Білім беру саласы: Қоршаған орта
Тақырыбы: Тірі және өлі табиғат
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға қоршаған ортадағы тірі және өлі табиғат туралы түсінік беру. Олардың бір - бірімен байланысы жайлы мағұлымат беру, танымдық әрекетін шыңдау.
Дамытушылық: Сөздік логикалық қабілеттерін, ой - қиялдарын, қызығушылық сезімін дамыту.
Тәрбиелік: Өз ойларын толық жеткізе білуі, дүние танымын кеңейтіп, табиғатты қорғауға, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд суреттері жануарлар, өсімдіктер аңдар, жемістер, құстар.
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар залға кіріп шеңбер болып тұрады.
Шаттық шеңбер құрайық.
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Салем саған жер ана,
Салем сізге қонақтар!
Аман-есен болайық,
Бейбітшілік қалайық!
Бізде бүгін ерекше күн. Балалар, қараңдаршы, бізге бүгін көп қонақтар келіпті.
Балалар таңертең сендер қайда келдіңдер? (балабақшаға)
Сендерді кім әкелді? (ан, әке, әже, ата)
Немен келдіңдер? (шанамен, машинамен)
Балабақшадағы топтарыңның аты қандай? (Ботақан)
Балалар табиғат деген не? (табиғат деп қоршаған ортаны айтамыз.)
Табиғат нешеге бөлінеді? Табиғат тірі және өлі болып бөлінеді.
Тірі табиғат - олар өседі, қоректенеді, тыныс алады, тұқым шашады. Оларға адамдар, жан - жануарлар, өсімдіктер, құстар, жемістер, көкөністер, балықтар жатады. (слайт суреттері)
Өлі табиғат - қоректенбейді, өспейді, тұқым шашпайды. Оларға су, тас, тау, күн, ай, құм жатады. Бірақ тіршілік атаулы оларсыз өмір сүрмейді. Ендеше балалар осы айтылған әңгімемізді пернетақтадан тамашалайық! (табиғат дыбыстары шығады).
Тәрбиеші: Адам мен табиғат әрқашанда егіз.
Олар адамзатты қажеттілікпен қамтамасыз етеді. Табиғат кен біртұтас. Табиғат біздің ортақ үйіміз. Біз оған ұқыптылықпен қарауымыз керек. Әркім өзінің табиғатқа деген қарым – қатынасын өзінің баубақшасында өсіп тұрған ағаштар мен гүлдерге қамқорлық жасау керек. Біз жерімізді бүлдірмей, керісінше әсемдеуге тиіспіз. Қоршаған ортаны қорғау – баршамыздың ортақ ісіміз.
Сергіту сәті. «Аяқпенен топ-топ-топ»
Жарайсыңдар балалар, біз қозғалып бой сергіттік, жүрдік.
Олай болса біз жұмбақ шешейік.
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (күн)
Күндіз тығылады,
Түнде қыдырады. (жұлдыз)
Тырс – тырс тамады,
Сайға қарай ағады. (жаңбыр)
Тосын сәт. (Жаңбыр дауысымен кіреді. Қолында қолшатыры бар.
Ойын. «Күн мен жаңбыр»
Жер-ананың сөзі: (үнтаспадан тыңдалады).
Балалар сәлеметсіңдер ме? Сендерді көгеніме өте қуаныштымын. Мен Жер-анамын. Балалар естеріңде болсын!
Гүлді жұлуға болмайды. Гүлді аялау керек.
Ағашты кесіге болмайды. Ол бізге таза ауа береді.
Суды ластауға болмайды. Сусыз өмір жоқ.
Күнімізді бұлт баспасын!
Көбелекті өлтірмеңдер. Ол әдемілік белгісі.
Құсты атуға болмайды. Құс адамның досы.
Жасыл шөпті жұлуға болмайды. Ол біздің жерімізге көрік береді.
Аңдарды қорғауымыз крек. Олар біздің байлығымыз.
Асқар тауларымыз биік болсын!
Аққуды атуға болмайды. Ол сұлулық белгісі. Осыны естеріңе сақтаңдар. Қош, сау болыңдар!
Қорытынды: Біз бүгін оқу іс – әрекетімізде адамның өз туған жеріне, табиғатына сүйіспеншілік, қамқорлық көрсету керектігін түсіндік.
Балалар бізге қонаққа кім келді? (жаңбыр)
Жаңбырмен не істедік? (ойын ойнадық)
Не туралы әңгіме жүргіздік? (табиғат).
Балалар бүгінгі оқу іс – әрекетіміз ұнады ма? (үш шапалақ)
Ендеше, апайлармен қоштасып, топқа оралайық.
Просмотр содержимого документа
«Тірі және өлі табиғат»