СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Әтеш пен тотықұс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Әтеш пен Тоты» ертегісі.

Мақсаты: а) Ертегінің мазмұнын түсіндіру;

ә)Өз түсінігімен әңгімелеу барысында сөздік қорын молайтып,тіл байлығын дамыту;

б) Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Шырша суреттер,сыйлықтар. Қысқы мереке. Жаңа жыл мерекесі. Аяз ата, Ақшақар, суреттері.

Просмотр содержимого документа
«Әтеш пен тотықұс»

Ересек «Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тәрбиеші:Оразова Г.Т

Өтпелі тақырып: «Қош келдің Жаңа жыл»

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Драма

Тақырыбы: «Әтеш пен Тоты» ертегісі.

Мақсаты: а) Ертегінің мазмұнын түсіндіру;

ә)Өз түсінігімен әңгімелеу барысында сөздік қорын молайтып,тіл байлығын дамыту;

б) Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Шырша суреттер,сыйлықтар. Қысқы мереке. Жаңа жыл мерекесі. Аяз ата, Ақшақар, суреттері.

1.Ұйымдастырушылық кезең


Жұмбақ жасыру

«Ақсақалды шал жылына

Бір-ақ рет келіп кетеді

Қызы мен ұлына

Сыйлық алып келеді.

Ол кім балалар?»

Біз Аяз атаға тақпақтар оқимыз, ол бізге көп сыйлық әкеледі.


2.Негізгі бөлім:

Кіріспе әңгіме

Жұмбақ жасыру:

Бұрап қойған сағаттай

Айғайлайды таң атпай.

-Бүгінгі тақырыбымыз «Әтеш пен Тоты» ертегісі.

«Әтеш пен Тоты» ертегісі оқылады,ертегі мазмұнын ашады.Ертегіге байланысты сұрақтар қойылады.

Сұрақ-жауап

-Ертегі қызықты ма?

-Ертегідегі Тоты қайда бармақшы болды?

-Әтештен не сұрайды?

Сергіту сәті

Алтын айдар басында,

Қонды ағаш басында

Таң атты!Таң атты!

Елдің бәрін оятты.

Дәптермен бояу.

Суретті бояу.



Қорытынды: Ермек Өтетілеуұлының «Қораз» өлеңін оқып,іс-әрекетті аяқтау.

Мен қоразбын,қоразбын,

Жалқаулармен аразбын.

Таңды бұрын қарсы алып,

Елді оятам жар салып.