СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Әтеш пен тоты" ертегі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалрға қазақ ертегілерінің мазмұнын айтуға үйрету.

Просмотр содержимого документа
«"Әтеш пен тоты" ертегі»

Ортаңғы «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізілу күні: 26.12.2018

Тәрбиеші: Берік А.Б

Білім беру саласы: «коммуникация»

Пән: Драма

Өтпелі тақырып: «Қош келдің жаңа жыл»

Тақырыбы: «Әтеш пен тоты» /ертегі/

Мақсаты:

Тәрбиелеу:Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Дамыту:Ертегінің мазмұнын түсініп,өз түсінігімен әңгімелесу барысында сөздік қорын дамыту.

Оқыту: Құстар жайлы түсінік беру.

Билингвалдық компонент: әтеш-петух, тоты-попугай

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Таң әлі атқан жоқ

Маңай әлі қаранғы

Әтеш ерте оянып,

Оятады баланы,

Ку-ка-ре-ку, ку-ка-ре-ку,

Балалар бірге қайталайды.

Балаларға сурет көрсетеді .

-Бұл не?

-Ол қайда мекен етеді.

Үй құсы ма әлде дала құсы ма?

Жұмбақ

Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай. (Әтеш)

Ертегі оқу «Әтеш пен тоты»

Ерте, ерте, ертеде ешкі құйрығы келтеде, аң мен құстардың ішіндегі ең әдемісі, сымбаттысы әтеш болыпты. Сондықтан ол өте тәкәппар екен. Жүріп тұрсада маңғазданып, сылаңдай басады екен. Қоқыраяды да жүреді. Бірде-бір аң не құспен сөйлеспейді. Жалғыз серігі Тотықұс болыпты. Тоты байғұстың үстінде жөні түзу киімі жоқ екен. Бір күні тоты әлгі кербез әтешке келіп: Досым мен бүгін қонаққа баратын едім. Жөніді киімім де жоқ. Мына түріммен қалай барамын. Мені сенің досын деп білетін ел мазақтайды ғой. Маған үстіндегі әдемі көйлегінді бере тұршы,-деп қиыла жалыныпты. Әтеш досының сөзіне сеніп, үстіндегі әдемі киімдерінің бәрін шешіп беріпті. Сөйтіп тотықұс жасанып тұрып киініп алды да, қай мезгілде келетінің айтады. Егер мен кешіксем, дауыстап шақыр, дауысынды естейін-дейді. Сөйтіп, Тотықұс әсем киініп тойға кетеді. Бірақ, ол қайтып оралмайды әтеш ол естісін деп үсті-үстіне шақырады. Ешқандай хабар болмайды. Содан күні бүгінге дейін әтеш тотықұспн әдемі киімін іздеп, таң атысымен, күн батқанға дейін айқайлап шақыра береді екен.

Сергіту сәті:

Қанатытымыды жазамын,

Жоғары –төмен қағамын

Биік көкте ойналып,

Жұлдыздаай жылдам ағамын

Үй құстарына нелер жатады?

Құстар екіге бөлінеді: жабай құстар, үй құстары.

Ойын: «Ұшты-ұшты »

Мақсаты: баланы тез ойнатуға және ұшатын немесе ұшпайтын затты ажырата білуге үйрету.

Шарты: ұшатын заттарды тез анықтап, екі қолын жоғары көтеру керек.

Ұшты, ұшты, қарға ұшты

Ұшты, ұшты, қалам ұшты

Ұшты, ұшты сауысқн ұшты.

Қорытынды:

Ертегі не жайлында болды?

Қандай кейіпкерлер қатысты

Құстар неше топқа бөлінеді?