СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Түбір сөздердің тәуелденгенде өзгерісі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Түбір сөздердің тәуелденгендегі өзгерісі туралы түсінік беру

Просмотр содержимого документа
«Түбір сөздердің тәуелденгенде өзгерісі»

Тақырыбы: Түбір сөздердің тәуелденгенде өзгерісі

Сабақтың мақсаты:1Оқушыларға зат есімдердің тәуелденуі туралы алған білімдерін кеңейте түсуге, тиянақтауға мүмкіндік туғызу;

2.Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;

3.Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке ,сауатты көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:пысықтау.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ.Өткенді пысықтау

49,50-жаттығу161-бет.Тоқымыда жасырылған сөздер: шырша, қайың, терек.

50-жаттығу берілген сөздер қатарынан артық сөзді табу: күлем, үскі.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Үлестірмелі қима қағазбен жұмыс ұйымдастыру:

1

Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауды жаз

І Менің құлын... І Біздің құлын...

ІІ Сенің құлын... ІІ Сендердің құлын...

Сіздің құлын... Сіздердің құлын...

ІІІ Оның құлын... ІІІ Олардың құлын...

3

Қай жақта тұрғандығын анықта:

.... кітабым .... кітабың

... кітаптарың .... кітабыңыз

... кітаптарыңыз ... кітабымыз

.... кітабы ... кітаптары

№5

Қай жақта тұрғандығын анықта:

... атам ... атамыз

... атасы ... аталары

... атаң ... аталарың

... атаңыз ... аталарыңыз

2

Қай жақта тұрғандығын анықта:

.... үйім ... үйіміз

.... үйіңіз .... үйі

.... үйің ... үйлерің

... үйлеріңіз ... үйлері

№4


Қай жақта тұрғандығын анықта:

... добың ... доптарың

... добым ... добымыз

... добыңыз ... доптарыңыз

... добы ... доптары



Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс.

Күн ретін жазу. Көркем жазу

51-жаттығу түбір сөздерді тәуелденген сөздермен салыстыру:

халық-халқым, білек-білегің, әріп-әрпім,лақ-лағың,бөрік-бөркім,кітап-кітабың т.б. Түбір сөздер тәуелденгенде қандай өзгерістерге ұшырағанын ату, байқату.

52-жаттығу жұмбақты оқу, шешуін табу. Қарамен жазылған сөздің түбірін табу: ауыз-аузы.

53-жаттығу Жақшадағы сөздерге тисті тәуелдік жалғауды жалғап жазу:

Біздің халқымыз бақытты. Сенің даусың естілмейді. Менің уақытым болмады. Мемлекеттің мүлкін шашпа. Ораз ернін жыбырлатты.

54-жаттығу өлеңді мәнерлеп оқу.

1. Біздің туған жеріміз, Отанымыз қай мемлекет?

2.Тәуелдеулі сөздерді табу (балаларың, халқың, келбетіңе)

ҮІ. Бекіту: 55-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде орындау.

Нұрбектің әкесі,менің ағам,біздің халқымыз,әншінің даусы.

1-ж.Менің әкем,ағам,әншім,даусым.

2-ж.Сенің әкең,ағаң,әншің,даусың.

Сіздің әкеңіз,ағаңыз,әншіңіз,даусыңыз.

3-ж.Оның әкесі,ағасы,әншісі,даусы.

1-ж.Біздің әкеміз,ағамыз,әншіміз,даусымыз.

2-ж.Сендердің әкелерің,ағаларың,әншілерің,дауыстарың.

Сіздердің әкелеріңіз,ағаларыңыз,әншілеріңіз,дауыстарыңыз.

3-ж.Олардың әкелері,ағалары,әншілері,дауыстары.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Тәуелдік зат есім дегеніміз не? Мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 56-жаттығу жұмбақты оқу, ребусты шешімі арқылы жауабын табу: шағала.

ІХ. Оқушыларды бағалау