ІІ. Негізгі бөлім 3.3.6.1. (МК, Ө) Көркем жазу. Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету. Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады. Әә ӘӘӘ әәә Әскербектің әтеші әдемі де, әсем. 3.2.2.1 (Ұ; Т; ОТ; Қ) Оқылым. Жұмбақты оқып, шешуін тап. 9-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табады: (сағат) Жұмбақтағы қарамен берілген сөздерге назар аудар. Бұл сөздер нені білдіреді. Тіл сөзі қандай мағыналарда қолданылады? (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі т. б), (тіл-дене мүшесі) Сағат не үшін керек? Суреттегі сағаттарға қара. Суреттер бойынша сағаттың шығу тарихын болжап көр. Отбасы мүшелері қай сағат түрін пайдаланады? Сен өзің қай сағат түрін қолданасың? Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Суреттер бойынша сағаттың шығу тарихын болжап, ой тұжырым жасайды. Бағалау дескрипторы: - жұмбақты оқып, шешуін табады; - сағаттың шығу тарихын болжайды; - сөздердің қандай мағынада қолданылатынын біледі.
3.2.4.1 (Ө, Т, Ж, қ) Сағаттың шығу тарихын білесің бе? «Сағаттың шығу тарихын білесің бе?» туралы бейнематериалды көру. Оқушылар «Достармен кездесу уақыты» әдісі бойынша топқа біріктіріледі. Негізгі ойды анықтайды. Қосымша 2. Дереккөздерден тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, сағат түрлері, олардың ерекшеліктерімен танысады. 1-топ: «Астанадағы күн сағаты» 2-топ: «Құм сағаты» 3-топ: «Су сағаты» 4-топ: «Қазіргі заманғы сағаттар» Бағалау дескрипторы: жаңа маңызды мәліметтермен танысады; әрбір сәтті мәнді өткізу керек екендігін түсінеді; сағат түрлеріне қызықты жарнама жасау; бейнематериалдағы негізгі ойды анықтайды. 3.2.2.1 (Ө; Т, Ж) 10-жаттығу. Берілген сөздер тобын пайдаланып, сөйлем құрап жаз. Тапсырманы оқиды. Берілген сөздер тобын пайдаланып, сөйлем құрап жазады. Оқулықта берілген жаңа ақпаратты түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады. Берілген сөздер тобында алтын сөзі қандай мағынада қолданылып тұр деп ойлайсың? Алтын уақыт деп неліктен айтады? Өзің уақытты қалай пайдаланасың? Осы сұрақтың жауабын топта талқылауға қатыс. Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді. «Алтын уақыт» деп неліктен атайды? сұрағын топта талқылап, бір-біріне түсіндіреді, талқылайды. Бағалау дескрипторы: Сергіту сәті. «Кім тез?» ойынын ұйымдастыру. Айтылған іс әрекетті белгілі уақыт ішінде орындап болу ұсынылады. 3.2.2.1 (Ө; Ж, Ж) Шығармашылық үзіліс. «Сөздерді сәйкестендір!» №2 жұмыс парағы  Оқушылар тапсырманы ақ параққа алдымен өз бетінше орындап, жұпта тексереді. Қате болса, түзетеді. Неліктен ауыспалы, тура мағына екенін бір-біріне дәлелдейді. Бағалау дескрипторы: 3.2.4.1 (Ж, Тж) Сағаты бар шортан. Мұғалім мәтінді оқиды. Топтық жұмыс ұйымдастырылады. Бірде жұмысшы шортан ұстап алды. Жұмысшы шортанды үйіне алып келді. Шортанның түсі суық екен. Әйелі балықты тазалады. Балықтың ішінен қол сағат шықты. Жұмысшы сағатты бұрады. Сағаттың тілі жүріп кетті. «Балдырған» журналынан Оқушылар топта мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын анықтайды. Тура мағыналы сөздермен алмастырып, ойларымен бөліседі. Бағалау дескрипторы: мәтіннің негізгі ойын анықтайды; сөздің тура және ауыспалы мағынасын анықтайды; сұраққа түрлі болжамдар жасап, дәлелдейді. |