СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Төрт саны мен цифры" қмұқ

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Тәрбиелік – воспитательная: Ұқыптылыққа баулу.

2.Дамытушылық – развивающая: балалардың ой өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Оқыту – обучающая: балаларды 4 санымен және  цифрымен таныстыру; 4 цифрын дұрыс жаза білуге үйрету.

Просмотр содержимого документа
«"Төрт саны мен цифры" қмұқ»

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средней группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Таным. Познание.

Пән/Предмет: ҚМҰҚ. ФЭМП.

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Техника және біз»

Тақырыбы/Тема: «4 саны мен цифры»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: Ұқыптылыққа баулу.

2.Дамытушылық – развивающая: балалардың ой өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Оқыту – обучающая: балаларды 4 санымен және цифрымен таныстыру; 4 цифрын дұрыс жаза білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: компьютерлік, денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: сандар жинағы, суреттер, санамақ таяқшалары, 1-ден 4-ке дейінгі заттары бар суреттер (таңқурай, бал, кәмпиттер, саңырауқұлақтар, құлпынай, бәліштер).

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: бір – один, екі – два, үш – три, төрт - четыре


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Ғажайып сәт: балалар бүгін бізге ертегілер елінен қонақтар келіпті. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жауабын тауып көріңдер.

Жұмбақ жасыру.

Тәтті іздеп жортады,

Аң бар балды қалаған.

Үп-үлкен боп қорқады

Кіп-кішкене арадан. (Аю)

Интербелсенді тақтадан аю мен оның отбасын көрсету.

Ол жалғыз емес, отбасымен бірге келіпті. Қане бізге қанша аю келгенін санайық. (1,2,3)

Балалар аюлар қай ертегіден келді?

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

Балалар біз қонақ келгенде не істейміз?

Дұрыс айтасыңдар, ендеше аюларға ботқа ұсынайық.

Неше тәрелке қоямыз?

Неше қасық қоймыз?

Музыка естіледі. Балалар бізге тағы бір қонақ келе жатқан сияқты.

Балалар бұл асығып келе жатқан Маша екен. Қане Машаны да үстелге шақырайық. Балалар біздің қойған ыдыстарымыз қонақтарға жетеді ме?

Қане қонақтарымызды санайық. (1,2,3,4)

Олар қалай 4 болды?

Бірінші 3 аю келді, содан соң Маша келді.

Енді ыдыстарды санайық. Қайсысы көп? Ыдыстар ма, әлде қонақтар ма?

Бірдей болу үшін не істеу керек?

Дұрыс айтасыңдар, тағы бір тәрелке мен қасық қою керек. Балалар қонақтар бізге жай келмепті, олардың тапсырмалары бар екен. Орындаймыз ба?

1- тапсырма. “Кім жылдам?” ойыны

Балалар сендер маған 4-ке дейінгі сандарды тура және

кері санап беріңдерші.

1,2,3,4

4,3,2,1

Билингвалдық компонент: бір – один, екі – два, үш – три, төрт - четыре

2 – тапсырма: «Суретпен жұмыс»

3 қызыл алмаға , 1 сары алманы қоссақ қанша болады?

2 сары алмаға, 2 қызыл алманы қосқанда неше шығады?

3 сары алмаға, 1 қызыл алманы қоссақ неше болады?

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп аламыз

Қалтамызға саламыз.

3 – тапсырма: -Қане, бәріміз төрт таяқша санап шығарайық.

Таяқшалардан 4 санын құрастыру.

Таяқшалар арқылы 4 таяқшадан әр түрлі пішіндер құрастырайық.

Дәптермен жұмыс:

Үзік сызықтарды бастырып, 4 цифрын жаздыру.

Жеке жұмыс: Мұхаммед – Әлиге үзік сызықтарды шығармай қосуды үйрету.

Қараңдаршы 4 саны неге ұқсайды?

Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

4 санына байланысты төрт түлік малды білеміз.

Қолдарыңдағы бет орамалдың бұрышы қанша?

Балалар біздің қонақтарымыздың орманға қайтатын уақыты келді. Қане біз оларға жолға тағамдар салып берейік.

Ойын: «Себетке сал»

Құрал - жабдықтар: 1-ден 4-ке дейінгі заттары бар суреттер (таңқурай, бал, кәмпиттер, саңырауқұлақтар, құлпынай, бәліштер).

Шарты: балаларға тек қана 4 заттан тұратын тағамдарды себетке салуды ұсыну.

3.Қорытынды/итоговая часть:

Балалар бүгін бізге қонаққа кімдер келді?

-Аюлар мен Машаны қосқанда неше болды?

-4 саны неге ұқсайды?

-4 таяқшадан не құрастыруға болады?

Балаларды жұлдызшалармен мадақтау.