндіру.Сөздік қорларын байыту.
Ресурстармен қамтамасыз ету: демонстрациялық материал (шай ішуге арналған заттар), үлестірмелі материал (шай ішуге арналған заттар, оларды
бір-бірімен сәйкестендіру).
Билингвалды компонент: ыдыстар – посуда, аспаз – повар, нан– хлеб.
1.Ұйымдастырушылық кезең
Сәлемдесу.
Білер қазақ баласы
Сәлем – сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
(Е. Өтетілеуұлы)
2.Негізгі кезең.
– Балалар, сендер тамақ ішкенді жақсы көресіңдер ме? Үйде аналарыңа
көмектесесіңдер ме?
– Шай ішкенде үстелдің үстіне не қояды?
– Қазір біз сендермен шай жасап үйренеміз.
Ортада педагог. Үстелде шай ішуге арналған ыдыстар: шәйнек, кесе,
қантсауыт, қасық. Педагог балаларға жұмбақ жасырады.
Кесе, шыны, пияла,
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз
Бәрінің атын не дейміз?
(Ыдыстар)
Педагог:
– Мына қораптың ішінде не бар?
Педагог қораптағы шайды қасықпен көрсетеді:
– Мына шәйнекке шайды саламыз.
Шәйнекке шайды салғаннан кейін үстіне қайнаған су құямыз. Шайды кесеге
құямыз,оған керегінше сүт құйып, қант саламыз.
– Балалар, оны бізге кім даярлайтынын білесіңдер ме?
Мен сендерге Қ. Ыдырысовтың өлеңін оқып берейін.
Біздің гүл бақшада,
Бар әсем асхана.
Бар онда аспаз,
Ақкөңіл жақсы апа
Тұрады ортада.
Тәп-тәтті тағамы,
Апай – ас маманы.
Пісіре білгенге,
Астың жоқ жаманы.
– Иә, балалар, аспаз апай бізге шай даярлап береді екен.
Аспаз келіп бүгінгі астың атын айтып кетеді.
Аспаз – асханада ас даярлайтын адам.
Билингвалды компонент: ыдыстар – посуда, аспаз – повар, нан – хлеб.
Сергіту сәті:
Дастарқанды жаямыз,
Ыдыстарды қоямыз.
Тағамдарды әкеліп,
Дастарқанға қоямыз..
«Орнын тап!» дидактикалық ойыны.
Шарты:Әр затты бір-бірімен сәйкестендіру.
(Шайға арналған ыдыс түрлерін атау, ол қай жерде тұру керек)
Жеке жұмысты қажет ететін балалардан ыдыс-аяқ түрлерін сұрау.
Қорытынды:
– Балалар, бүгін біз сендермен не жасап үйрендік?
– Мынау ыдыстар қалай аталады?
– Шайды салғаннан кейін қандай су құяды екен?
Балалар сурет бойынша жауап береді