Мотивациялық- қозғаушылық | Шаттық шеңбері: «Қайырлы таң!» – Мен радионы мұқият тыңдадым. Дикторлар біздің қаламыздың тұрғындары арасында демалыс күндері ешқандай келiспеушiлiк, өкпе-ренiш болған жоқ деп айтты. Қуанғаным соншалық, маған күн бұрынғыдан да бетер жарқырай түскендей болды. Сондықтан бүгінгі таңды «Қайырлы таң» деп атауға болады. Қайырлы таң, құсқа , аңға да, Қайырлы таң, жайдары жанға да. Қайырлы таң алға ассын, Кешке дейін жалғассын! Есік қағылып Айжан қуыршақ келгенін, өзімен қоржын ала келгенін хабарлайды. | Тәрбиешінін артынан қайталайды ,жаттап алады. Үстел жағалай отырады. Қуанады. |
Іздену - ұйымдастырушылық | Айжан қуыршақ әкелген қоржыннан жұмбақ алып шешуін табуларын сұрайды. 1. Кезікті бір жануар Үстінде екі тауы бар Ол не? 2. Кішкені ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар 3. Төрт таяғы бар, Басында екі таяғы бар Тақтаға назар аударуларын, суреттегі төрт түлік малды атауларын, олардың пайдасы туралы айтуларын сұрайды. Сергіту сәті: Құлыншағым, құндызым, Құлдырайды шабады. Жылтылдаған жұлдызым Құстай қанат қағады. Сөздік жұмыс: үй жануары- домашние животные - home animals,сиыр – корова - cow,түйе – верблюд - camel , ешкі – коза - goat , жылқы – лошадь - horse,қой – баран - ram Қоржында бір тапсырма бер екенін хабарлайды Дидактикалық ойын: «Төлін тауып бер» Шығармашылық сәт Балаларға ермексаздан құрт жасауды ұсыну. | Жұмбақтың шешуін табады, айтады Қарайды -Сиыр,Түйе,Жылқы, Қой,Ешкі -Сиыр сүт береді, Сүттен қаймақ, май, құрт жасайды -Қой мен ешкінің жүнінен жіп иіріп, киімдер тоқиды. Қимылдарын жасап сергіп алады. Сөздерді қайталайды. Мұқият тыңдайды Жануарларды өз төлдерімен қосады Балалар ермексаздан әр түрлі пішінді құрт жасайды. |
Рефлексивті– түзетушілік | Қорытындылау: - Үй жануарларын атаңдар. - Төлдерді атаңдар. - Қандай пайдасы бар? - Қуыршақ әкелген тапсырмалар ұнады ма? Қуыршақ Айжан риза болғанын, сыйлығы бар екенін хабарлайды. Бауырсақ таратады. | - Сиыр, қой, түйе, т.б. - Қозы, бота, лақ, т.б. - Сүт береді, жүнінен киім тоқиды. - Иә ұнады Қуана қоштасады |