Просмотр содержимого документа
«Трапецияның ауданы»
Сабақты өткізуге әдістемелік нұсқаулар
Сабақ тақырыбы: Трапеция ауданы
Сабақ түрі: Білімді бекіту сабағы
Оқу мақсаты:
8.1.3.13 трапеция ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану
Сабақ мақсаттары:
Сабақ құрылымы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою
Өткен материалды қайталау.
Жұптық жұмыс.
Жеке жұмыс.
Сабақты қорытындылау. Рефлексия
Сабаққа қажетті теориялық материал, анықтамалар және т.б.
Трапецияның бір жұп параллель қабырғалары бар, демек бір биіктікке ие — параллель қабырғалар арасында жүргізілген перпендикуляр. Трапеция биіктігі трапеция төбесінен немесе диагональдардың қиылысу нүктесі арқылы жиі жүргізіледі.

Трапецияның ауданын оның табандары мен биіктігі арқылы табу
Трапецияның ауданы оның табандарының қосындысының жартысы мен биіктігінің көбейтіндісіне тең.
,
— трапецияның ауданы
— табаны
— табаны
h – биіктігі
Трапецияның ауданын оның биіктігі мен орта сызығы арқылы табу
S=mh
S —трапецияның ауданы
h — биіктігі
m — трапецияның орта сызығы
Трапецияның ауданын оның диагональдері және олардың арасындағы бұрышы арқылы табу

S — трапецияның ауданы
d1,d2 — трапецияның диагональдері
α — трапецияның d1 және d2 диагональдері арасындағы бұрыш
Трапецияның ауданын оның төрт қабырғасы арқылы табу


Көрсетілім мен қауіпсіздік техникасына қойылатын нұсқаулар
Материалдың сабақ барысындағы көрсетілімі Power Point бағдарламасы көмегімен жүзеге асады. Презентация слайдтарында анимациялар бар, олар экранға шешімдер мен жауаптарды біртіндеп шығаруға немесе қойылған сұрақтарға жауаптарды көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан презентацияны көрсету барысында тапсырма немесе сұрақты көрсеткеннен кейін үзіліс жасау керек, сөйтіп оқушыларда оларды орындауға және ойлануға уақыттары болады.
Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар
Сабақтың құрылымы мен ұйымдастырылуы оқушылардың жаңа тақырыпты оқу кезінде өнімді іс-әрекетін көздеген, материалдың пассивті қабылдауын болдырмай. Осыған байланысты мұғалімге оқушыларға жоғары деңгейдегі сұрақтарды қою керек, оларды «жаңалық ашуға» және жаңа материалды меңгеруге итермелейтін, сол уақытта оларға ойлануға қажетті уақытты да ұсыныңыз.
Саралауға арналған қосымша деңгейлік тапсырмалар
Базалық деңгей
Тең бүйірлі трапецияның сүйір бұрышы 60° тең. Дәлелдеу керек: ВС = AD — AB.

Күрделі деңгей
AD және BC - трапецияның табандары. Трапецияның диагональдерінің орталарын қосатын KP кесіндісінің ұзындығын тап.

Формативті бағалау бойынша ұсыныстар.
Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.
Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.
Жауаптар, тапсырмаларға қойылатын бағалау критерийлері, сабаққа қосымша материалдар.
Тапсырмалардың жауаптары өзін-өзі бағалауға және өзара бағалауға пайдалы болады.
Қосымша 1 жауаптары презентацияда көрсетілген.
Қосымша 2 жауаптары.
20.
30.
25.
.
625.
192.
Әрбір тапсырманың бағалау критерийлері сабаққа қосымшаларда және қысқа мерзімді жоспарда жазылған.
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер тізімі
Атанасян Л.С. геометрия 7-9 классы. Просвещение 2018г.
Ершов А.П. геометрия. Сборник заданий для тематического и итогового контроля. 8 класс: пособие для шк. с углубл. изучением математики – М.: Илексия, 2010.
Ершов А.П., Голобородько В. Геометрия. 8 класс. – М.: Ранок, 2010. – 182 с.
Бутузов В.Ф., Кадомцев С.Б., Прасолов В.В. Геометрия 8 класс. Просвещение 2018.
Погорелов А. В. Геометрия: Учебник для 7–9 кл. общеобразоват. учреждений/ 2–е изд. – М.: Просвещение, 2001. – 224 с:
Полонский В.Б., Рабинович Е.М., Якир М.С. Учимся решать задачи по геометрии. Учеб.–метод. Пособие. – К.: «Магистр – S», 1996. – 256 с.